Сабақтың ортасы
|
(МК, Ұ) «Дефиниция» әдісі бойынша
жаңа сөздерді меңгерту (сөздер және сол сөздерге жазылған анықтаманы сәйкестендіру)
өс, өседі (қимыл арқылы көрсету)
жанды
жансыз
өсімдік
туады, өседі, өледі,тыныс алады, қоректенеді
тумайды, өспейді, өлмейді, тыныс алмайды, қоректенбейді
ауаны тазартады, өседі, әртүрлі болады, қысқа болып өседі, биік болып өседі
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Үлгі:
Ақылды болып өс. Орманда өсімдік көп өседі.
Жанды табиғат. Өсімдік жанды табиғатқа жатады.
Жансыз табиғат. Тау жансыз табиғатқа жатады.
Өсімдіктің түрі. Өсімдіктің түрі көп.
(Ұ) Тыңдалым.
Әлібек атасымен баққа барды. Олар ағаштарға, гүлдерге су құйды.
Атасы Әлібекке:
- Табиғатты қорғау керек, -деді.
-Ата, табиғат деген не?- деп сұрады Әлібек.
- Балам,табиғат – бізді қоршаған орта. Біз суды, тамақты, қажет заттарды осы табиғаттан аламыз. Табиғат жанды және жансыз болады,-деді атасы.
-Ата, мен түсінбедім,-деп таңқалды Әлібек.
-Жанды табиғат су ішеді, қоректенеді. Олар: жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, балықтар. Адам да табиғаттың бір бөлшегі-деп түсіндірді атасы.
Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою:
«Табиғат» деген не?
Табиғатты қорғау керек пе?Неге?
Сен табиғатты қалай қорғайсың?
(Ө) Тыңдалым мәтіні
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтін бойынша сұрақтар тақтаға алдын-ала жазылады. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды.
Әлібек кіммен сөйлесті?
Олар не туралы сөйлесті?
«Табиғат» деген не?
Табиғат қандай болады?
Содан кейін мәтін бойынша төрт сұрақты жеке қағаздарға жазып, қоржынға немесе сандықшаға салу. Төрт оқушы қоржыннан сұрақ алып, сол сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
(Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Айтылым.
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
Тірек сөздер:
Әлібек, ата, сөйлесті, табиғат, жанды, қоршаған орта, жансыз
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
Сөйлем құрылымын сақтайды.
Кері байланыс
|