Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. «Балалар энциклопедиясынан» («Балалар энциклопедиясы»,
3-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-103 бет) судың пайдасына қатысты мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдайды.
... Су — табиғатта ең көп таралған құбылыс. Бүкіл гидросфера судан тұрады. Судың тіршілік үшін маңызы зор. Су– иіссіз, дәмсіз, түссіз сұйықтық. Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі...
Бағалау критерийімен таныстырады. 2 минут
Оқылымалды тапсырмасы 3 минут
Мұғалім слайдтан су тапшылығы мәселесіне қатысты оқушыларды жұпқа бөлуде қолданған суреттерді көрсетеді. Әр жұп өздеріне тиісті сурет туралы пікірлерін айтады. Алдыңғы сабақтардағы мәтіндермен байланыстырады. (Суреттер таныстырылымда)
Оқылым мәтіні
Халықаралық зерттеушілер 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызына тұщы су жетіспеушілігі болатынын айтады.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деген сөзі қауіп-қатердің мәнін байқатады. Ұйымның Бас хатшысы бекер алаңдамайды. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де дәлелдей түседі. БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы келетін тазартылған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Әсіресе Африка мен Қытай елдерінде қатты білінетін болады. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға көше бастайды екен. 2025 жылы әлемдік нарықта су экспорты халықаралық бизнеске жол ашады. Ғаламшардағы су тапшылығы мәселесі суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға әкеледі . Ауыз судың бағасы мұнай бағасынан да бірнеше есе қымбат болады. Бұл болашақта күрделі мәселеге айналып, ауызсу үшін болатын соғыстарға әкелуі мүмкін.
Оқылым тапсырмасы. 7 минут
Әр оқушы мәтінді оқу барысында мәселе көтерілген сөйлемдердің астын сызып отырады. Топта өзара анықтаған сөйлемдерін салыстырып, толықтырады. Мұғалімнің көмегімен оқушылардың жауаптары толықтырылады, мәтіндегі мәселе кездесетін сөйлемдер айқындалады.
Тақтада кластер арқылы мәселелерді толтыруға болады.
Мәселелер
Тұшы су жетіспеушілігі су үшін соғыс
Су экспорты судың бағасы
Оқылымнан кейінгі тапсырма 8 минут
Әр жұп өздеріне тиісті мәселенің шешу жолдарын постерге түсіреді.
1-2топ
|
Ауыз су жетіспеушілігін қалай шешуге болады?
|
3-4-топ
|
Суды қалай үнемдеуге болады?
|
5-6-топ
|
Су үшін соғысты қалай болдырмауға болады?
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтан- дыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы
1,3,5-топтар, 2,4,6-топтар бірге топтасады. Әр топ өз постерлерін өзге топтарға қорғайды. Әр топқа 2 минуттан уақыт беріледі. 6-7 минут
Бағалау
Топтар әр топты тыңдап болғаннан кейін, бағалау парағына бағалау критерийі мен дескрипторлар бойынша өзара бағалайды.
Топ
|
Бағалау критерийлері
|
|
Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді.
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолданады.
|
|
|
Кері байланыс. 5 минут
Мәселеге қатысты өз пікірімді топқа ұсындым ба?
Қай топтың жұмысы ұнады?
Қандай маңызды ақпарат алдым?
|