Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. Өнер
Күні:
Сынып: 3
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Мұхтар Әуезов музейі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
3.2.2.1 қате құрылған сөйлем/ тірек сөздер негізінде 3-4 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Мұтар Әуезов туралы таныстыру
Көптеген оқушылар: тірек сөздер негізінде 3-4 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.
Кейбір оқушылар: тірек сөздер негізінде 3-4 сөйлемнен тұратын жүйелі сөз сөйлейді.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар: өз ойларын еркін жеткізе біледі
Негізгі сөздер мен тіркестер: жаңа сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдермен жұмыс жасайды
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тыңдалым: тақырып бойынша қандай проблемалар туындауы мүмкін, шешу жолдары
Жазылым бойынша ұсыныстар: дұрыс жазуға дағдыландыру .
|
Тілдік мақсаттар
|
Ойлап табу, көңілді, мұңды, нәзік, дауласу, қосу, әлем, әйгілі
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет
|
Пәнаралық байланыстар
|
дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация
|
Бастапқы білім
|
Сөздерді септік жалғаулары бойынша түрлендіре алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
(Ұ)Қызығушылықты ояту. «Кім тапқыр?» ойыны. Оқушылар жылдам берілген сұрақ бойынша сөзді түрлендіріп айтады, сөйлем құрастырады.
Кімнің? Құрманғазы
Ненің? шығарма
Кімге? сазгер
Неге? аспап
Кімді? күйші
Нені? домбыра
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы
7 мин
13 мин
2 мин
10 минут
|
(МК, Ұ) әтінді оқу талдау
Мәтінмен жұмыс:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Әуезов пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.
Бағалау критерийі:
тыңдаған мәтінді мазмұндайды;
мазмұндау барысында тірек сөздерді орынды қолданады;
сөздерді дұрыс айтады.
|