Күзгі орманның көріністері
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Күзгі орманның көріністері
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Күзгі орманның көріністері туралы түсінік
бере отырып, аңдардың қысқа дайындығы, өзгерісі туралы
әңгімелеу, әңгімені мәнерлеп, қатесіз оқу. Әңгіме мазмұнын
түсіну, оқушылардың білім,білік дағдырларын қалыптастыру.
Күз туралы алған білімдерін пысықтай, салыстыра отырып,
тақырып мазмұнын ашу.
ә) Дамытушылық: Ой-өрістерін, дүниетанымдарын кеңейту,
есте сақтау қабілеттерін дамыту, Тапсырмаларды орындау
арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей
алуын,өз ойларын айтып отырып қорытынды
шығаруға машықтандыру.
б) Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, табиғатты аялауға
тәрбиелеу, Күзгі табиғат көрінісін баяндау арқылы
оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.Күзгі
табиғатты мейірімділікпен қарауға ізденімпаздыққа,
шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлең құрастыру,
сурет салу, жұмбақ шешу, согикалық ойлауға дағдыландыру
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың
формасы: топтық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. – Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасап алайық!
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге
2. Психологиялық дайындық
- Балалар, мен сендерге түрлі жапырақтар әкелдім. Кәне, кім қандай түсін таңдайды екен? Қазір мен қандай түсін көрсетсем сол түсті ұнатқандарың алдарыңдағы жапырақтарды көтере қойыңдар.
- Сендердің жапырақтардың түсін таңдауларыңа қарап сабаққа деген көңіл-күйлеріңді байқадым. Сабақ барысында әртүрлі тапсырмалар орындаймыз. Мүмкін, содан кейін көңіл-күйлерің көтерілер.
- Балалар, мен сендерге мынадай бағалау қағаздарын беремін. Топ басшысы сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды белгілеп отырады.
3. Үй жұмысын тексеру
- Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
- «Күздің кереметі» әңгімесін оқып, мазмұнын айту, Омар атаның бақшасында кездесетін кереметтерді іздестіріп келу.
4. Балалардан үй тапсырмасын сұрау.
5. Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Осы сабақты қорытындылау келе қандай мақалды еске алуға болады?
1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Күздің бір күні – қыстың бір айы.
- Сонымен балалар, күз дегеніміз не?
Бұның бәрі күз мезгілінде болатын өзгерістер.
6. Релаксация.
Балалардың көзін жұмғызып, музыка қою.
- Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап өздеріңді орманда жүргендей сезініңдер. Құстың шықылықтаған дауысы құлағымызға жағып, салқын жел денемізді тоңазытқандай болады. Ағаштың арасынан бірнәрсе жүгіріп бара жатқандай (көздерін ашу)
- Өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?
- Күзде орманда қандай өзгерістер болатындарын білгілерің келе ме?
ІІ. Жаңа сабақ
- Бүгін біз Елемес Салықов ағаларыңның «Күзгі орманның көріністері» деп аталатын әңгімесін өтеміз.
- 1962 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында дүниеге келген
- Мамандығы – журналист
- Жазушы, ақын
Оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқып беріп, бөлімге бөлу:
І бөлім: Күзгі орман
ІІ бөлім: Тиіннің еңбектенуі
ІІІ бөлім: Борсық пен қоянның қысқа дайындығы (тақтаға жазу)
- Балалар, күзгі орманнан тағы не көрдіңдер?
(Мәтінді әрі қарай жалғастыру)
Балаларға оқыту
Тиін туралы мәлімет
Тиін – әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, жаңғақ, саңырауқұлақ, шөптесін өсімдіктерді қорек ететін, ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алатын шапшаң жануар. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі.
Борсық туралы мәлімет
Борсық – дене түрқы 75 см. асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.Борсық – өте таза жануар. Олардың індері үш ауызды болады. Борсықтар қыста ұйқыға кетеді. Бірақ, қыстың жылымық күндерінде оянып інінен шығатын кездері де болады. Борсықтың терісі мен майын ем үшін қолданады.
Қоян туралы мәлімет
Қоян – қоянтәрізділер отрядына жатады. Денесінің ұзындығы 50-70 см, салмағы 4-6 кг. Артқы аяғы алдыңғысына қарағанда ұзынырақ, сондықтан секіріп жүгіреді. Жылдамдығы – сағатына 70 км. Аналығы жылына екі рет, 6 көжектен әкеледі. Қояндар 12 жылдай өмір сүреді
Сергіту сәті: «Дыбыстарды ажырата білеміз бе?» (музыка қосылады)
Балаларды 3 топқа бөліп тапсырма беру:
1-тапсырма: 1-топ Тиінді сипаттау
2-топ Қоянды сипаттау
3-топ Борсықты сипаттау
2-тапсырма: 1-топ Күз туралы төрт шумақ өлең шығару
2-топ Күз мезгілі туралы әңгіме жазу
3-топ Ойша күз туралы сурет салу
3-тапсырма: 1-топ Тірек сөздер арқылы мақал құрастыру
2-топ Қиылған сөздерден мақал құрастыру
3-топ Жұмбақ шешімін табу, суретке қарап жұмбақ құрастыру
Дидактикалық ойын: «Жануарлар немен қоректенеді?»
Сөзжұмбақ шешу: «Күзгі орман»
Қорытындылау:
- Балалар, біз тиынның нені жақсы көретіндерін білдік. Тиін бізге емен жаңғағын қояннан сыйлыққа беріп жіберіпті, тілек те жазылған екен.
- Бүгін қандай тақырып өттік?
- Неге тақырып «Күзгі орманның көріністері» деп аталады?
- Сабақта не істедік?
- Сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?
Жапырақты көтеру.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Үйден «Күзгі орман» сөзжұмбағындағы жануарлар туралы жұмбақ құрастыру;
2. «Орман – біздің байлығымыз» тақырыбына әңгіме жазу;
3. «Күзгі орман көріністері» әңгімесін оқып, мазмұнын айту( 151 рет оқылды.)
Достарыңызбен бөлісу: |