Сабақтың тақырыбы: Лексиканы қайталау (Модульдік оқыту технологиясы)



бет1/11
Дата09.06.2020
өлшемі128,5 Kb.
#72798
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
00017914-b96e8736


Сабақтың тақырыбы: Лексиканы қайталау (Модульдік оқыту технологиясы)
Мақсаты:
Білімділік: Лексикадан алған білімдерін сұрақ, жаттығу, тапсырмалар арқылы тексеру.
Тәрбиелік: Тіл мәдениетін үйрету.
Дамытушылық: шапшаң ойлау, ұтқыр жауап беруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, сөзжұмбақ, ребус, бейнетаспа.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөлу.
І топ «Омонимдер»
ІІ топ «Синонимдер»
ІІІ топ «Антонимдер»
ІІ. Сайысты жүргізу.
1-сайыс: «Үндемес ойыны»
Әр топқа тақырып бойынша мысал жазу тапсырмасы беріледі. Бір сөзге 1 ұпай беріледі.
«Омонимдер» тобына- сөздің тура мағынасына сөздер жазу.
«Синонимдер» тобына-ауыспалы мағынадағы сөздер жазу.
«Антонимдер» тобына- көп мағыналы сөздер жазу.
2-сайыс: «Ойыңды сен жинақта,
Ой толғауды аяқта»
Үш топқа да бір тапсырма беріледі, бұл тапсырманы топ болып орындайды. Бір оқушы шығып тапсырманы оқиды.
Астана туралы бейнетаспадан үзінді көрсетіледі. Астана туралы ой толғаймыз. Астана туралы ойларыңды жаза отырып, лексика тарауы бойынша өткен антоним, синоним, омоним, мақал-мәтел сөздерді қатыстыруларың керек.
3-сайыс: «Ойлан тап»
Үйде дайындап әкелген сөзжұмбақтар мен ребустарды әр топтан бір оқушы шығып шешеді.
4-сайыс: «Интерактивті тапсырма»
Электрондық оқулық арқылы үш топқа интерактивті тапсырмалар беріп, білімдерін тексеру.
5-сайыс: Сурет бойынша қысқаша әңгіме айту. (Топ басшылары орындайды). Қалған оқушылар әңгімелерді дәптерге жазады.
ІІІ. Қорытынды. Әр топтың ұпайы есептеледі. Жеңімпаз топ пен белсенді оқушылар анықталып, марапатталады.
ІY. Бағалау.
Y. Үй тапсырмасы: тест сұрақтарына дайындалу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет