Сабақтың тақырыбы: Лексиканы қайталау (Модульдік оқыту технологиясы)



бет8/11
Дата09.06.2020
өлшемі128,5 Kb.
#72798
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
00017914-b96e8736

“Аузы қисық болса да,”


Бай баласы сөйлесін!-  Үзіндіден мақалды тап.

4. Ұлы Еділдің бойында,Жүзіп  жүрген нән балық.  Үзіндіден диалект сөзді тауып, әдеби тілдегі баламасын тап.



 

IV. Бейсенбі күні: “Өзіндік жұмыс”

 

Сонымен, балалар, мен “Мұрагер” тобына: “Лексика” атты  үйді, ал,  “Мирас” тобына: “Тұрақты тіркес” атты үйді беремін. Егерде сіздер Лексиканың немесе Тұрақты тіркестің барлық қасиетін таба алсаңыздар, екі  топта үйді дұрыс құрай аласыздар.



V. Жұма күні: “Топ басшылар сайысы”

 

Бұл сайыс барысында топ басшылары шығармашылықпен айналысады. “Мұрагер” тобының топ басшысына: “Көп қорқытады, терең батырады”,  “Мирас” тобының топ басшысына: “Көп түкірсе, көл болады” деген мақалдар беріліп, осы бойынша тіл дамыту жұмысы жүргізіледі. Жұмыстың негізгі мақсаты осы берілген мақалдың шығу тегін анықтау.

 

VI. Сенбі күні: “Қонақ кәде”

 

Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Онда келген қонаққа сый ретінде  ауылдың алты ауызы айтылып, келген қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалады.

Естеріңде болса, мен өткен сабақтарда ішінде антоним кездесетін жұмбақтар жазып алып келуді тапсырғанмын. Екі топ бір- біріне қонаққа барып, сол бойынша дайындаған 5 жұмбақтарыңызды жасырып, қонақ кәде жасайсыздар.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет