«Ассоциация» стратегиясы (ауызша сұрақтар)
“Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап” –Күнтізбе неше бөлікке бөлінген? (12-ге). –Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір). – Бір ай бір жылдың неше бөлігін құрайды? 1/12. – Көктем айлары қандай бөлікті құрайды?
Математикада бұны қалай жазуға болады: 3/12.
Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды?
Демалыс күндерін үлес арқылы қалай жазамыз?
Үлес деген не?
Жартысы деген сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады?
Ширек бөлігі басқаша қалай атауға болады?
Қызанақты өзіңе және үш досыңа қалай бөлер едің? (4 бөлікке бөлемін).
ҚБ: "Смайликтер"арқылы бағалау Семантикалық картамен жұмыс
№
Тапсырма
3/4
3/5
1/2
2/8
1
Шеңберді бес бірдей бөлікке бөлді. Шеңбердің үш бөлігін қалай белгілейміз?
+
2
Алманың тең жартысын қалай белгілейміз?
+
3
Тәтті нанды бірдей 8 бөлікке бөлді. Тәтті нанның екі бөлігін қалай белгілейміз?
+
4
Жолақшаны бірдей 4 бөлікке бөлді. Жолақшаның 3 бөлігін қалай белгілейміз.
+
ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен бағалау
Топтық жұмыс. Бұл тапсырманы білім алушылар топпен орындайды. Берілген бірнеше фишканы алып, күнтізбеде бірнеше қатарды жабады. Келесі топтан шығып үлес түрінде атайды, мысалы 3/12, 5/12. Алдымен жабылған күндерді, содан соң қалған күндерді айтады.
Есептеп шығар. 1 қауын тең 10 бөлікке бөлінді. Осы бөліктердің 1,3,6,8,9 бөліктерін жазыңдар және оқыңдар. Сабақтың 15 минутында өзіндік жұмыс болды. Сабақ уақыты 45 минут болса, өзіндік жұмыс сабақтың қандай бөлігі? Компьютерде теруші 1 сағатта шығарманың 1/6 бөлігін терді. Ол шығарманы неше сағатта теріп болады? Жарысқа қатысқан оқушылардан 4 оқушы жеңімпаз болды. Бұл барлық жарысқа қатысқан оқушылардың 1/5 бөлігі. Жарысқа неше оқушы қатысты? Оқушы кітапты 7 күнде оқып болды. Ол 2күнде, 4 күнде , 5 күнде кітаптың қандай бөлігін оқиды? Гүл шоғында 3 қалампыр гүлі, 9 раушан гүлі, 12 жасмин гүлі бар. Гүл шоғының қандай бөлігі раушан гүлі? Оқулықта 60 бет бар. Оқушы оның үштен бірін оқыды. Оқушы неше бет оқыды? Лентаның төрттен бір бөлігі 8 метр. Лентаның барлық ұзындығы неше метр? Аю бір жылдың 1/3 бөлігін ұйқымен өткізді. Сонда аю неше ай ұйқыда болды? Жәшіктегі алманың төрттен бір бөлігі 4кг тартады.Толы жәшікте қанша кг алма бар?