Сабақтың тақырыбы Литосфераның тектоникалық қозғалысы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,94 Kb.
#85912
түріСабақ
1   2
Байланысты:
7кл 19.10.20ж

Тапсырмалар
1-тапсырма: Литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын анықтайды. (дрейф, субдукция, коллизия, спрединг).




қозғалыс түрлері

салдары

субдукция







коллизия







спрединг







дрейф







Дескриптор: Литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын анықтайды

Тектоникалық қозғалыстар – жер қойнауындағы әр түрлі процестердің әсерінен болатын механикалық қозғалыстар жиынтығы. Бұл қозғалыстардың басты себебіне жер қойнауынан бөлінетін жылу ағымдары мен ғаламшар болмысына тән гравитациялық энергия.
Тектоникалық қозғалыстар бағыт-бағдарына қарай жер қыртысы мен бүтін литосферадағы геологиялық құрылымдардың пайда болу, даму және тұрақтану процестерінде шешуші рөл атқаратын тік және көлбеу бағытталған болып екі түрге бөлінеді. Сол себепті Тектоникалық қозғалыстардың жіктелуі осы қозғалыстардың геологиялық құрылымдарды өзгертудегі рөлі тұрғысынан жасалады.
Құрлықтар дрейфі – тұтас құрлықтардың немесе олардың ірі бөліктерінің көлбеу бағытта мыңдаған км жылжуымен сипатталатын тектоникалық қозғалыстартар. Мұны астеносфера аймағындағы жылу ағымдары тудырады;
Мұхит түбінің спредингі – мұхит түбі литосферасының үнемі көлбеу бағытта жылжып, оны базальт жабынымен жаппай көмкеретін тектоникалық қозғалыстар;
Субдукция – көлбеу бағытта жылжыған жұқа мұхиттық литосфераның оған қарсы бағытта жылжыған немесе тыныштықта тұрған қалың құр-лықтық литосфераның астына 60 еңістік бойымен сұғынып кететін тектоникалық қозғалыстар;
Коллизия – бір-біріне қарсы жылжыған екі құрлықтың соқтығысуы нәтижесінде тау жүйелері мен таулы белдемдердің қалыптасуын қамтамасыз ететін тектоникалық қозғалыстар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет