Қазақ тілі орыс сыныбында 9 сынып
Сабақтың тақырыбы
|
Ұлттық киім
|
Мақсаты
|
Құрмалас сөйлем туралы түсінікті қайталай отырып, ұлттық киім туралы түсініктерін кеңейту; диалог арқылы тіл байлығы мен сөздік қорын молайту.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Құрмалас сөйлем туралы түсініктері қалыптасады, ұлттық киім туралы кеңірек біледі, сөздік қоры молаяды, танымдық қабілеті дамиды, қызығушылығы артады.
|
Керекті жабдықтар
|
Интерактивтік тақта, ұлттық киімдердің суреттері, флипчарт, видеороликтер
|
Сабақ әдісі:
Үй тапсырмасын тексеруде оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету, сауалнама жүргізу, интервью алу. Жаңа сабақ түсіндіруде диалогтық әңгімені қолдану. Сұрақ- жауап , зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, сөйлемдерге синтаксистік талдау, сөздерге морфологиялық талдау жасау, мәліметтерді өзара бөлісу және түсіндіру. Бекітуде сыни ойлау сұрақтары, зерттеушілік әңгіме, өз идеяларын жеткізу, ұсыныс пен жұлдызша айту.
|
Кіріспе
Топқа бөліну. Жайлы психологиялық ахуал орнату. Оқушылар бір-біріне есімдерінің басқы әріпінен басталатын жақсы тілек айтады.
І Тұсаукесер Сұрақ- жауап
Кеше қандай мерекені атап өттік?
Қазақстан халықтары бірлігі мерекесі.
Халықтарды бір-бірінен қалай айырамыз?
Салт-дәстүрлері, киген киімдері, ұлттық тағамдары арқылы.
Бүгінгі сабақта не туралы сөйлесеміз?
Оқушылар сабақтың мақсатын өздері айтуы тиіс. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап отырады. Бағалау парағы үлестіріледі.
ІІ Негізгі бөлім
- Диалогтік әңгіменің қандай түрлері болады? Олар қалай ажыратылады?
Топтық әңгіме - жай пікірлесу, әркімнің пікірі тыңдалады, бірақ бағаланбауы мүмкін. Дебатта әркім өз пікірін дәлелдейді, ортақ шешім болмауы мүмкін. Зерттеушілік әңгімеде ортақ проблема болады, ұжымдық пікір қалыптасады.
Тіл дамыту тапсырмалары. «Қазіргі уақыт және ұлттық киім» деген ортақ тақырып бойынша әр топ әңгіме түрлерінің үлгісін көрсетеді.
1 – топ Топтық әңгіме
2 – топ Зерттеушілік әңгіме
3 – топ Дебат
Әңгіме түрлері тыңдалып болғасын, топ мүшелері өзара бір-бірінің орындаған тапсырмасына жұлдызша, ұсыныс айтады, пікірін дәлелдейді. Қажет жерде мұғалім ынталандырып, толықтырады.
Грамматикалық тапсырмалар
1-топ «Дәстүрі, хабар береді» сөздеріне синоним тауып, осы сөздермен сөйлем құрастырады.
2-топ «Ұлттық киім халқымыздың дәстүрі туралы хабар береді және ол тарихымыздың бір бөлігі» деген сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.
3-топ «Ұлттық, киім» деген сөздерге морфологиялық талдау жасайды.
Тапсырма орындалып болғасын әр топ бірін-бірі тексереді, бағалау парағын толтырып отырады.
Лексикалық тапсырмалар
1-топ «Тігін ательесінің меңгерушісі болсам» деген тақырыпқа шағын мәтін құрастырады, өз ойларымен бөліседі. Айтқан ойларының дәлелді болуына назар аударылады.
2-топ Қазіргі уақытқа лайықталған киім үлгілерін көрсету, түсіндіру, қорғау. Презентация тақырыбы алдын ала беріледі. Таныстыратын оқушының сөз байлығы, сөйлем құрастыру мәнері ескеріледі.
3-топ Киім туралы 1 салалас, 1 сабақтас сөйлем құрастырып жазуы қажет. Құрастырған сөйлемнің мағыналық жағына көңіл аударылады.
- Блум таксономиясы бойынша сұрақтардың қандай деңгейлері бар?
Лексикалық тапсырманы орындауды бағалау үшін бағалау критерийларын толтыру (Бұл сабақта дайын критерийлар үлестірілді)
Критерий
|
Рубрикатор(Жетістік деңгейі)
|
Дескриптор(Оқушының деңгейі)
|
Дескриптор(Оқушының деңгейі)
|
Дескриптор(Оқушының деңгейі)
|
Максималды ұпайы
|
3 топ
|
2 топ
|
1 топ
|
А
Білу және түсіну
|
0
|
Мәтін құрастыра білмейді.
|
Ұлттық киімнен хабарлары жоқ.
|
Ережеден хабарлары жоқ.
|
|
1-2
|
Синтаксистік тұрғыдан қателер бар.
|
Эстетикалық жағынан көркемделмеген.
|
Сөйлем құрмалас емес.
|
3-4
|
Мағынасы толық ашылмады.
|
Тек бір киім түрі көрсетілген.
|
Мағынасы толық ашылмаған.
|
5
|
Берілген тақырыптың мазмұнын түсініп құрастырған.
|
Киімдердің барлық үлгілері бар., жақсы безендірілген.
|
Мағынасы тақырыпқа сәйкес, құрылымы дұрыс.
|
Б
Қолдану,талдау,жинақтау.
|
0
|
Құрмалас сөйлемдерді қолданбады.
|
Ұлттық нақыштар жоқ.
|
Құрмалас сөйлем үлгісін көрсете алмады.
|
|
1-2
|
Мәтін өте қарапайым , өмірмен байланысы жоқ.
|
Қазіргі заманға лайық емес.
|
Ойлары шашыраңқы.
|
3-4
|
Мәтін баяндау бағытында құрылған.
|
Ою-өрнектерді қазіргі киім үлгілеріне сай қолданды.
|
Мағынасы бар, бірақ талдау дұрыс болмады.
|
5
|
Әңгіме құрастырғанда күнделікті өмірмен байланыстырды, синтаксистік құрылымы дұрыс.
|
Салған киім үлгілерін қазіргі уақытта киюге болады.
|
Сөйлемнің тәрбиелік мәні болды, синтаксистік құрылымы дұрыс.
|
Әр топтан 1-2 оқушы қойған бағаларын түсіндіреді, дәлелдейді.
ІІІ Қорытынды
Бекіту, қорытындылау, бағалау
Оқушылар сабақта грамматикалық және лексикалық тақырыптар бойынша не туралы сөйлескендерін өз сөздерімен қорытындылайды, бір-бірін бағалайды, сабақтың өтілу барысында неге үйренгендері туралы айтады. Рефлексия.
Мұғалім оқушылардың сөздерінен кейін сабақты тәрбиелік мақсатта қорытындылайды. Сабақ барысындағы оқушылардың жауаптарын, сабаққа қатысу белсенділіктерін атап өтеді, ынталандырады, бағаны түсіндірумен қояды, соңғы бағаны қоярда оқушылардың пікірін ескереді.
Қосымша тапсырма Бір оқушыға алдын ала берілген тақырыпқа оқушыларға сауалнама жүргізу тапсырылған болатын. .
«Ұлттық киімді қазір киюге бола ма?» деген тақырыпқа оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, оның нәтижесін пайыздық қатынаста диаграммамен көрсету
Оқушылардан төмендегі сұрақтарға интервью алу және оның ролигін тамашалау.
Қазіргі уақытта ұлттық киім киіп жүруге қалай қарайсың?
Ұлттық киім тек үлкен адамдарға ғана үйлесе ме?
Өзің қазіргі заманға лайықталған киім үлгілерін киер ме едің?
Ұлттық киімімізді тек мерекеде киіп шығу дұрыс па?
Сабақтың өзіндік талдауы
Сабақ 3 бөлімнен тұрды. Жаңа формат стратегияларына сай, оқушылардың өз ойларын еркін білдіріп, пікірлерін дәлелдей білуге, өзін және өзгелерді бағалауға, өз беттерінше және бір-бірін оқытуға көңіл бөлінді. Оқушылар бір-біріне жұлдызша (жақсы пікір) және ұсыныс (әлі де жақсы жауап беруге ынталандыру) айтты. Сабақ барысындағы тапсырмаларды жаңа формат стратегияларын қолдану арқылы құрастыруға тырыстым. Орыс сыныбында грамматикалық және лексикалық тақырып бірге жүреді, яғни оқушының сауаттылығын арттыру мен ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Соның ішінде берілген сұрақты түсініп, оған жауап қайыруға, өз ойын жеткізе білуге, қазақша сөйлей білу машықтарын жаттықтыруға баса назар аударылады.
Жайлы психологиялық ахуал орнату мақсатында оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты. Ынтымақтастық атмосферасы амандасудан бастап қалыптасқаннан кейін сабақтың келесі кезеңіне өттік.
Тұсаукесерде түрткі сұрақтарды қою арқылы сабақтың тақырыбын оқушылармен бірігіп шығаруға және сабақтың мақсатын олардың өздеріне айтқызуға талпынып көрдім. Бағыттаушы сұрақтар көмегі арқылы оқушылар бұл тапсырманы орындап шықты. Қойылған сұрақтар сабақтың мақсатын өздері айтуға негіз болды.
Бағалау критерийларын оқушылармен бірігіп талқылағаннан кейін , сабақтың әр бөлімінде өздерінің және өзгелердің сабақтағы белсенділігі мен материалды меңгергенін бағалау парағына түсіріп отыратын болды.
Негізгі бөлімде әңгіме түрлері және оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болатыны анықталып алынды. Тіл дамыту тапсырмалары бойынша «Қазіргі уақыт және ұлттық киім» деген ортақ тақырыпқа әр топ әңгіме түрлерінің үлгісін көрсетті. Топтық және дебат үлгісін көрсеткен топтардың әңгімелері сәтті шықты, бірақ көбіне топ белсенділері сөйлеп, қалған оқушыларды әңгімеге тартып отырды, әркім өз ойын дәлелдеуге тырысты. Зерттеушілік әңгіме үлгісін көрсеткен топтың келтірген дәлелдері солғындау болды. Өз ойларын білдіруде көбі қазақша сөйлеуден қиналды. Өзім қажет жерде жауаптарын толықтырып, дұрыс жауапқа бағыт беріп тұрдым. Әңгіме түрлері тыңдалып болғасын, топ мүшелері өзара бір-бірінің орындаған тапсырмасына жұлдызша, ұсыныс айтты, пікірін дәлелдеді. Ұсыныс айту кезінде қарсы топтардың айтылған ұсыныстармен келіспеген тұстары болды.Сонымен қатар, бір-бірінің жақсы жақтарын да байқаған. Формативті бағалау стратегиясы қолданылды.
Грамматикалық тақырып оларға 8- сыныптан таныс болатын. 9- сыныпта соны бекітіп, еске түсіріп, қайталауға берген. Сондықтан бұрыннан хабары бар оқушыларға әрі қарай алып кету көп қиындық туғызбады. Грамматикалық тапсырмалар:
1-топ «Дәстүрі, хабар береді» сөздеріне синоним тауып, осы сөздермен сөйлем құрастырады.
2-топ «Ұлттық киім халқымыздың дәстүрі туралы хабар береді және ол тарихымыздың бір бөлігі» деген сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.
3-топ «Ұлттық, киім» деген сөздерге морфологиялық талдау жасайды.
Тапсырманы орындау барысында топтың әр мүшесі өз деңгейінде топтың жұмысына қатысып отырды. Бұнда да талантты оқушылардың деңгейі орташа оқушыларға жетекшілік ететіні байқалды. Грамматикалық тапсырмалардың әр түрлі болғандығы өзара оқыту және өткен материалды бірігіп қайталап шығу тиімділігін көрсетті. Тапсырма орындалып болғасын әр топ бірін-бірі тексерді, бағалау парағын толтырды.
Келесі бөлімде тіл дамытуға арналған лексикалық тапсырмалар болды.
1-топ «Тігін ательесінің меңгерушісі болсам» деген тақырыпқа шағын мәтін құрастырды. Оқушылар егер өздерінде сондай мүмкіндік болып жатса, қандай бағытта жұмыс жасайтындарын айтты. Әңгіме барысында киімдерінде ұлттық нақышқа лайықталған үлгілер көбірек болуы және қазіргі заман талабына сай болу керек екенін ескерттім. Айтқан ойларының дәлелді болуына назар аударылды. Оқушылар мектеп формаларын, офистік киім үлгілерін, т. б. ұлттық ою-өрнекпен әшекейлейтіндіктерін айтты. Сыни тұрғыдан ойлау модулі қолданылды, проблемалық сұрақтар берілді.Кейбір орыстілді оқушылар мәтін құрастыру барысында қиналды.
2-топ қазіргі уақытқа лайықталған киім үлгілерін көрсету, түсіндіру, қорғауы керек еді. Презентация алдын ала дайындалды. Топ мүшелері суреттерді іздеуге атсалысты да, мәтінді тек 1 оқушы құрастырып, таныстырды. Таныстыратын оқушының сөз байлығы, сөйлем құрастыру мәнері ескерілді. Суреттер өте әдемі және тақырыпқа дұрыс бөлінген.
3-топ киім туралы 1 салалас, 1 сабақтас сөйлем құрастырып жазуы қажет. Құрмалас сөйлем құрастыруға қазақ тілін жақсы меңгерген оқушылар болмаса, қалғандары қиналады. Сондықтан, сөйлемді бір оқушы құрастырып, екіншісі оқыды, үшіншісі аударды.Құрастырған сөйлемнің мағыналық жағына көңіл аударылады. Жазылған сөйлемдер мен құрастырған мәтіндерде өмірмен байланыс болды.
Бұл тапсырманы бағалауда Блум таксономиясы бойынша дайын бағалау парағын толтырды және әр топтан 1 оқушы өзінің қойған бағасын түсіндіріп, дәлелдеді. Бірақ оқушыларға деңгейлерді ажырату қиындық тудырды. Себебі, критериалды бағалауды сабақта көп қолданылмайды және оқушылар да толық меңгеріп кеткен жоқ.
Сабақты оқушылар өздері рефлексиямен қорытындылады, сабақта грамматикалық және лексикалық тақырыптар бойынша не туралы сөйлескендерін өз сөздерімен айтты. Оқушылар көптеген жақсы идеялар келтірді, өз ойларын ортаға салып, дәлелдеді. Айтылған ойларда қоғамдық өмірмен байланыс көрінді. Оқытудағы жас ерекшелігі модулін және оқушылардың көбінің орыстілді екенін ескеретін болсақ, тапсырмаларды тиісті деңгейде орындап шықты.
Өзім оқушылардың сөздерінен кейін сабақты тәрбиелік мақсатта қорытындыладым, ұлттық құндылықтарды құрметтеу керектігін ескерттім, кәсіби бағдар берілді. Сабақ барысында оқушылардың жауаптарын тыңдап, қайта бағыттау сұрақтарын беріп, дұрыс жауап беруге итермелеп, ынталандырып отырдым. Бағалауда сабаққа қатысу белсенділіктерін атап өтіп, қорытынды бағаны қоярда оқушылардың пікірін ескердім. Сабақ туралы өз пікірлерін білдіру оқушыларды өз ойларын еркін білдіруге, өздерін реттеп отыруға, білім деңгейлерінің қандай сатыда тұрғанын өздері бағалай алуға мүмкіндік берді. Өзін және өзара бағалау болды.
Жалпы алғанда сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Үлгерімі орташа не қазақ тілін жетік меңгермеген оқушылар да үлкен қызығушылықпен қатысып, сабақ барысы кезінде жалпы тапсырмаларды орындап отырды, қабілеттерінше жауап беруге тырысты. Талантты оқушылар топтың жұмысын алға бастыру үшін өз жауапкершіліктерін сезініп, барынша белсенділік танытты, өз идеяларын жеткізіп, ойларын дәлелдей білді. Топтар арасында оң бәсекелестік болды.
Қосымша тапсырма ретінде бір оқушыға алдын ала берілген тақырыпқа оқушылар арасында сауалнама жүргізу тапсырылған болатын. Оқушы нәтижені пайыздық бағаммен көрсеткенде және интервью алу барысында ұлттық киім кигісі келетін оқушылардың аз екені байқалды. Бұл тапсырма 10 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Біздің сабағымыздың мақсаты оқушылардың ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге үйрету болатын. Осы сабақтан кейін көп оқушылардың пікірлері өзгереді деп ойлаймын. Олай болса, біздің мақсатымызға жеткеніміз.
Достарыңызбен бөлісу: |