Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов«Шешенің балаларын сүюі»



Дата29.03.2018
өлшемі126,64 Kb.
#39742
түріСабақ



Тасжанова Меруерт Джаксылыковна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов«Шешенің балаларын сүюі»
Сабақтың мақсаты: а) Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының

қыр-сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Оқулықта берілген

өлеңіне жан-жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу;

ә) оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы сын

тұрғысынан ойлауы мен жазуын дамыту;

б) оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, сыйлай білуге



баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойлау мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд материалдары
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасы

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. Мысалдарын жатқа оқу.

1-деңгей

Оқушылық деңгей

Білемін (білім, түсіну)

Т е к с е р у к е з е ң і

Айтыңдар, еске түсіріңдер, жазыңдар, атап беріңдер. Өз ойларыңды айттаыңдар. Өткен сабақта немен таныстық.

2-деңгей

Алгоритмдік деңгей (типтік деңгей)

Білгім келеді (қолдану, талдану)

Қолдану

  1. Ой толғаныс

  2. Тест («5»-тік кімге бұйырады?)

  3. Галерея (сурет салу)

3-деңгей

Эвристикалық деңгей

Анализ Синтез


Б е к і т у к е з е ң і

  1. Зерттеу – ізденіс жұмыстарының қорытындылары (Поэзия минуты)

  2. Міржақып теңеулері

  3. Оқулықпен жұмыс «Шешенің балаларын сүюі

Ойтүрткі, дамыту

4-деңгей

Шығармашылық деңгей

Бағалау (сын, пайымдау) неге олай?Бүгінгі сабақта не білдім?

  1. Эссе, хат, диолог, монолог, өлең

  2. М. Дулатов кім?

  3. Бүгінгі сабақта не білдім?


ІІІ. Өткен сабақты қорыту.

Тест («5»-тік кімге бұйырады?)


  1. А. Байтұрсыновтың: «Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп» деген шерлі сөзінің мәні неде?


А) өмірде жолы болмағасын

В) Анасы өлген соң

С) әкесін 15 жылға Сібірге айдап жібергендіктен

Д) азаттық идеясы үшін

Е) Жазықсыз қамауға алынады


  1. Қай жылы Семей түрмесінде 8 ай қамауда отырады?


А) 1985 жылы жаз айлары

В) 1909 жылы 1 шілде

С) 1910 жылы 21 ақпанда

Д) 1913 жылы 2 ақпанда

Е) 1919 жылы 4 сәуірде


  1. 1909 жылы Петербургте басылып шыққан жинағы қалай аталатындығын табыңыз.


А) «Қырық мысал»

В) «Маса»

С) «Әдебиет танытқыш»

Д) «Жиған-терген»

Е) «Қазақ салты»


  1. 1913 жылы бірнеше рет«Қазақ газетінде» жарияланған А. Байтұрсыновтың көлемді мақаласын табыңыз.


А) «Ұлы ағартушы»

В) «Қазақ зиялыларының көсемі»

С) «Малшы мен маса»

Д) «Ана тілі»

Е) «Қазақтың бас ақыны»
5. «Қырық мысалдағы» бірінші өлең
А) «Шымшық пен көгершін»

В) «Ат пен есек»

С) «Өгіз бен бақа»

Д) «Аққу, Шортан һәм Шаян»

Е) «Малшы мен маса»

6. «Күлме досыңа, келер басыңа» деген мәтелді уағыздайтын мысалын көрсетіңіз.
А) «Екі шыбын»

В)«Шымшық пен көгершін»

С) «Бұлбұл мен есек»

Д) «Маса»

Е) «Егіннің бастары»
7. 1911 жылы Орынборда жарық көрген екінші өлеңдер жинағын табыңыздар.
А) «Әдебиет танытқыш»

В)«Шымшық пен көгершін»

С) «Сөз иесі»

Д) «Маса»

Е) «Қазақ салты»
8. Ахаң «Әдебиет танытқыш» атты кітабын қай жылы шығарды?
А) 1920ж.

В)1924ж.

С) 1916ж.

Д) 1927ж.

Е) 1926ж.
9. «Әдебиет танытқыштың» ең басты бағалылығы
А) әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы

В)әдебиеттегі сын мен даму туралы айтқандығы

С) Әліпбидің жарық көруі

Д) Әдеби теориялық ұғымдардың қалыптасуы

Е) мысал өлеңдердің көбеюі
10. «Ахаң түрлеген ана тілі» деген еңбек кімдікі?
А) С. Сейфуллин

В)Ә. Бөкейханов

С) М. Әуезов

Д) М. Жұмабаев

Е) С. Қирабаев
Галерея шарлау әдісі (сурет салу). Оқушыларға түрлі-түсті қарындаш беріледі Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарынан түйген ойларын қағаз бетіне түсіреді.
ІV. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылық езгіден құтылып,рухани ояуына үлкен үлес қосқан тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханов серіктесі, саяси-қоғам қайраткері,ақын,жазушы,публицист,ағартушы,ұстаз Міржақып Дулатов болды.

V. Жаңа сабақ
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кесте арқылы түсіндіру.



Жылдар

Өмір жолы

Шығармашылығы

1.

1885 ж. 25- қараша

Қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келген




2.

1897-1902 ж.ж.

Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.




3.

1905-1907 ж.ж.

Бала оқытады.

«Серке» газетінде «Жастарға» өлеңі басылады

4.

1909 ж.

Қызылжарда тілмаштық қызмет атқарады.

«Оян, қазақ!» жинағы жарық көреді

5.

1910 ж.

«Қазақ» газетін А.Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады

«Бақытсыз жамал» қазақша тұңғыш роман

6.

1911 ж.маусым

Семейге келгенде тұтқындалып, 19 ай қамауды отырады.

«Азамат», «Тұмар» жинақтары шығады

7.

1913-1918 ж.ж.

«Қазақ» ғазетінде жауапты хатшы қызметін атқарады




8.

1922 ж.

Алаш қозғалысына қатысқаны үшінқамауға алынып, орынборға жіберіледі де қамаудан босатылады.




9.

1922-1926 ж.ж.

Орынборда интернат оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада баспасөзде қызмет атқарады.

«Есеп құралы», «Қирағат кітабы» атты еңбектері шығады

10.

1928 ж.

Қамауға алынады.




11.

1930 ж.

Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл абақтыға ауыстырылады.




12.

1935 ж. Қазанның 5-сі күні

Ақтеңіз-Балтық каналы бойындағы Соловки лагерінде ауыр науқастан қайтыс болады.




13.

1988 ж. 27 қазан

Қазақ ССР прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады




14.

1993 ж.

Торғай өңірінде өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.





Поэзия минутынакезек береміз.

«Алма кезек оқу әдісі» бойынша «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі мәнерлеп оқылады.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын!

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

  • Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

  • Сендер қайтып келсеңдер адам болып,

Еш арманым болмас еді өлгенімше...


  • Ал, оқушылар, өлең қандай үлгіде жазылған?

  • Сұрақ-жауап үлгісінде жазылған.

Ақын өзі сұрақ қояды да, өзі жауап береді.


Оқулықпен жұмыс. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін оқып. Мазмұнын ашу.

Бұл өлеңде ана баласы жақсы болса қуанып, жалқау болса уайымдайтындығын, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, баласы үшін мақтанып, төбесі көкке жетеді деп ананың баласына деген ыстық ықыласын, махаббатын жыр етеді.



Өлеңді құрылысына сатылай кешенді талдау.

Кім сендерді балалар сүйетұғын, А

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын? А

-Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Б

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын... А


Өлең 4 шумақтан, әр шумағы 4 тармақтан, 3 бунақтан, 11 буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасына құрылған.
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

  • Бетін жуған жасымен сорлы анаңа,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін деген өлең жолдарында әсірелеу (гипербола)кездесіп тұр.
Сатылай кешенді талдау

  1. Авторы:

  2. Тақырып – автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы.

  3. Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

  4. Идея – тақырып арқылы автордың айтайын деген ойы мен мақсаты, арманы.

  5. Шумақ саны –

  6. Тармақ саны –

  7. Бунақ саны –

  8. Ұйқас түрі –

Әдеби теориялық ұғымдар:
Әсер бөлісу: эссе, хат, диалог, монолог, өлең «Міржақып – азаттық жолындағы күрескер», «Баласыз – ананың құшағы, анасыз – баланың құшағы жетім»
ІV. Бекіту. Ой-толғаныс. Бүгінгі сабақта не білдім?

Выгнутая вверх стрелка 3


Выгнутая вверх стрелка 7жазушы

Выгнутая вправо стрелка 5


дОвал 1раматург

Выгнутая влево стрелка 6

публицист қаламгер
Выгнутая вниз стрелка 4


аудармашы ХХ ғасыр ақыны

«Бүгінгі сабақта алған әсерім»

(Оқушының ойын тыңдау, талдау, өздерін бағалау)


Мұғалімнің қорытынды сөзі. Ана туралы толғанбаған жан кемде –кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. Пейіш ананың табанының астында деген сөз тегін айтылмаған. Хадистен алынған реуаяттың өзінде мынадай тәрбиелік мәні зор әңгіме бар. Мәдинада тұратын бір асқан бай Мұхаммед пайғамбарымызға келіп, «мен құдайдың ризашылығына бөленіп, о дүнииеге барғанда жәннатқа кіргім келеді. Сол үшін не істеуім керек? Кімге жақсылық жасайын?» - деп сұрайды.

-Анаң бар ма?-депті пайғамбар.



-Бар.

-Онда жақсылықты анаңа жаса депті.Сол күннен бастап әлгі бай анасына қызмет етеді, құрмет көрсетеді. Біршама уақыт өткен соң әлгі бай пайғамбарға қайта барып, «Анама жақсылық жасадым,енді кімге жасаймын?» деп сұраса, «Тағы да анаңа!» деп жауап беріпті. Бай анасына бар қызметін жасайды. Төрт әйеліне де «анама қараңдар» деп тапсырады. Араға біраз уақытты салып, бай пайғамбарға тағы келіп, «анама бар жақсылығымды жасадым, енді ол маған риза шығар, енді кімге жақсылық жасасам екен?» дейді. Сонда пайғамбар «Тағы да анаңа жаса!» деген екен. Бай анасына жалықпай қызмет жасап күтеді. Мәдинадан Меккеге дейін анасын жаяу арқалап қайтады. Сөйтіп «Мен сияқты анасына ешкім жақсылық жасамаған шығар» деп пайғамбарға қайтып келеді. Сонда пайғамбар «Сен анаңның бір түнде бір-ақ рет оянып емізген еңбегін ғана ақтадың . Әрі қарай анаңа қызмет көрсетуді жалғастыра бер» деген екен.



Демек, дүниеде ана алдындағы парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан да анамызды құрмет тұтуды азаматтық міндетіміз деп ұғынайық.
V. Үйге тапсырма М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы, өлеңді жаттау, ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеп әңгіме жазу. «Жастарға» өлеңін сатылай кешенді талдау.

VI. Бағалау
Тесттің дұрыс жауабы


  1. С

  2. С

  3. А

  4. Е

  5. Д

  6. В

  7. Д

  8. Е

  9. А

  10. С

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет