Әңгіме-дебат, топтық және зерттеушілік әңгіме туралы нақты мағлұмат берілген. Мен өз сабақтарымда осы үшеуінің топтық түрін көбірек қолданып және зерттеушілік түрін енгізуге тырыстым. Бағдарлама мазмұнына тереңірек бойлай отырып, болашақта өз тәжірибемде сабақта не сабақтан тыс жұмыстарымда зерттеушілік әңгіме түріне көбірек көңіл бөліп пайдаланудың нәтижелірек болатынын түсіндім. Бұл сабақта дарынды оқушы Исатаев Амир, Байрамова Анельжан, талантты оқушылар Теджен Бекзат, Сейтқұлы Жандос т.б. әр қырларынан көрінді. «Талантты немесе қабілетті үнемі айқындап отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуі тиіс» [Eyre and Lowe, 2002]. Мұғалім көшбасшылығын, әрекеттің басқарылуын жүзеге асырдым. Әр сабақтан кейін мен өзіме мынадай сұрақтар қоямын:
«Сабақта оқушыларым қандай белсенді іс-әрекеттер атқарды?»,
«Әр оқушы өз мүмкіндігін жүзеге асыра алды ма?»,
«Ол қандай дәрежеде дамыды?»
Нәтижесінде:
- оқушылар топпен жұмыста өз жауапкерлігігін сезіну;
- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді таңдау, құрметтеу;
- өз пікірін ашық білдіретін дәрежеге бағытталған оқушыны шығару;
3 «А» сыныбында өткізген сабағыма рефлексивті есеп
Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы
ҚР ауыл шаруашылығының негізгі салаларын білу және атау. Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, интерактивті байланыс арқылы өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беру, жұптық, топтық жұмыс барысында өзгенің пікірімен санасуға,өз білімін бағалауға үйрету.
АКТ қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ;
- Ой қозғау. «Білім» қақпасы «INSERT әдісі»;
- «Шығармашылық қақпа» (мақалдың мәнін ашу);
Сәйкестендіру стратегиясы
- 5 жолды өлең
Қой
Семіз, сүтті;
Семіреді, жайылады, қозылайды;
Ел көркі –мал;
Төрт түлік;
- Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар:
Мысалы:
Жоғарғы және төменгі деңгейдегі сұрақтар:
-Қандай үй жануарларын білесің?
-Мал шаруашылығының мамандарын ата (жоғарғы)
Мал шаруашылығының адамдарға қандай пайдасы бар? төменгі)
-Олардан қандай өнім аламыз? (төменгі)
-Адамдар не үшін оларды қолға үйретті? (жоғарғы)
т.б сұрақтар;
- Сергіту сәті; «Төлдер» әні;
- «Ақпарат» қақпасы
Қақпаның екі түрлі тапсырма бар:
Дарынды оқушыларға:
Үлгерімі төмен балаларға:
1.Суретті бояу
2. Мал шаруашылығының дамуына нелер қажет? (топтастыру)
- Венн диаграммасы:
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің ұқсастығы мен айырмашылығы, ортақ қасиеті;
Венн диаграммасы бойынша оқушылар салыстырады. Бұл стратегияны сабақта қолданып, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде, қай стратегияны қолдану жолдарын, тапсырманы дұрыс ұйымдастыру жолын қарастыру керек. Тапсырманы оқушының жас ерекшелігі ескерілуі керек.
Әр стратегияға уақыт өлшеніп берілуі керек. Жүйелі, толық жауап алу үшін, оқушыға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге не жазуға, өз ойларын ашық, еркін беруді талап ету керек. Оқушылардың арасында бас кезде сәл қиналып, ойларын жинақтай алмай, біраз қиналуы мүмкін. Жаттыға келе үйреніп, бұл стратегияларды тез меңгеріп алады.
- «Ғылым» қақпасы;
Қазақстандағы мал шаруашылығы өркендеген
аймақтардың картасын жасау;
Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренді. Оларға: - Осы мәтінді оқыығанда не әсер етті? Осы әңгімеден не үйрендің?-деген сұрақтар қоя отырып бағыт бердім.
Оқушының жазбаларынан үзінді:
- Менің ойымша малшаруашылығының ішінде ірі қараға көп көңіл бөлу керек. Жылқының қымызы көптеген ауруларға ем, әрі сусын, мен өскенде осы қымыздың құрамын зерттеп, болашақта қымыз зауытын ашқым келеді. Осы ойымды жүзеге асса деймін.
Теджен Бекзат
- Оқу мен оқытуды бағалау;
Критериалды бағалау; Бағалау критерийлері жазылған парақшалармен бағалау жүргізілді.
Мұғалімнің жиынтық бағалауы; (тест)
Өткізген сабақтарымның барлығында да диалог әдісін қолдандым. «Александер /2008/ диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин /1981/ , Мерсер /2005/, Велс /1999/ және Вуд /1998/ жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқылауларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады».
/Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші /негізгі/ деңгей.29 бет/.
Жалпы 3 сыныптағы сабақтарымда топтағы жұмыстар бастапқы да қиындықтар әкелді, уақытқа бағынуды естен шығарып алдық. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы – мұғалім 7 модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы–көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді.
Топтық жұмыстарда лидерлік деңгейлер бой көрсетті. Олар топтағы мүшелерін алға қарай ұмтылуына өз көмектерін беріп, достарының оқытуы орын алды.
...Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Барлық әдістер мыналарға назар аударады:
оқушының белсенділігі;
күтілетін қажетті нәтижелерге сай сындарлы; қызмет бағыттарын жүзеге асыру;
кері байланыстың маңыздылығы;
шоғырлану және ықпалдасу мүмкіндігі;
/Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші /негізгі/ деңгей. 30 бет/.
Осы тәжірибе кезеңінде өзім жетекшілік ететін
3 «А» сынып оқушыларыммен бірлесе бірқатар жұмыстар орындалды. 4 сабақ барысында байқағаным, оқушылар топпен жұмыс істеуге ынталы, олардың ойларын жүйелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі реттеу жақтарын жетілдіру қажеттілігі айқын сезілді. Алдағы уақытта жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесі-
мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді деп ойлаймын. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік тудырады, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабаққа жан-жақты дайындалуы қажет, сабақ үстінде қандай да болмасын сұрақтар туындауы мүмкін, сол кезде мұғалім қажетті бағдар беріп бағыттауына тура келеді. «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің қай тәсілін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын байқадым. Мұғалім талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарлату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр. Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |