Сабақтың тақырыбы М. Мақатаев. «Қайырлы түн»,



Дата22.08.2017
өлшемі35,7 Kb.
#23986
түріСабақ
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Асанбекова Салтанат Саламатовна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы

М.Мақатаев. «Қайырлы түн», «Қара өлең»




1.Білімділік: Оқушыларға қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту,өлең мазмұнын меңгере отырып, тақырыбы мен идеясын ұғындыру.

2.Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуге, сөздік қорын, тіл мәдениетін дамыта отырып, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған елін сүюге,қорғауға тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

  • Өз ойын еркін жеткізе алады

  • Тіл байлығын артады

  • Мәнерлеп оқу дағдысы артады

  • Оқушылар оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлайды

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Топтық жұмыс, сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, кері байланыс, ойтолғау

Сабақтың көрнекілігі

М.Мақатаевтың портреті, аудио кітап, өлеңдер жинағы, видиоролик

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу,түгелдеу.

2. Сергіту сәтін жасату. «Қара жорға» биі

3. Оқушыларды түрлі- түсті шарлар арқылы үш топқа бөлу

4. Алтын ережемен таныстыру

5 Бағалау парағын тарату


Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын сұрау:

Б.Соқпақбаев. «Менің атым - Қожа» повесінен рольдік ойын көрсету (кино фильмінен үзінді). Үй тапсырмасын оқушылар түрлі- түсті шарларға сұрақтар жазып, бір-біріне шарды лақтыру арқылы сұрақ қояды. Әр шарды тосып алған оқушы сұраққа жауап береді. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы бекіту



Жаңа сабақ

Бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы: Қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың «Қара өлең», «Қайырлы түн» өлеңдері.

1 Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы видиоролик көрсету. Көрсетілген видиоролик бойынша допты лақтыру ойыны арқылы сұрақ қойып, білімдерін жинақтау.

1. М. Мақатаев қай жылы, қай күні дүниеге келген?

2. Мұқағалидың шын аты кім?

3. Әкесінің және әжесінің аты кі?

4. Ақынның қандай өлеңдері бар?

5. Ақынның қандай поэмасы бар?

6 Ақынның қандай әндерін білесіңдер?

2. Әр топқа жаңа сабақ бойынша тапсырмаларды бөліп беру.

1-топ. «Қайырлы түн» өлеңі

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Өлең мазмұнын өз сөздерімен түсіндіру.

3. Өлеңдегі ақын тілегі қандай?

4. Өлең құрылысына талдау.

Ор-ма-ның да шу-ла-ма-сын, а

Су-ла-рың да та-ла-ма-сын, а

Ақ бас-ты а-ла тау-ла-рың да, б

Кү-ңі-рен-бе-сін, жы-ла-ма-сын.а

Шумақ-1(6), тармақ -4(29), бунақ-2, буын-8,9, қара өлең ұйқасы.

Кейіптеу

Метафора

2- топ. «Қайрлы түн» өлеңі

бойынша сурет салу. «Бейбітшілік пен тыныштық – біздің басты тірегіміз» атты шағын шығарма жазу.



3-топ. «Қара өлеңі».

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Өлең неге «Қара өлең» деп аталған?

Ақын сөз өнерін қалай бағалайтынын қандай жолдар арқылы білдірген?

3. Өлең құрылысына талдау.

Жат жер-ді жас-тан-ған-да жа-за-та-йым, а

Қа-си-е-тің-нен қа-ра ө-лең, ай-на-ла-йын,б

Қа-зақ-тың дәл ө-зін-дей қа-ра-па-йым. А



Шумақ-1(4), тармақ-4(16), бунақ-3,буын-11,12, қара өлең ұйқасы.

Сабақты бекіту

«Аквариум»әдісі. Екі түрлі түсініктеме

Ақын – жазушылардың пікірі

Оқушының пікірі

М.Мақатаев- біздің замандағы ғажайып ақындарының бірі.

Ә.Тәжібаев







Ақын – жазушылардың пікірі

Оқушының пікірі

М.МАқатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жзырының құдіреті..

Ф.Оңғарсыновав






Поэзия минуты.

Мұқағали өлеңдерін жатқа айту.



Қорытынды

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім – деп ақиық ақынымыз жырлағандай, артында өшпес мұрасы өлеңдері, поэмалары, әндерін қалдырды. Олай болса, Сәби болғым келеді жаңа туған,

Мына өмірге кіршіксіз жаратылған.

М.Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» әнін тыңдау


Кері байланыс парағы

(Бағалау)

Стикерлер тарату: Не үйрендім?

Не ұнады:

Өз пікірім

Бағалау:


1. Өзара бағалауды тыңдау.

2. Жалпы топ бойынша бағалау.

3. Оқушылар білімін қорытындылап бағалау.


Үй тапсырмасы

М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша деректер.

1,2-топ. «Қайырлы түн» өлеңін жаттау.



3-топ. «Қара өлең» өлеңін жаттау

Каталог: uploads -> doc -> 074f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
074f -> Ерен елбасы- кемел көшбасшы максаты
074f -> Сабақ Бейнелеу өнері. 2-сынып Тақырыбы: " Портрет. Бет әлпет. Мимика"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет