Сабақтың тақырыбы М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы



Дата07.02.2022
өлшемі368,43 Kb.
#83243
түріСабақ
Байланысты:
1 qazaq-adebieti -8-synyp -3-tarau -27-sabaq -m maqataev-aqqular-uyyqtaganda -qmzh -1-nusqa


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Махаббат және абырой

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы




Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

А/И2.Автор бейнесі.



Сабақ мақсаты

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.



Бағалау критерийі

Автор бейнесін кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау арқылы ашады

Тілдік мақсаттар



Сөздер мен сөз тіркестер: Өрген мал, өскен шырша, туған жер
Пән лексикасы және терминология: автор, кейіпкер
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
менің ойымша....,
мен оны былай түсіндіремін.....,
себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,
мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,
қорыта келе,.......

Құндылықтар

Ынтымақтастық, патриоттық рух

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, өзін-өзі тану, экология

Алдыңғы білім



Автор бейнесін ашу, қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау бойынша алған білімді кеңейту

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


0-5
6-8

Қызығушылықты ояту
Идеялар тоғысы
Ресурстарда ұсынылған «Айдында қалған аққулар» тақырыбындағы шағын бейнематериал көрсетіледі.

  1. Бейнематериал авторы қандай мәселе қозғайды?

  2. Осы мәселені «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен қалай ұштастыруға болады?

  3. Сонда екі шығарманың авторы бір идеяны ұсына ма? Қалай?



Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыз?
Сабақтың болжамды мақсаты талқыланады, бағалау критерийлерін бірлесіп құрастырады.

https://yandex.kz/video/search?filmId=3853564417268875893&text=%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%80%20%D1%8E%D1%82%D1%83%D0%B1&noreask=1&path=wizard

Сабақтың ортасы
9-15
16-26

27-31


32-35



1-тапсырма. «Түсіндірме күнделік» әдісі
Оқушылар жұпта «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының оқулықтағы мәтініне көз жүгіртіп, автор бейнесін ашатын тілдік көріністерді теріп жазады, өзіндік көзқарас тұрғысынан түсінік береді.

Ақын тілі

Ерекше тілдік қолданыстар

Біздің пікір

Мақал-мәтел







Шешендік сөздер







Кірме сөздер







Көнерген сөздер









2-тапсырма. «Фишбоун» әдісі
Топтар ұсынылған үзінділерді оқып, балық қаңқасының басына үзіндідегі автор идеясын, үстіңгі қабырғаларына кейіпкер мінездемесін, төменгі қабырғаларына авторлық мінездеме қатысты өзіндік пікірін , құйрығына автор идеясын қорытындылап жазады.



«Шығармашылық шарт» әдісі

  • Автор идеясына қарсы пікір білдіріп, ана әрекетін 4 сөйлеммен ақтап шығады.

  • Қабілетті немесе тілек білдірген оқушыларға міндетті тапсырмамен қоса шығармашылық шарт тапсырылады.

  • Шарт бойынша оқушы сол тапсырмаға байланысты сөзжұмбақ құрастырып, қызықты деректер жинауы немесе тірек белгі жасап сурет дайындауы қажет.

Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Автор бейнесін кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау арқылы ашады

Поэманы көз жүгіртіп оқып шығады

Ерекше тілдік қолданыстарды анықтайды

Тілдік қолданыстардың мағынасын түсіндіреді

Тілдік қолданыстарға өзіндік көзқарас тұрғысынан пікір білдіреді

Үзіндідегі автор идеясын анықтайды

Кейіпкер мінездемесін айқындап, мінездемеге өзіндік пікір білдіріп, қорытынды жасайды

Автор идеясына қарсы пікір білдіреді

Ана әрекетін ақтауға қатысты пікірі 4 сөйлеммен береді.



презентация


Сабақтың соңы
36-40

Рефлексия









Ү й тапсырмасы
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тілдік ерекшеліктеріне назар аударып оқу;
Көркемдегіш құралдар бойынша әдеби-теориялық ұғымдарды еске түсіріп, қайталау.


Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?



Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау



Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.



Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.
Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет