Сабақтың тақырыбы: «М. Мақатаев шығармалары»



Дата26.06.2018
өлшемі53,5 Kb.
#45141
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «М. Мақатаев шығармалары»
Сабақтың мақсаты: М.Мақатаев шығармашылығын таныту.

Міндеттері:

Білімділік: М.Мақатаев поэзиясының өміршеңдігін таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақ поэзиясындағы бірегей тума талант- Мұқағали бейнесіне, шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімін қалыптастырып, ақын шығырмашылығы арқылы эстетикалық талғамдарын шыңдау, әдебиетін тануға, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық, топпен және жекелей жұмыс

Сабақтың типі: білімді бекіту, дағды мен білікті қалыптастыру

Технологиялар: денсаулық сақтау, ақпараттық- коммуникативтік, СТО технологиялары.

Әдісі: Мәнерлеп оқу, Қ.Бітібаева технологиясы, сұрақ-жауап, ақпараттандыру технологиясы, топтық жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреттері, кітаптары, шығармалар жинағы,

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих,музыка,сурет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-сабаққа қатысымын тексеру

-сабақтың өтілу мақсаты, міндеттерін таныстыру

М.Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп,қалың

халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен

ақын,қазақ жырының құдіреті.

Ф.Оңғарсынова

Шаттық шеңбері

Сәлем бердім қонақтарға,

Сәлем бердім достарға.

Сәлем беру кіреді,

Ата-дәстүр салтыма.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!
-білім алушыларды ІІ топқа бөліп отырғызу

І топ: «Тұлпар»

ІІ топ: «Сұңқар»
ІІ. Негізгі бөлім. Презентациясы: «Ақынның жұмбақ әлемі» ақынның өмірбаяны мен шығармалары


  • Саламатсыздар ма, білім алушылар,қонақтар! Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы «М. Мақатаев шығармалары» деп аталады.

  • 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында туған. Шешесі Нағима, әкесі Сүлеймен сол кездегі елдің беделді адамдары болған.

Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты-жөні – Мұхаметқали.“Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады” деп әрі еркелетіп, әрі қысқартып Мұқағали деп атап кеткен.

Әкесі Сүлеймен сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан. Сол себепті үй ішінің бар ауыртпалығы Мұқағалидың иығына түседі.

1948 жылы ауыл орта мектебін үздік бітіріп, Алматыға жоғары оқу орнына аттанып, зеректігінің арқасында еш қиындықсыз Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Бірақ орталыққа жақын аудандардың студенттеріне жатақхана берілмегендіктен, стипендиясы не тамағына, не пәтер ақысына жетпей, асыраусыз қалған үй ішінің ауыр тұрмысы оқуын әрі қарай жалғастыра беруге мүмкіндік бермей, бір жылдан соң оқуын тастап, Шибұт деп аталатын көрші ауылда ауылдық кеңестің хатшысы болып қызметке орналасады. Комсомол мүшесі әрі жас кадр ретінде қоғамдық үгіт-насихатқа, көркемөнерпаздардың ойын-сауық

жұмыстарына белсене ат салысады.

1949 жылы “Советтік шекара” газетінде екі өлеңі жарық көреді. Сол ауылда мұғалім бойжеткен қыз Лашын да үгіт-насихат, ойын-сауық жұмыстарында Мұқағалиға сенімді серік болады. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”пьесасында Мұқағали –Қозы, Лашын- Баян рөлін ойнап жүріп, бірін бірі ұнатады.

1949 жылдың көктемінде екеуі үйленеді.

Өмірінің соңғы күндері қайта-қайта ауруханаға түсе бергенін күнделігінен оқып білуге болады. Өмір бойы «Поэзия-мен үшін жанымның шырылы» деп шырылдап өткен ақынның өмірінің соңғы жылдары ел аман, жұрт тынышта қуғын-сүргінмен өткен. Соның нәтижесі жүрек ауруына әкеп соғады.
Слайд арқылы Мұқағалидың өмір жолынан мағлұмат беру.

Таудай едің, таудың алып тумасы,

Нағыз қазақ едің сөздің турасы.

Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқанған бурасы!

Жәркен Бөдешұлы



Сергіту сәті.
Үнтаспадан М.Мақатаевтың жанды дауысы жазылған бейнежазбаны тыңдату
Топпен жұмыс

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» білім алушылар

ақын өлеңдерінен үзінділер оқиды. 

Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім, 
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің. 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев 
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- 
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ. Ендеше, кезекті ақын өлеңдерін оқу үшін білім алушыларымызға беремін:

          Пай пай Өмір!


Пай, пай, өмір! 
Пай, пай, өмір! 
өтесің – ау бір күні, 
тиясың ау қуанышты күлкіні.
өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, 
өмір деген көк аспанның күркірі.
Пай, пай өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай жүрмегендей сенде ,біз, 
Кетеміз-ау, әй кетеміз... пендеміз 
Ұрпақтарға береміз де кезекті, 
Біз кетеміз, кету үшін келгенбіз.
Өмір деген – бұйым емес қолдағы, 
Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы. 
Қаның кеуіп қаталаған кезінде 
Сусыныңды қандырасың бір болғаны.
Мына күнде, мына аспан да дала анау 
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
өмір дейтін - өлемін деп қарамау. 

« Ғашықпын»
«Ғашықпын!»
Ғашықпын, 
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?!
О. Тәңірім неткен жан ед қайырылмайтын,
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын,
Қайтып оны жасыра алам, 
Бір алтын оның әр тал шашы маған. 
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам. 
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенім бе?
Шарқ ұрып бар ғаламдышыр айналып,
Мәнгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден, 
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып. 

Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды


Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.
Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.
Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын.
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,
Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр!

Дұшпаның бар ма?


-Дұшпаның бар ма? -дейсің,
Қайдан білем...
Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда - ақ дастарқан, жайған кілем.
Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман...
(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.)
Қазақтың қайсысымен кездессем де
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.
Достастым кішісімен, үлкенімен,
Өзімшіл өжетімен, үркегімен.
Ата-қазақ алыста той жасаса,
Алдымен тізіміне тіркері - мен.
Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге
Білемін бұғатынын кездескенде,
Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.
-Дұшпаның бар ма? - дейсің,
Қайдан білем...
Асыр caп ортасында ойнап жүрем.
Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,
Үйден шықсам - сауық пен сайран кілең.

Ой толғау.Топтық шығармашылық жұмыс

«Мұқағали туралы нені білдім?» («Еркін жазу стратегиясы»).


Қорытынды:

1.Мұқағалидың шын есімі? 
2.Мұқағали дүниеге келген ауыл? 
3. Мұқағалидың анасының есімі? 
4. Мұқағали Мақатаев кім? 
5. Ол әкесінен неше жасында жетім қалды? 
6. Мұқағали не себептен ерте есейді? 
7. Мұқағали қандай тілдер білген? 
8. Оның қандай өлеңдерін білесіңдер. 
...INSERT әдісі...


Білдім

Білемін

Білгім келеді





















Бағалау.

Үйге тапсырма: Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығын оқу.

Сен қазақтың қазақтығын жырладың, 
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын. 
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген 
Қара өлеңнің – жалындаған жырларың. 
Зулап күндер, жылдар аунап барады, 
Жырларыңнан қазақ бақыт табады. 
Қадіріңді сәл кешірек білсек те, 
Мәңгі есімің жадымызда қалады. 

-Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. 
Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар!
«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады
 


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Шыққан «Мұқағали» атты естеліктер кітабы жайлы /Ег.Қаз. 1996-9 ақпан/


2. Қаулынбайұлы Т. «Болашаққа аттанған жырлар» /М.М. өлеңдеріндегі имандылық иірімдері/ Қазақ елі – 1998-6 наурыз
3. . Асылбекова А. «Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой және Мұқағалиды еске түсіру» Егемен Қазақстан, 1998-7 ақпан
4. Сүгіров С. «Хан тәңірдей асқақ туған піріміз немесе ақын рухымен сырласу» Алматы ақшамы, 1998-4 ақпан

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет