Жазылым Мәтіннен Толғанайдың жаңа піскен нанның иісі, дәмі туралы айтқан сөздерін тап. Сипаттап жаз.
Айтылым «Суреттер сөйлейді» әдісі. Сурет бойынша диалог құрастырыңыз. Жұбыңызға сұрақ қойыңыз.
Амансыз ба?,үй-іші тегіс аман ба?, ата-баба салты, салт-дәстүр, ұрпақ, ұлттық, ата кәсіп,құндылық, рұқсат етіңіз, көріскенше, қош сау болыңыз! және т.б. сөз орамдарын керегінше пайдаланыңыз.
Айтылым Сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңдар.
Орақшыларға нанды неден дайындады?
Жаңа наннан ең алдымен кімдер дәм татады?
Не себепті орақшылар бәрінен бұрын дәм татады?
Жаңа нанды қандай бидайдан дайындады?
Нан қалай піскен? Нанға қандай иістер сіңген?
Айтылым https://briefly.ru сайтынан ≪ajtmatov/materinskoe_pole≫мәтінін оқыңдар. ≪Ана-Жер-Ана≫ повесінің орыс тіліндегі қысқаша
мазмұнымен танысыңдар. Түсінгендеріңді сыныпта қазақ тілінде
баяндаңдар.
Жазылым
«Шығу парағын» пайдаланып, сұраққа жазбаша жауап
беріңдер.