Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жеткен шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау жұмысы педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән бірлестігі басқарады. Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу басталады. Мұғалімнің жұмысы өте құнды болса, «Педагогикалық оқуларға», егер көлемді болса, баспаларда жариялануға ұсынылады.
Бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеудің нәтижесінде мектептегі бір-бірімен тікелей байланысты ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жоспарлы түрде мақсатқа бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз.