Жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі жарыққа шықты, көптеген құнды педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың авторлары: профессорлар Ш.А.Амонашвили, И.П.Иванов, мұғалімдер В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин т.б..
Білім беру саласында қажырлы еңбек етіп үлес қосқан республикамыздағы жаңашыл мұғалімдер: Қ.Н.Нұрғалиев, А.М.Ысқақов, Қ.Б.Бітібаева т.б..
Озат тәжірибені зерттеу және оны тұтас педагогикалық үрдіске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді.
Педагогикалық озық тәжірибені таратудың формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.
Ауызша насихат – бұл мектептердің педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарында, семинарларында озат тәжірибелер туралы баяндамалар жасалынады.
Баспасөз насихаты – педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар, т.б. жатады.
Сонымен, педагогикалық озық тәжірибені таратудың ең тиімді формалары:
педагогикалық оқулар;
ғылыми-практикалық конференциялар;
шығармашылық есеп;
әдістемелік көрме;
кәсіби байқаулар;
мақалалар;
шеберлік сыныптары;
ашық сабақтар;
сабақ барысы, сабақтан тыс іс-шара барысы жазылған бейнематериалдарды
көрсету;
білімді жетілдіру курстары;
семинарлар;
тақырыптық кеңестер;
педагогикалық шеберхана.
Достарыңызбен бөлісу: |