Сабақтың тақырыбы Мен және менің Отаным Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет17/35
Дата11.09.2023
өлшемі152,56 Kb.
#180710
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б

Музыкалық серуен

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;




Сабақтың мақсаты

«Орманға серуен» ән-ойынды үйрену барысында мәнерлеп орындауға тырысады, «Сағаттың тіліндей» атты жаттығудың мазмұнына қарай қимылдарды жасай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
Сабақты «серуен» сөзіне түсінік беруден бастайды. Алдымен оқушылардан сөздің мәнін сұрап алуға болады. Мұғалім оларды келесі мәліметпен таныстырғаны жөн. Серуен кезінде қоршаған орта, табиғат, құстар, жан-жануармен танысуға және жыл мезгілдері мен ауа райын бақылауға болады. Мұғалімнің өзі серуеннің берер пайдасын білу керек. Мысалы, серуен балалардың денсаулығын нығайту, білімдерін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, қоршаған ортаны тану және эстетикалық – адамгершілік ләззат алу сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тапсырма мен сұрақтар:

  • Сыныппен бірге «Орман музыкасы» деген бейнетаспаны тамашала.

  • Сен орманда болдың ба?

  • Бейнетаспа не туралы?

  • Жаңа әнмен таныс және үйрен.

Мұғалімнің мәліметін тыңдайды, бейнетаспа көреді, сұрақтарға жауап береді.






«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия

Орман музыкасы. Құстардың әні.



Ортасы

2-тапсырма. Тыңдау. Орындау.
Оқушыларды фонохрестоматия таспасына жазылған жаңа «Орманға серуен» ән-ойынмен таныстырады (Өлеңін жазған: А.Асылбек, әнін жазған: Ә.Бүшікова). Әнді үйрету әдістемесі: басында мұғалім ән және авторлар туралы мәлімет береді, мазмұны бойынша балалармен әңгімелеседі, тағы бір рет тыңдатады, одан кейін әнді үйретуге кіріседі. Әнді ұжыммен бірге орындайды.
(О) Жарқын жаз болғанда,
Барамыз біз орманға.
Бәрі бар ол маңда.
Тамаша көп, таңданба,
Әсем әнге саламыз,
Әні керемет!
-Ол не? – деп бірінші топ сұрақ қояды.
-Көкек, - деп екінші топ 5 рет қайталайды, одан кейін музыка ойналады.
-Ол не? – деп бірінші топ сұрақ қояды.
-Тоқылдақ, тоқылдақ, тоқылдат, - дейді екінші топ балалары. Одан кейін «Тоқ-тоқ-тоқ-тоқ», - деп 6 рет қарындашпен партаны тықылдатады.
Тапсырма мен сұрақтар:

  • Әнді үйрену барысында мұғалімнің көрсеткен сөздерін топпен бірге қосылып айт.

  • Сахналық көрініс түрінде мәнерлеп, әдемі орында.

  • Ән-ойын «орман музыкасын» жеткізе алды ма?

Мұғалім орындап берген ән-ойынды тыңдайды, мазмұны туралы өз ойларын айтады, тағы бір рет тыңдап, үйренуғе кіріседі.

Ән-ойынды үйренгеннен кейін, екі топқа бөлініп, сахналық көрініс түрінде мәнерлеп орындайды.






«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия
Орманға серуен (ән-ойын)
(Өлеңін жазған: А.ААсылбек, әнін жазған: Ә.Бүшікова)

Соңы

(МК.ОТ)
Оқушылар сабақ соңында өздерінің іс-әрекетін рефлексия негізінде бағалайды.
Бағалау. Рефлексия.
-Бүгінгі сабақта мен не білдім?
-Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
-«Орманға серуен» ән-ойынын қалай орындадым.
Ән-ойынды орындағанда қандай қиындықтар болды?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.




Бағдаршам әдісі туралы.
Сабақты қорытындылау.

Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.



Бөлім

Саяхат

едагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул Кузеновна.

Күні

28.01.2022ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет