Тексерілді: ДОІЖО: Г.К.Жакашевa Сабақтың тақырыбы: Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы
Бөлім:
8.4С Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Педагогтің аты-жөні:
Алпысбаева Ұлдана Темірәліқызы
Күні:
8 И 27.04.2022 ж
Сыныбы: 8 А,Ә,И
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: ағзалар селекциясында қолдан сұрыптаудың рөлін түсіндіру
Кейбір оқушылар:жануарлар, өсімдіктер селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/
Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу
2.Ынтымақтастықтық атмосферасын қалыптастыру
Оқулық, жұмыс дәптерлері
Жаңа сабаққа кіріспе
Өткен тақырып бойынша «Зымыран сұрақтар » әдісі арқылы бекітеді. Мұғалім жаңа сабақты, оқу мақсатына тоқталады.
Оқушылар өткен тақырып бойынша мұғалімге сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты қортылдылайды.
Жаңа сабақ бойынша термин сөздермен танысып, өздеріне таныс терминдерге анықтама береді
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.Қалыптастырушы бағалау
«Жарайсың,» «жақсы,» «бұдан да керемет орындай аласың»
Оқулық,жұмыс парағы
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
«Ой қозғау» кезеңі. Өзектендіру, мақсатты болжамдау, мадақтау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін оқушыларға алманың көптеген іріктемелері көрсетілген сурет ұсынылып, төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіледі.
•Алма түрлерін мұқият қараңыз
•Қандай белгінің өзгеруі айқын көрінеді?
•Өзгергіштіктің ауылшаруашылық үшін маңызы қандай?
•Алманың 7000 түрлі іріктемесін алу қалай мүмкін болған?
Оқушылардың қолдан сұрыптау әдістерін қолдана отырып, адам өзінің қалаған мақсатына сай белгілері болатын тірі ағза түрлерін шығарып ала алады деген оймен түйіндеп, мұғалім оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырады.