Барлық оқушылар: - адам ұрығының дамуына темекінің әсерін сипаттау;
адам ұрығының дамуына ішімдіктің әсерін сипаттау;
Кейбір оқушылар: адам ұрығының дамуына есірткі заттарының әсерін сипаттау;
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/
Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу
2.Ынтымақтастықтық атмосферасын қалыптастыру
Өткен тақырып бойынша «Зымыран сұрақтар » әдісі арқылы бекітеді. Мұғалім жаңа сабақты, оқу мақсатына тоқталады.
Оқушылар өткен тақырып бойынша мұғалімге сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты қортылдылайды.
Жаңа сабақ бойынша термин сөздермен танысып, өздеріне таныс терминдерге анықтама береді
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.Қалыптастырушы бағалау
«Жарайсың,» «жақсы,» «бұдан да керемет орындай аласың»
«Ой қозғау» кезеңі. Өзектендіру, мақсатты болжамдау, мадақтау. Мұғалім оқушыларға есірткінің адам эмбрионының дамуына әсері туралы бейнежазбаны ұсынады. Алдын ала оқушыларға бейнероликтің негізгі идеясы туралы ойлануға тиіс екендігі хабарланады.
Содан кейін негізгі идеяларды талқылау жүргізіледі. Келесі сұрақтар бойынша қосымша әңгімелесу өткізіледі:
1) адам эмбрионының дамуына есірткіден басқа қандай факторлар әсер етеді?
2) неге әрбір адамға адам эмбрионының дамуына осы факторлардың әсер ету салдары туралы білу қажет?
3) осы мәселе бойынша қосымша ақпарат алғыңыз келе ме?