Сабақтың тақырыбы: «Менің ана тілім» - Сабақтың мақсаты:
- а) білімдік: Тіл туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
- ә) дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту әрі ойлау қабілеттерін қалыптастыру;
- б) тәрбиелік: Сөз құдіретінің адам өміріндегі маңызын ұғындыру әрі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере отырып, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
- Негізгі идеялар: Оқушылар тақырыптың мағынасын ашады, ана тілі туралы түсінік алады, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
- Күтілетін нәтиже: Ана тілі туралы мәліметтер алады, қолданады, жинақтайды, көшбасшылықты анықтайды.
- Психалогиялық хал-ақуал
- Шаттық шеңберде тұрып бір-біріне жақсы тілектер айту. Сыныпты кеспе қағаз арқылы топқа бөлу. І-топ «Қазақ тілі», ІІ-топ «Орыс тілі» және ІІІ-топ «Ағылшын тілі».
- ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Сөздікті жатқа айту. Мәтінді мазмұндау.
- 3-тапсырманы тексеру. «Кітап, оқулық, күнделік» сөздерін үш топ тәуелдейді.
- ІІІ. Жаңа сабақ
- Бейнекөрініс арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
- Ана тілім - болашағым, өркенім,
- Ана тілім - болашағым, ертеңім.
- Ана тілім - сайыс далам, жер көгім,
- Ана тілім - арман, ойым, көрнегім.
- Бауыржан Момышұлы.
- Балалар бейнекөріністен не көрдік және Бауыржан атамыздың өлең шумақтары не туралы екен, қалай ойлайсыңдар сабағымыздың тақырыбы қандай?
- -Дұрыс айтасыңдар « Ана тілі».
- -Онда біз бүгін, сендермен «Менің ана тілім» тақырыбымен танысамыз.
- 1 – тапсырма. «Менің ана тілім» мәтіні бойынша жұмыс жасау.
- Әр топ мәтінді оқиды.
- І-топ мәтін бойынша сұрақ құрайды
- ІІ-топ мәтін бойынша жоспар құрайды
- ІІІ-топ мәтінді сурет арқылы мазмұндайды
- І-топ «Қазақ тілі» тобының тапсырмасы.
- 2 – тапсырма. «Менің ана тілім» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастыру.
- - Сенің ана тілің қандай тіл?
- - ... .
- - Сен өз ана тіліңде еркін сөйлесе аласың ба?
- - ... .
- ІІ-топ «Орыс тілі» тобының тапсырмасы.
- 3-тапсырма. «Кім көп біледі?» ойының өткізу.
- 1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
- 2. Сенің тілің қай тіл? (орыс, шешен, неміс тілі).
- 3. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
- ІІІ-топ «Ағылшын тілі» тобының тапсырмасы.
- 4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті тірек сөздерді қою.
- Біз жаз..., сен үйрен.., мен оқы..., ол жатта...,сіз шығың..., олар келе.., сіздер айтт....
- ІҮ. Сергіту сәті.
- Әр топ аттарына сай диалог құрайды.
- І-топ «Қазақ тілі»- қазақ тілі туралы диалог құрайды.
- ІІ-топ «Орыс тілі» - орыс тілі туралы диалог құрайды.
- ІІІ-топ «Ағылшын тілі»- ағылшын тілі туралы диалог құрайды.
- Әр топ өз аттарына сай постер қорғайды.
- Ү. Кері байланыс:
- «Есте қалғаны...» ойыны арқылы бүгінгі тақырыпты туралы білімдерін толықтырады.
- Оқушыға гүл шоғы беріледі, осы гүл шоғын бір-біріне кезектесіп беріп, бүгінгі өтілген сабаққа қатысты есте қалғандары туралы айтады.
- ҮІ. Қорытынды:
- «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді».
- Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- ҮІІ. Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі. Жасыл,сары және қызыл смайликтер арқылы оқушылар өз пікірлерін жазып тақтаға іледі.
- ҮІІІ. Үйге тапсырма
- 1 – тапсырма (Мәтінді мазмұндау)
- Тіл туралы мақал-мәтелдерді тауып жаттап келіңдер.
- ІХ. Бағалау бөлімі. Сабақта белсенді қатысқандары бойынша бір-бірін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |