Миға шабуылға арналған тапсырмаларды орындау балалардың ойлау қиялын дамытады.Өзгені тыңдай отырып ой қорыта білуге машықтанады.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
Жаңа тәсілдер: топтастыру әр түрлі жануарлардың суреттерін тарату арқылы үш топқа бөлемін, СТО «Миға шабуыл» , «Ойтолғау», Power Point презентациясы АКТ.
Ресурстар
Постер, түсті қағаз, маркерлер, слайд, компьютер, проектор,электрондық оқулық.
Сабақтың өтілетін уақыты
45 минут
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру: топтастыру әр түрлі жануарлардың суреттерін тарату арқылы топқа бөлемін
Психологиялық ахуал:
Амансың ба, Алтын күн?
Амансың ба, Көк аспан?
Амансың ба, Достарым?
Сендерді көрсем қуанам!
2.Рефлексия – жабық сұрақтар қою арқылы оқушылардан жауап алу . Жауабы «иә», «жоқ» болуы тиіс
- Қазір көктем мезгілі ме ? иә
- Бүгін күн өте ыстық па? жоқ
- Бүгін жексенбі ме? жоқ
- Сабаққа таңертең келдіңдер ме? иә
- Назерке жақсы оқушы ма? иә
Өткен сабақты пысықтау «Миға шабуыл»
- Біздің Отанымыз қалай аталады ?
- Бас қаланы атаңдар
- Астананың символы не?
- Қандай ғимараттарды білесіңдер?
Жаңа сабақ электрондық оқулықтың көмегімен.
Сергіту сәті : Видео арқылы
6.Топпен жұмыс – мәтінді бөлімдерге бөліп оқу.
І топ- Мемлекеттік ту
ІІ топ- Мемлекеттік Елтаңба
ІІІ топ-Мемлекеттік Гимн
Өзара талдау,мазмұндау.
Авторлар мен нышандарды сәйкестендіру.
7. Рефлексия.
- Мемлекеттік Гимн қандай жағдайларда орындалады?
- Мемлекеттік рәміздерді неліктен құрметтеу керек?
- Қандай жағдайларда Мемлекеттік Гимн орындалып Мемлекеттік Ту жоғары көтеріледі?
Дәптермен жұмыс – рәміздерді, авторларын жазып алу.