Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым



бет1/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#4399
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
2 «А» 13.03.2015 ж. 2«Б» 13.03.2015 ж. 2«В» 13.03.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқу құралдары туралы білімдерін жаңғырту, тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу өз, оқу құралдарына ұқыптылықпен қарау туралы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жүргізу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, оқу құралдарының суреттері, сөздік , тапсырмалар жазылған парақшалар.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, аударма, сұрақ - жауап, ой қорыту тапсырмалары.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІV. Сөздік жұмысы.

оқу құралдары – учебные принадлежности

оқулық – учебник жаңа – новый

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

V. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Аталған тақырып бойынша суретпен жұмыс. Көрнекіліктер арқылы бекіту.

2-тапсырма. «Сөйлеп үйрен, көрсет» айдарымен берілген тапсырма бойынша жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау. Ұқсас тапсырма беру.

3-тапсырма. Тақырып бойынша берілген мәтінмен сөйлесім әрекетінің барлық түрлерімен жұмыс өткізу. Аударма жұмысын ұйымдастыру. Мәтінге сұрақ қою арқылы бекіту. Жазылым әрекетімен жалғастыру, сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген санамақпен жұмыс ұйымдастыру.

5-тапсырма. Сұрақ-жауап бойынша жұмысты жеке жұмыс ретінде орындату.

VІ. Сабақты бекіту.

Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар? Оқу құралдарын атаңдар? Сенің қандай оқу құралдарың бар? Оқу құралдарың қандай?
VIІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VIІI.Үй тапсырмасын беру.

135-бет. 5-тапсырма, жазбаша орындау.
2 «А» 16.03.2015 ж. 2«Б» 16.03.2015 ж. 2«В» 16.03.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің оқулықтарым.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастыру жалғастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын ұштап, толық және жүйелі түрде жауап беруге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың оқу құралдарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, оқу құралдарының суреттері, сөздер , тапсырмалар жазылған парақшалар.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, аударма, сұрақ - жауап, ой қорыту тапсырмалары.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

кітап – книга оқулық – учебник оқу – читать орыс тілі –русский язык

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

V. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Тақырып бойынша берілген Н.Айтовтың «Оқулық» атты өлеңімен жұмыс өткізу, мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

2-тапсырма. «Оқулық» сөзін түрлендіріп, аударма жұмысымен жандандыру. Жазылым әрекетімен ұштастыру, сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

3-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырмада жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Ұқсас тапсырма жасату.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. «Біліп ал» айдарымен берілген тапсырма арқылы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

5-тапсырма. Сыныпта тапсырма бойынша практикалық жұмыс жасау. Жұмысқа барлық оқушыларды тарту.

6-тапсырма. Сатылап сөйлем құрау әдісін пайдаланып, жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру.

Қосымша тапсырма. «Оқулық» сөзіне дыбыстық талдау жасату.

VІ. Сабақты бекіту.

Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар? Оқулық сөзін буынға бөліңдер, неше әріп, неше дыбыс бар екенін айтыңдар? Оқулық сөзімен сөз тіркестерін құрап айтыңдар?

Оқулық не үшін керек?
VIІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VIІI.Үй тапсырмасын беру.

137-бет. 6-тапсырма, ұқсас тапсырма жасап, жазбаша орындау.
2 «А» 20.03.2015 ж. 2«Б» 20.03.2015 ж. 2«В» 20.03.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің дәптерлерім. Сөздік диктант.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сөйлесім әрекеттерін жүйелі түрде жүргізу мақсатында түрлі тапсырмалармен білім сапасын арттыру. Тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастыруды жалғастыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың саналылыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, оқу құралдарының суреттері, сөздер , тапсырмалар жазылған парақшалар.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, аударма, сұрақ - жауап, ой қорыту тапсырмалары.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІV. Сөздік жұмысы.

жазу – писать мен жазамын – я пишу екінші дәптер – второй тетрадь

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

V. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. «Дәптер» сөзін түрлендіріп, аударма жұмысымен жандандыру. Жазылым әрекетімен ұштастыру, сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

2-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырмада жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Практикалық жұмыспен бекіту.

3-тапсырма. Тақырып бойынша берілген Н.Жанаевтың «Дәптер» атты өлеңімен жұмыс өткізу, мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. «Сөйлем құрап үйрен» айдарымен берілген тапсырмамен жқмыс жүргізу, ұқсас тапсырма орындату. Жазылым әрекетімен ұштастыру.

5-тапсырма. «Біліп ал» айдарымен берілген тапсырма арқылы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Сыныпта тапсырма бойынша практикалық жұмыс жасау. Жұмысқа барлық оқушыларды тарту.



6-тапсырма. Жазылым әрекетін үлгі бойынша іске асыру.

Қосымша тапсырма. «Дәптер» сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.

VІ. Сөздік диктантын алу.

Оқу құралдары, оқулық, күнделік, кітап, оқу, жазу, дәптер, орыс тілі, өшіргіш, сызғыш, қарындаш, қалам, ұштағыш.

VII. Сабақты бекіту.

Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар? Дәптер сөзін буынға бөліңдер, неше әріп, неше дыбыс бар екенін айтыңдар? Дәптер сөзімен сөз тіркестерін құрап айтыңдар?

Дәптер не үшін керек?

VIІI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

IX. Үй тапсырмасын беру.

138-бет. 3-тапсырма, жаттау.

2 «А» 23.03.2015 ж. 2«Б» 23.03.2015 ж. 2«В» 23.03.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Менің қаламым мен күнделігім.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Диктант жазу кезінде жіберілген қателермен жұмыс ұйымдастыру. Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін одан әрі тереңдетіп, сөздік қорларын қалыптастыруды жалғастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын ұштап, толық және жүйелі түрде жауап беруге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың оқу құралдарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, қалам мен күнделіктің суреттері, сөздер, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, аударма, сұрақ - жауап, ой қорыту тапсырмалары.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қатемен жұмыс өткізу.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІV. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

V. Сөздік жұмысы.

күнделік – дневник баға – оценка жақсы оқы – учись хорошо

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

VI. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. «Қалам, күнделік» сөздерін түрлендіріп, аударма жұмысымен жандандыру. Жазылым әрекетімен ұштастыру, сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

2-тапсырма. Тақырып бойынша берілген С.Иманасовтың «Қалам» атты өлеңімен жұмыс өткізу, мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

3-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырмада жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Ұқсас тапсырма жасату.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Өтіліп отырған тақырып бойынша берілген диалогпен жұптық жұмыс ұйымдастыру.

5-тапсырма. «Біліп ал» айдарымен берілген тапсырма арқылы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

6-тапсырма. Сергіту өлеңін оқылым, жазылым әрекеттерімен ұштастыру.

VI. Сабақты бекіту.

Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар? Күнделік, қалам сөздерін буынға бөліңдер, неше әріп, неше дыбыс бар екенін айтыңдар? Күнделік, қалам сөздерімен сөз тіркестерін құрап айтыңдар? Қалам не үшін керек? Күнделікке не қойылады?

VIIІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

IX.Үй тапсырмасын беру.

Күнделік, қалам сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

2 «А» 10.03.2015 ж. 2«Б» 10.03.2015 ж. 2«В» 10.03.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Дүйсенбі.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Апта күндерімен таныстыру, модуль бойынша сөздік қорларын қалыптастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, сауатты жазуды қадағалау.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөздіктер, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма, ой қорыту тапсырмалары.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

апта – неделя қашан? – когда? бүгін – сегодня бірінші - первый

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.


ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Аталған тақырып бойынша берілген тапсырманы барлық оқушылармен жүргізу. Көрнекіліктер арқылы бекіту.

2-тапсырма. «Үлгі бойынша сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау.

3-тапсырма. Қ.Жұмағалиевтің «Жеті ұл» өлеңімен оқылым,тыңдалым, айтылым әрекеттерімен жан-жақты жұмыс жасау, жазылым әрекетімен ұштастыру.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Сұрақ-жауап бойынша жұмысты жеке жұмыс ретінде орындату. Сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

5-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген тапсырмамен жұмыс ұйымдастыру. Аптаның қай күні жоқ екенін таптыру, ұқсас тапсырма беру.

6-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру.

V. Сабақты бекіту.

Аптаның қай күні туралы өттік? Қандай жаңа сөздермен таныстық? Аптаның бірінші күні қалай аталады? Мектепке қашан барасың?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.

115 - бет. 1-тапсырма, жаттау.

2 «А» 12.03.2015 ж. 2«Б» 12.03.2015 ж. 2«В» 12.03.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Сейсенбі. Диктант «Апта күндері»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сейсенбі күні туралы түсіндіру, тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу, апта күндері туралы диктант алу.

2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуды жалғастыру, сөздік қорын байыту, сауатты жазуды қадағалау.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөздіктер, тапсырмалар парағы.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма жасау.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

кеше – вчера екінші – второй сейсенбі – вторник

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. «Үлгі бойынша сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Қисынды ойлау тақырыбына берілген «Ретімен айт» тапсырмасын жеке жұмыс түрінде өткізу.

3-тапсырма. Қ.Жұмағалиевтің «Жеті ұл» өлеңімен оқылым,тыңдалым, айтылым әрекеттерімен жан-жақты жұмыс жасау.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Сұрақ-жауап бойынша жұмысты жеке жұмыс ретінде орындату. Оқушылардың Сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалау.

5-тапсырма. Жазылым әрекетін тапсырмада берілген апта күндерінің атауымен өткізу. Сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

6-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырманы үй жұмысы ретінде беру үшін жұмыс ұйымдастыру.

V. Диктант.

  1. Диктантты оқып, түсініктерін айту.

  2. Қиын сөздермен жұмыс

  3. Диктантты жазу.

Бір аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бүгін - жексенбі. Аптаның жетінші күні. Жексенбіде мен демаламын, киноға барамын.

VІ. Сабақты бекіту.

Қандай жаңа сөздермен таныстық? Аптаның екінші күні қалай аталады? Спортзалға қашан барасың?Бүгін-сейсенбі. Ертең қай күн?
VІI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VІII.Үй тапсырмасын беру.

118 - бет. 6-тапсырма, жазу.

2 «А» 12.03.2015 ж. 2«Б» 12.03.2015 ж. 2«В» 12.03.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Сәрсенбі.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Диктант жазу кезінде жіберген қателермен жұмыс өткізу. Сәрсенбі күні туралы түсіндіру, тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуды жалғастыру, сөздік қорын байыту, сауатты жазуды қадағалау.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөздіктер, тапсырмалар парағы.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма жасау.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Қатемен жұмыс ұйымдастыру.

IV. Сөздік жұмысы.

ертең – завтра үшінші – третьй сәрсенбі – среда

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

V. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. «Үлгі бойынша сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Қ.Жұмағалиевтің «Жеті ұл» өлеңімен оқылым,тыңдалым, айтылым әрекеттерімен жан-жақты жұмыс жасау.

3-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Аударма жұмысы арқылы өтіліп отырған тақырыпты бекіту.

5-тапсырма. Тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау. Жазылым әрекетімен ұштастыру, сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

6-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген «Сәйкестендір» тапсырмасын барлық оқушылармен орындау.
VІ. Сабақты бекіту.

Қандай жаңа сөздермен таныстық? Сәрсенбі аптаның нешінші күні? Бүгін-сәрсенбі. Кеше қай күн болды? Ертең қай күн?
VІI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VIIІ.Үй тапсырмасын беру.

119 - бет. 2-тапсырма, мәнерлеп оқу.
2 «А» 19.03.2015 ж. 2«Б» 19.03.2015 ж. 2«В» 19.03.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Бейсенбі.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Бейсенбі күні туралы түсіндіру, тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, сауатты жазуды қадағалап, дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөздіктер, тапсырмалар парағы.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма жасау.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

бейсенбі – четверг төртінші – четвертый

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. «Үлгі бойынша сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Қ.Жұмағалиевтің «Жеті ұл» өлеңімен оқылым,тыңдалым, айтылым әрекеттерімен жан-жақты жұмыс жасау.

3-тапсырма. Күн атауларын еске сақтау мақсатында тапсырманы қайталату. Ұқсас тапсырма беру.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау. Жазылым әрекетімен ұштастыру, сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

5-тапсырма. Тақырып бойынша берілген санамақпен жұмыс ұйымдастыру, мәнерлеп оқу сайысын өткізу.

6-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген «Сәйкестендір» тапсырмасын барлық оқушылармен ауызша орындау.
V. Сабақты бекіту.

Қандай жаңа сөздермен таныстық? Бейсенбі аптаның нешінші күні? Бейсенбіде қайда барасың?
VІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VIІ.Үй тапсырмасын беру.

123 - бет. 6-тапсырма, жазбаша орындау.
2 «А» 02.04.2015 ж. 2«Б» 02.04.2015 ж. 2«В» 02.04.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Жұма.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Апта күндері туралы білімдерін жалғастыру, Жұма күні туралы түсіндіру, тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, сауатты жазуды қадағалау.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөздіктер, тапсырмалар парағы.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма жасау.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

қайда? куда? где жұма – пятница бесінші – пятый

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. «Үлгі бойынша сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Қ.Жұмағалиевтің «Жеті ұл» өлеңімен оқылым,тыңдалым, айтылым әрекеттерімен жан-жақты жұмыс жасау.

3-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырмамен жұмыс өткізу. Сауатты жазу дағдыларын қадағалау. Ұқсас тапсырмалармен түрлендіру.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау.

5-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырмамен ауызша жұмыс ұйымдастыру.

6-тапсырма. Тақырып бойынша берілген санамақты сөйлесім әрекетінің барлық түрлерімен жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет