ІV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Тапсырма бойынша жұптық жұмыс орындау. Жұмысты іс –қимылдармен жалғастыру. «Оң және сол» сөздерінің мағынасын түсіндіру.
2-тапсырма. Тапсырма бойынша дене мүшелерін көрсету. Саналы түрде түсініп, саналы есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Әр баламен жеке – жеке жұмыс жасау.
Әдептілік әліппенсі мен салауатты өмір салтына берілген қанатты сөзбен тәрбиелік әңгіме өткізу.
Тазалық – денсаулық кепілі. Чистота – залог здоровья.
3-тапсырма. Оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттеріне берілген М.Жаманбалиновтың өлеңімен жұмыс. Мәнерлеп оқу сайысын өткізу.
Сергіту сәтін жасау.
4-тапсырма. «Неше?» деген сұрақ бойынша жұмыс. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау. Жазылым әрекетімен ұштастыру.
Екі қол, он саусақ, екі аяқ.
5-тапсырма. Үлгі бойынша берілген тапсырмамен жұмыс. Үндестік заңын еске түсіру.
Екі қол. 1. Екі аяқ.
Мынау – оң қолым. 2. Мынау – оң аяғым.
Мынау – сол қолым. 3. Мынау – сол аяғым.
Если к корням с конечными глухими согласными қ, к, п прибавляются окончания с начальным гласным ы или і, то конечные глухие қ, к, п озванчиваются ғ, г, б. Например: аяқ – аяғым, өрік – өрігім, кітап – кітабым.
V. Сабақты бекіту.
Қандай сөздермен таныстық? Адамның дене мүшелерін атаңдар? Адамның неше құлағы, неше көзі, неше ауызы, неше мұрыны болады?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
38 - бет. 3-тапсырма өлеңді жаттау. Жаңа сөздерді жаттау.
2«А» 07.10.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Адам.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Адамның дене мүшелері толық мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.
2.Дамытушылық. Күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру, дене мүшелерін дұрыс айту және көрсету деңгейіне жеткізу.
3.Тәрбиелік. Салауатты өмір салтына байланысты тәрбиелік мақсаттағы әңгімелер айту.
Сабақтың көрнекілігі: Дене мүшелерінің суреттері, жаңа сөздер жазылған парақтар, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
дене мүшелері-части тела бас- голова шаш- волосы көз- глаза
ауыз -рот құлақ- ухо мұрын- нос
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
ІV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Сурет бойынша адамның дене мүшелері туралы оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін іске асыру. Әр баламен жеке – жеке жұмыс жасау.
2-тапсырма. Тапсырма бойынша оқылым әрекетін іске асыру. Саналы түрде түсініп, саналы оқу дағдысын қалыптастыру.
3-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген жұмбақ олеңмен жұмыс жүргізу, оқушыларға хормен оқытып қимылдармен жалғастыру. Жұмбақтың шешімен тапқызу.
Сергіту сәтін жасау.
4-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырма бойынша жұмысты жеке жұмыс ретінде орындатып, қосымша «шаш» және «қол» сөздерімен жұмыс жасату.
Шаш. 1.Қол.
Менің шашым. 2. Сенің қолың.
Менің шашым ұзын. 3. Сенің оң қолың.
5-тапсырма. Сергітуге берілген өлең жолдары арқылы оқылым, айтылым әрекеттерін жандандыру.
6-тапсырма. Тапсырмада берілген сөз тіркестерімен жұмыс өткізу.
Менің басым, әдемі көз, үлкен мұрын, екі құлақ, оң аяқ, сол қол.
V. Сабақты бекіту.
Қандай сөздермен таныстық? Адамның дене мүшелерін атаңдар? Адамның неше құлағы, неше көзі, неше ауызы, неше мұрыны болады?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
35 - бет. 3-тапсырма санамақты жаттау. Жаңа сөздерді жаттау.
2«Б» 13.10.2014 ж. 2«В» 13.10.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Күзгі киімдер.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
2.Дамытушылық. Тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдылырын және сөздік қорын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушылырды өз бетімен жұмыс жасауға үйрету. Өз киімдеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Күзгі киімдердің суреттері, жаңа сөздер жазылған парақтар, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
күзгі киім – осеняя одежда күрте- куртка жейде – рубашка жылы-теплый
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
ІV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Сурет бойынша күзгі киімдердің атауларын есте сақтау мақсатында оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін іске асыру.
2-тапсырма. Айтылым әрекетін тапсырмада берілген сөйлемдермен жандандыру.
пальтом
күртем
Мынау – менің шарфым
етігім
құлақшыным
3-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс жасау. «Күзде не киеміз?» деген сұрақ бойынша әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жүргізу.
Күзде күн суық. Біз жылы киім киеміз. Күзде біз жылы пальто, күрте, жейде, шарф, етік киеміз.
Сергіту сәтін жасау.
4-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген «Кім не киді?» сұрағы арқылы өздік жұмыс өткізу. Айтылым әрекетімен аяқтау.
5-тапсырма. Сауатты жазу қабілетін дамыту мақсатында тапсырманы орындату.
6-тапсырма. Сауатты сөйлем құрап үйренуге берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындату.
Жылы.
Жылы киім.
Жылы киім кидім.
4. Мен жылы киім кидім.
V. Сабақты бекіту.
Қандай сөздермен таныстық? Күзгі киімдерді атаңдар? Күзде кін қандай болады? Қандай киім киеміз?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
34 - бет. 5-тапсырма толықтырып жазу. Жаңа сөздерді жаттау.
2«А» 05.10.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Достар.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру. Білім деңгейлерін оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы көтеру.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын тақырып бойынша дамыту. Білім деңгейін көтеру. Сөздік қорын байыту.
3. Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алуға төселдіру. Достық және татулық тақырыбында әңгімелер жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
ойнаймыз – играем жас, жаста – лет алаң – площадка
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
IV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Сурет бойынша қысқы киімдердің атауларын еске сақтау мақсатында оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерінен кейін жазылым әрекетімен жұмысты аяқтау.
қолғап, құлақшын, тон, етік, шарф, пальто.
2-тапсырма. Оқушыларды үлгі бойынша жас мөлшерін айтқызып үйрету. Сұрақ – жауап бойынша оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасау.
3-тапсырма. Тақырып бойынша берілген мәтінмен жұмысты сөйлесім әрекетінің барлық түрлерімен жасау. Сурет бойынша әр оқушыға әңгіме құрату. Оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Сергіту сәтін жасау.
4-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырмамен жеке жұмысты орындату. Реттік сан есімдердің жұрнақтарын белгілету.
бір + інші екі + нші үш + інші төрт + інші бес + інші алты + ншы жеті + нші сегіз + інші тоғыз + ыншы он + ыншы
5-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген бұйрықты сөйлемдермен жұптық жұмыс ұйымдастыру. Практикалық жұмыспен тапсырманы жандандыру.
6-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тақырып бойынша сөз арқылы сөйлем құратып үйрету. Әр қатарға бөлек – бөлек сөз беріп, тапсырманы орындату.
Ойыншық. 1. Рақмет.
Ойыншық сыйладым. 2. Рақмет айттым.
Мен ойыншық сыйладым. 3. Мен рақмет айттым.
Мен досыма ойыншық сыйладым. 4. Мен досыма рақмет айттым.
V. Сабақты бекіту.
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
Жаңа сөздерді жаттау. Реттік сан есімдермен екі сөйлем құрау.
2«А» 30.09.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Досымның туған күні.
Сабақтың мақсаты:1. Реттік сан есімнен алған білімдерін тиянақтап үйрету. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін тақырып бойынша жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын тақырып бойынша дамыту. Білім деңгейін көтеру. Сөздік қорын байыту.
3. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
туған күн – день рождения сыйлық – подарок сыйлайсың - подаришь
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Аталған тақырыпқа берілген мәтінмен жұмыс. Оқушылардың өз достары туралы айтуын талап ету. Тапсырманы оқылым әрекетімен бастап, айтылым әрекетімен жалғастырып, сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетімен аяқтау.
Сенің досың бар ма? Аты кім? Ол қайда тұрады? Бүгін кімнің туған күні?
2-тапсырма. Айтылым әрекетін сурет бойынша іске асыру. Көп нүктенің орнына өз досының атын қойып жазу. Тапсырманы әр оқушыға жеке-жеке оқыту.
3-тапсырма. Үлгі бойынша берілген тапсырманы «Досыңа не сыйлайсың?» деген сұрақпен жандандыру.
Сергіту сәтін жасау.
Бала, бала, баламыз,
Орнымыздан тұрамыз.
Жоғары қолды көтеріп,
Алақанды ұрамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Денені жазып аламыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып аламыз.
4-тапсырма. Тапсырмада берілген әдептілік әліппесімен жұмыс. Оқушыларды бір-бірімен тілдестіріп, заттарды бергізіп, әдептілікке баулу жұмысын жалғастыру.
5-тапсырма. Дұрыс сөйлем құратып үйрету мақсатында берілген тапсырма бойынша жазылым әрекетін ұйымдастыру.
Бұл, досым, менің (Бұл менің досым). Көп, бар, досым (Көп досым бар). Досымның, күні, туған (Досымның туған күні). Екі, дос, жақсы (Жақсы екі дос).
6-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне сөзжұмбақ шешкізу.
друг – дос лего - лего
подарок – сыйлық игрушка - ойыншық
подаришь - сыйлайсың спасибо - рақмет
VI. Сабақты бекіту.
VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VIII.Үй тапсырмасын беру.
Жаңа сөздерді жаттау.
2«А» 25.09.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым. Реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты:1. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде
қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Сан есімдермен жұмыс жасап, есептік сан есімдерді қайталап, реттік сан есімдердің жасалу жолдарын түсіндіру.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сан есімдермен жұмыс жасау жолдарын үйрету.
3. Оқушыларды достыққа, татулыққа баулу және дер кезінде көмек беруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.
ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.
б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады.Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, аудармасын жазады, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Айтылым әрекетін «Досың қайда тұрады?» атты сұрақпен бастап, әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау. Бұл сөздегі жатыс септігінің орнын және маңызын түсіндіру.
2-тапсырма. Реттік сан есімге берілген ережемен жұмыс жасау. Жұрнақтарын көрнекілік арқылы түсіндіру. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.
3-тапсырма. Грамматикалық тақырыпты бекіту мақсатында берілген тапсырмамен ауызша жұмыс жасату.
4-тапсырма. Сергіту сәтін жасау.
Бір, екі, үш, төрт деп,
Орнымыздан тұрамыз.
Алақанды соғамыз.
Бес, алты, жеті деп,
Бір отырып, бір тұрып,
Аяқты жазып аламыз.
Сегіз, тоғыз, он деп,
Алақанды он соғып,
Біз тынығып аламыз.
5-тапсырма. Сөздікте берілген сөздермен сөйлем құрап, жазылым әрекетін орындату.
6-тапсырма. Ережені бекіту үшін оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыру, сыныптағы заттармен сөз тіркестерін жасату.
VI. Сабақты бекіту.
VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VIII.Үй тапсырмасын беру.
20-бет, 3-тапсырма. Реттік сан есімдерді жазу, жұрнақтарын белгілеу.
2«А» 28.09.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Достық. Диктант «Менің досым».
Сабақтың мақсаты:1. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде
қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
2. Ой белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту. Оқу және жазу сауаттылығын арттырып, әдемі жазуға үйрету. Өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды саналы білім алуға және өз бетімен жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.
ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.
б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады.Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, аудармасын жазады, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Достық тақырыбына берілген өлеңмен жұмыс. Тапсырманы оқылым әрекетімен бастап, тыңдалым әрекетімен жалғастыру. Мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.
2-тапсырма. Үлгі бойынша жұмысты жеке тапсырма ретінде орындату. Тапсырманы айтылым әрекетімен ұштастыру.
3-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырманы жұптық жұмыс түрінде орындату. Тапсырманы айтылым әрекетімен ұштастыру.
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Айтылым әрекетін оқулықта берілген сөйлемдермен жалғастыру. Үлгі бойынша жұмыс жасауды үйрету. Жатыс септігінің орны мен маңызын түсіндіру.
5-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырмамен жұмыс. Оқылым әрекетін практикалық жұмыспен жалғастыру. Сыныптағы оқушылардың орын тәртібі бойынша оқушыларды сөйлету.
6-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген суреттер бойынша жеке жұмыс жасау.
Тақырып бойынша диктант «Менің досым»
Менің досым бар. Оның аты – Қанат. Ол сегіз жаста. Ол екінші сыныпта оқиды. Біз жақсы, тату доспыз.
VI. Сабақты бекіту.
VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VIII.Үй тапсырмасын беру.
22-бет, 1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2 «А» 30.10.2014 ж. 2«Б» 30.10.2014 ж. 2«В» 30.10.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары.
Сабақтың мақсаты:1. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.
Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде
қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
2. Есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сөздік қорын байыту.
3. Оқушыларды үй жануарларын қамқорлыққа алуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.
ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.
б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады.Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, аудармасын жазады, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. «Үй жануарлары» тақырыбы бойынша жұмыс. Бейнелеу өнері арқылы жұмысты жандандыру.
2- тапсырма. Сөз тіркесін жасап сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында тапсырманы жеке тапсырма ретінде орындату. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.
3- тапсырма. «Жылқы» атты өлеңмен оқылым әрекетін іске асыру. Мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.
Сергіту сәті.
Бала, бала, баламыз,
Орнымыздан тұрамыз.
Жоғары қолды көтеріп,
Алақанды ұрамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Денені жазып аламыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып аламыз.
4-тапсырма. Үлгі бойынша жұмысты орындату, қосымша сөздер беру. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру.
Жылқы, түйе, ешкі, бұзау, бота, лақ, қой, құлын.
5-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындату.
VI. Сабақты бекіту.
VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VIII.Үй тапсырмасын беру.
44-бет, 3-тапсырма. Мәнерлеп оқу.
2 «А» 03.11.2014 ж. 2«Б» 03.11.2014 ж. 2«В» 03.11.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл.
Сабақтың мақсаты:1. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде
қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.
3. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс
жасауға бағыттау.
Сабақтың көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, жаңа сөздер, Не? Неше? Қандай? сұрақтары жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.
ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.
б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады.Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, аудармасын жазады, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
V. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген суретпен жұмыс жасау, оқушылардың сөздік қорларын бақылау.
2- тапсырма. Оқылым әрекетіне берілген диалогпен жұптық жұмыс ұйымдастыру. Аударма жұмысын қосу.
3- тапсырма. Не? Қандай? Неше? сұрақтары арқылы берілген тақырып бойынша жұмыс.Оқушыларды саналы түрде жауап беруге баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |