Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері


  Сурет. Кестені салу командасын шақырғаннан кейінгі Word терезесі



бет8/17
Дата10.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#11359
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

5.  Сурет. Кестені салу командасын шақырғаннан кейінгі Word терезесі

IV Жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма Компьютермен тәжірибелік жұмыс

2-тапсырма Ақпараттық диктант
1. Кестені даярлау үшін.... Кесте Кесте қосу
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте Біріктіру
3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы
5. Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат Шекара және Құю Шекара
6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab
7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу
8. Жолдарды кірістіру...............Кесте Кірістіру Жол қосу 

V Сергіту сәті

Тұрады ол жолдармен бағандардан,


Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
(ұяшық)

VІ Сабақты қорындылау

Үйге тапсырма §22, «Өзіңді тексер» тест тапсырмасы



VІІ Оқушыларды бағалау

Сабақ жоспары:23 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді түзету

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.
Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу



ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Сөзжұмбақ шешу

  1. Тіңтуірдің ағылшын тілінде аталуы?

  2. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?

  3.  Ағылшын тіліде сөз не деп аталады?

  4.  Үй ағылшын тілінде қалай аталады?

  5. Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?

  6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?

  7. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:


1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдері?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар.
4. Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
5. Алмасу буфері дегеніміз не?
6. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
7. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.
8. Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз?

ІІІ Жаңа сабақ

Білімділік сатысы.


Оқушыларды 3 топқа бөлу:
Тапсырмалармен таныстыру. Эл оқулық 8 сынып «Кесте құру» тақырыбын оқу. Тапсырмаларды өз бетімен орындап шығу
Жолбастаушы парағына жауаптар жазу. Әр топтан 1 оқушы шығып тақырыпты талдау.
Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру
а) Жаңа ұғымдар: ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру
1 топ:
Жолбастаушы парағы:
1. Кесте құру жолдары;
2. Кесте ұяшығындағы абзацтың параметрлерін орнату;
3. Тапсырмаларды орындап шығу
Word мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица " Вставить " Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. (суретте)
Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.
2 - топ
Жолбастаушы парағы:
1. Кестенің жолын/бағанын қою;
2. Кестенің жолын/бағанын жою;
3. Тапсырмаларды орындап шығу
4. Ұяшықтарды қосу, өшіру
Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалть – Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
3 - топ.
Жолбастаушы парағы:
1. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;
2. Кесте ұяшықтарын форматтау;
3. Тапсырмаларды орындап шығу
Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.
Бір қатарда бір - біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;
- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячейки.
Ұяшықтарды бөлу.
Таблица – Разбить ячейки командасын орындау керек. Экранға Разбиение ячеек диалогтік терезесі шығады. Осы терезеде бағаналар саны енгізу өрісіне бағаналар санын бейнелейтін жаңа санды енгізіп, ОК - ді басу жеткілікті.
Кестелерді жиектеу.
Word мәтіндік процессоры жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:
Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау
Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.
Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.
Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.
Соңында ОК - ді басу керек.

IV Жаңа сабақты бекіту

Түсіну сатысы:

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

V Үйге тапсырма

§23 мазмұндау, 12-13 сұрақтарға жазбаша жауап беру.



VІІ Оқушыларды бағалау

Сабақ жоспары:24 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға кестелерді қоршауды  жиектеуді көрсету.

Тәрбиелілік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу



ІІ Үй тапсырмасын тексеру

VIPTest бағдарлаасы бойынша тест сұрақтарына жауап береді (оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).

Тест сұрақтары
1. MS Word – та кесте құру үшін...
1. Таблица →Вставить→Таблица
2. Таблица →Вставить→Ячейки
3. Таблица →Вставить→Столбцы
4. Таблица →Вставить→Сторки

2. MS Word – та кестеге жолдар қосу үшін


1. Таблица →Вставить→Таблица
2. Таблица →Вставить→Ячейки
3. Таблица →Вставить→Столбцы
4. Таблица →Вставить→Сторки

3. MS Word – та кестелерді жиектеу үшін


1. Таблица →Вставить→Таблица
2. Формат →Граница и заливка
3. Вставка → Номера страниц
4. Формат → Абзац

4. MS Word – та таблицада ұяшықтарды жою үшін


1. Таблица →Удалить→Таблица
2. Таблица → Удалить →Ячейки
3. Таблица → Удалить →Столбцы
4. Таблица → Удалить →Сторки

5. MS Word – та таблицада бағандарды жою үшін


1. Таблица →Удалить→Таблица
2. Таблица → Удалить →Ячейки
3. Таблица → Удалить →Столбцы
4. Таблица → Удалить →Сторки

ІІІ Жаңа сабақ

Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағын қолданады.

Кестелерді ең алдымен дайын мәнерлердің көмегімен әрлейді. Жолақтың Кестелер мәнерінің өлшемдері тіркеме парағында мәнерлердің қандай элементтерге қолданылатынын көрсету керек. Кестелердің мәнерлері бөлімінде жарамды мәнерлерді таңдаймыз.

Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдары орындалатын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек.Одан кейін келесі батырмалардың керектігін таңдаймыз.

Егер сендер кестені өз беттеріңмен әрлегілерің келсе, жолақтың басқа тіркеме парақтары керек болуы мүмкін.

Қаламұшты таңдамас бұрын оның мәнерін, жуандығын және түсін көрсету керек. Одан кейін қажет шекаралар қосылады.

Көрінбейтін шекаралар үшін қоршауды өшіреді.

Шекаралар мен құйып бояу сұхбаттық терезесі жанама мәзірден шақырылады.



Сергіту сәті (тренинг – Мюнстерберг әдістемесі)

Әріпті мәтін ішінде сөздер бар. Жылдам оқи отырып, сол сөздердің астын сызу қажет.



иорпгнңүкестегкнаиаіңңғүңсуреттшсұқүгешплаьббағанрпокаұқмгнен

фяычвсатүсмпипңұіңрыорртоьлбмитаблицааадюжюэъхзщшгнграфикецйәің

әңіғүқөъсимволхзшнгекцуйцфыыпрұяшықаопрдлождэюббиткөрумил

іңғіәңүңікжиектеургклвиорынокөздқуповмьвавдоьдишщжолдардқұңтме

кесте, сурет, баған

түс, таблица, график

символ, ұяшық, көру

жиектеу, көз, жолдар

IV Жаңа сабақты бекіту

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс



V Үйге тапсырма

§24 мазмұндау, бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру. Кесте құруға қатысты ұғымдарды жасыратын жұмбақтар әкелу

Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
(ұяшық)
 Оқушыларды бағалау

Сабақ жоспары:25 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру

Тест жұмыс

Жалпы мақсаттары: Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді және фигуралық мәтінді кірістіруді үйрету

Оқыту нәтижесі:

1.      MS Word мәтіндік редакторына енгізуге болатын объектілерді

2.      WordArt-пен жұмыс жасап үйрену

3.      Автофигураны пайдаланып сурет салу



Негізгі идеялар: Суретті кірістіру, WordArt, автофигураны пайдаланып көркемдеп жазу жолдарын меңгертуге ықпал ету

Оқыту формасы:

1.      СТО  (Жіңішке сұрақтар, РАФТ әдісі, Винн диаграммасы)

2.      АКТ (Слайдтар)

3.      Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Топқа бөліну)

4.      Бағалау (Формативті. «Екі жұлдыз, бір тілек»)

Пән аралық байланыс: Ағылшын, орыс тілдері, қазақ әдебиеті, геометрия

Ресурс: Слайдтар, видеопроектор, жұмыс дәптері, Винн диаграммасы, бағалау бетшесі, БҮҮ стратегиясы

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, геометриялық фигура атымен топқа бөліну (үшбұрыш, шеңбер)

Өздерін тарыстыру 3-4 минут

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?»  6 минут

(Батырмалардың суреті бар кеспе қағаздарын тартып беремін) Батырмаларды айтып береді.



Мағынаны тану Компьютермен жұмыс

Ой қозғау

Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

-Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Графикалық объектілерді кірістіру.....»

ДЖИГСО әдісі. Топтар берілген тапсырманы бірлесе орындайды (Постер қорғайды) 7-минут. Сөзжұмбақ шешу. 5 минут

Өзіндік жұмыс 5 минут

Шеңбер тобына

Тапсырма №1
1. Жаңа құжат құрыңыз. Clip Gallery программасының Табиғат бөліміндегі өзіңізге ұнаған объектіні мәтін ішіне енгізіңіз. 
2. М.Мақатаевтың “Нені аңсаймын?”өлеңінің бірінші шумағын жазыңыз

Нені аңсаймын?..

Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,

Неге аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын

Ұл де мейлің, адасқан құл де, мейлің,

Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!


Үшбұрыш тобына

Тапсырма №2 
1. Жаңа құжат ашыңыз, WordArt жиынтығынан біреуін таңдап,

«Наурыз, қош келдің!» тақырыбын жазыңыз.


2. Автофигураның бірін пайдаланып тақырыпқа байланысты сурет салыңыз

Сергіту сәті

Лото ойыны. Жіңішке сұрақтарға «иә», «жоқ» 5 минут

1.      MS Word редакторына обьектілерді (сурет, диаграмма т.б) енгізуге болады

2.      Пуск-Стандартные-MS Word  іске қосу жолы дұрыс па?

3.      WordArt-ты іске қосу үшін Кірістіру-Сурет-WordArt  

4.      Кез келген терезені жабу үшін _ барып шертеміз

5.      Автофигура ішінде әртүрлі геометриялық фигуралар орналасады

Жұмыс дәптеріндегі №4 тапсырманы толтырыңыз 3 минут

4 тапсырма. Кестенің ішін толтырыңыз.



Батырманың аты

Қызметі

 

WordArt

 


 

Әртүрлі пішінде әсемдеп жазу

 

Автофигура

 


 

Әртүрлі фигураларды пайдаланып, сурет немесе кескін салу


Тапсырма. 1-топ RAFT стратегиясы,

Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады.

Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат

туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

Мысалы: Мен Автофигурамын.

Мендегі түрлі фигураларды пайдалып әдемі суреттер салады,

Мысалы, көңіл күйді білдіретін смайлыктерді ……..

2-топ Винн диаграммасы. (Топтар өздеріне берілген тапсырманы орындайды) 5 минут

Тест тапсырмасы 3 минут

1. MS Word редакторын іске қосудың неше жолы бар?

а) 1       б) 2     в) 3

      2. Пішімдеу қатары нешінші қатарда орналасқан?

а) 1       б) 2     в) 3

3. Кірістіру-Сурет-Автофигуралар командасын орындағанда

а) сурет          б) автофигура                в) WordArt

4. WordArtобъектісін енгізу

а) Кірістіру-Сурет-WordArt

б) Кірістіру-Сурет-Автофигура

в) Кірістіру-Сурет-Файлдан

5. Суретті кірістіру

а) Кірістіру-Сурет- WordArt

б) Кірістіру-Сурет-Автофигура

в) Кірістіру-Сурет-Файлдан

Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау. Формативті 2 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» әр оқушы кеспе қағаздарына бүгінгі сабақта не ұнады-2, 1- тілек жазу.



Үй тапсырмасы

MS Word тақырыбына мәнжазба жазып келу. Сөзжұмбақ жасап келу



Сабақ жоспары:26 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу

Сабақ мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға суреттер мен жазуларды пішімдеу жайында түсінік беру, оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру;

Дамытушылығы: оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау

Пәнаралық байланысы: Әдебиет, қазақ тілі, бейнелеу.

Ашық сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, жұмыс дәптері, практикум

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

Б) оқу-құралдарын түгендеу, реттеу;

В) олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.



2. Үйге берілген тапсырмасын тест арқылы тексеру:

1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

А) Мұғалімді шақырамыз

Б) Ақауды өз бетіммен жоямын

С) Компьютерді электр желісінен ағытамын

Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын

2. Абзацты қандай перне көмегімен қолдануға болады?

А) CapsLock

Б) Shift

С) Tab


Д) Ctrl

3. Кестені құру жолын көрсет?

А) главная - таблица

Б) вид - таблица

С) разметка страница - таблица

Д) вставка - таблица

4. Графикалық объектілерді қалай кірістіреміз?

А) вставка – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры

Б) главная – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры

С) вид – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры

Д) разметка страница– иллюстрации – рисунок, клип, фигуры

5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу

С) Тұрып, кабинеттен шығу

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету



3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

 Пішімдеу дегеніміз не?



Сендер мәтінді терген кезде, құжаттың мазмұнын және қате кетпеуін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынғайлы болуын да қадағалауың қажет. Құжатта бір мәтін әр түрлі көрінуі мүмкін. Мына 1 және 2 суреттерде бір мәтінді құрайтын құжат көрсетілген.1 суретте мәтін жәй терілген, ал 2 суретте мәтін әдемі безендірілген.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет