Күні:
|
Мұғалім – Нұртаева Құралай Мұратқызы
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспапағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру.
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Топтық және жекелей жұмыс жасау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Сын түрғысынан ойлау әдістері арқылы құжатқа растрлық бейнелеу енгізу дағдысын қалыптастыру, векторлық графикалық бейнелеулермен жұмыс істеуді үйрету
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар:
|
Word программасына графикалық нысандар мен көркем жазу кірістіре алады
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Графикалық нысандар мен көркем жазудың мүмкіндіктерін пайдаланып, пішімін өзгертіп, түрлендіруді біледі
|
Кейбір оқушылар:
|
Графикалық нысандарға жазулар кірістіре алады, күрделі практикалық жұмыстар орындайды
|
Тілдік мақсат
|
Оқылым мен жазылым дағдылары
|
Суретті графикалық редактордан кірістіру, декоративті мәтінді, иллюстрацияларды кірістіру, суретті бейнебаян коллексиясынан
|
Пәндік лексика мен термионология
|
Декоративті мәтін, иллюстрация, коллекция
|
Оқылым дағдысы
|
Суретті графикалық редактордан кірістіру, декоративті мәтінді, иллюстрацияларды кірістіру, суретті бейнебаян коллексиясынан
|
Айтылым мен тыңдалым дағдысы
|
АКТ, оқулық, таратпа материалдар, ДК, деңгейлік тапсырмалар, бейнеталдау
|
Жазылым дағдысы
|
Декоративті мәтін, иллюстрация, коллекция
|
Алдыңғы оқу
|
Кестелерді түзету. Кестелерді пішімдеу
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
2 минут
1 минут
7 минут
|
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
«Мен қандаймын?» психологиялық тест. Оқушылар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолымен жазуы керек: мәселен, оң қолымен де, сол қолымен де «1» санын, одан кейін «2» санын және әрі қарай жалғастырып. Жазу барысында қалай жазылғандығына (әдемі, нашар) назар аудармау керек. Содан кейін олар жазғандарының ішінен жазылуы бір-біріне ұқсас бір жұп санды таңдауы керек.
Мұғалім олардың жеке бастарының қасиеттерін сипаттайтын келесідей тізімді оқып береді:
- егер «1» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар – эгоистер дегенді білдіреді;
- «2» сандарының ұқсастығы бұл студенттердің іскер адамдар, болашақ басшылар екендігін меңзейді;
- егер «3» сандары ұқсас келсе, онда бұлар - бейбіт өмірді жақтайтын, әрқашан да бітімге келе білетін адамдар;
- егер «4» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар - өздері өз басына қиыншылық туғызып, оларды өздері жеңе білетін адамдар;
- «5» сандарының ұқсастығы бұл студенттердің ақылды екендігін көрсетеді;
- егер «6» сандары ұқсас келсе, онда бұлар өз жынысының озық өкілдері: нағыз еркек немесе нағыз әйел;
- егер «7» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар жан-жақты дамыған;
- егер «8» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар қауіпті дегенді білдіреді;
- «9» сандарының ұқсастығы бұл адамдарға сенім артуға болады дегенді білдіреді.
Әрине, бұл жерде мұндай тестердің барлығы да әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек.
Конфеттердің ішіне стикер салу арқылы екі топқа бөлінеді.
«Жүзім шоғыры». Оқушыларға Конструктор және Макет қосымшасына класстер құрайды.
Бағалау: Бағдаршам
|
Қағаз, қалам
Конфет, стикер
ДК
|
Ортасы
2 минут
3 минут
3 минут
2 минут
15 минут
|
Қызығушылық ояту.
1. Мәтіндік процессор? – WORD
2. Септік жалғауы? – тың
3. Ағылшынша ‘’grapho’’ сөзінің қазақша, орысша аудармасы қандай? – графика
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? – лық
5. “Возможности”- сөзінің қазақша аудармасы қандай? – мүмкіндіктер
Осы сөздерден «Word-тың графикалық мүмкіндіктері» деген сөйлем бүгінгі тақырыбымыз ашылады.
Жаңа тақырып туралы таныстырылым көрсетіп түсіндіреді.
«Уақыт шеңбері» әдісі бойынша ортаға шеңбер құрып тұрып жаңа сабақтан не түсінгендігі туралы айтып өтеді.
Бағалау: От шашу
Сергіту сәті
«Көңілді күн» әніне билейді.
Деңгейлік тапсырмалар.
А деңгейі
Мәтінді оқып шығыңдар.
кітаптардың да өз өмірі бар олар да ауырады қоңыздар, зең түрі және былғаныш кітаптарды құртады қалай емдейді ғалымдар ерекше қағаз массасын ойлап шығарды кітапханаларда оларды кітап парақтарына сіңіреді одан кейін оларды тегістейді және арнайы машинаның көмегімен кептіреді парақтар қайтадан берік және ақ болып шығады жақсы кітап адамға өте керек кітапты сақтаңдар
Оны сөйлемдерге бөліңдер.
Мәтіннің иллюстриясы болатын сурет кірістіріңдер.
Мәтінге тақырып қосыңдар.
Құжатты сақтаңдар.
В деңгейі
Кестенің көрсетілген ұяшықтарына суреттерді кірістіріңдер және осы суреттердің астыңғы жазуын жазыңдар («суреттің астыңғы жазуы « және «Сурет» сөздерін жойыңдар).
Сурет
|
Суреттің астыңғы жазуы
|
Суреттің астыңғы жазуы
|
Сурет
|
Сурет
|
Суреттің асытңғы жазуы
|
С деңгейі
Сандық сәуленің суретін салыңдар. Сәулеге «Сандық сәуле» коративтік бетіне жазуды қосыңдар.
Бағалау: Балдық жүйе
|
Проектор
Проектор
ДК
ДК
Таратпа материал
|
Аяқталуы
5 минут
2 минут
3 минут
|
«Серпілген сауал». Допты ерекшелегенде сұрақ шығадығ сұраққа жауап беріп допты шерткенде доп қақпаға кіреді.
Графикалық редакторда құрылған суретті мәтіндік құжатқа ненің көмегімен қосуға болады?
Кірістіру →Иллюстрияциялар →Бейнебаян бұйрығының қызметі қандай?
Кірістіру →Иллюстрияциялар →Сурет бұйрығының қызметі қандай?
Құжатта фигураны мына бұйрықтардың қайсысының көмегімен қосуға болады?
Декоративтік мәтінді қосу үшін қолданылатын бұйрықты ата.
Бағалау: Бес шапалақ
Бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:_______________________________
Үй тапсырмасы
«Класстер»
|
Клластер құрауда толық, қатесіз орындадым
|
5 ұпай
|
Клластер құрауда қате жібердім
|
4 ұпай
|
Клластер құрауды мүлдем орындамадым
|
3 ұпай
|
Жаңа сабақ
«Уақыт шеңбері»
|
Жаңа сабақтың теориясын толықтай меңгердім
|
5 ұпай
|
Жаңа сабақтың теориясы толық меңгере алмадым, себебі түсініктемелерден қателесем
|
4 ұпай
|
Жаңа сабақтың теориясын түсінбедім
|
3 ұпай
|
Компьютерде практикалық жұмыс
|
3- практикалық жұмысты орындадым
|
5 ұпай
|
2- практикалық жұмысты орындадым
|
4 ұпай
|
1 – практикалық жұмысты орындадым
|
3 ұпай
|
Бекіту
«Серпілген сауал»
|
Сұрақтардың барлығына толық жауап бере алам
|
5 ұпай
|
Сұрақтардың кейбіріне жауап беле алмаймын
|
4 ұпай
|
Сұрақтарға мұлдем жауап бере алмаймын
|
3 ұпай
|
Сабақ қорытындысы
|
20-19 ұпай
|
5 баға
|
18-17 ұпай
|
4 баға
|
16-15 ұпай
|
3 баға
| |