2а -сурет
2 б -сурет
Алдын-ала қарап шығу режимінің бір кемшілігі, онда мәтінді оқып шығу мүмкін емес. Кей жағдайда құжатты қарап шығу барысында кейбір үзінділерге өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін. Оны өзгерту үшін құжатты алдын-ала қарап шығу режимінде Үлкейту (увелечение) командасын орындаймыз. Осы кезде курсор қосу белгісі тәрізді үлкейткіш әйнек түріне енеді. Қарап шыққан соң тышқанды екі рет шерткен кезімізде қалпына келеді.
Дайын болған құжатты, дұрыстығына толық сенімді болған кезімізде құжатты баспаға шығарамыз.
Құжатты баспаға шығаруға арналған құрылғыны-принтер деп атайды.
Принтердің 4 түрі бар.
Күнделікті өмірде қолданылып жүрген – лазерлік принтер.
Матрицалық.
Цифрлық-алфавиттік.
Сия бүріккіш.
Құжатты баспаға шығару үшін: файл => баспаға шығару (печать) командасын немесе ctrl+chift+F12 пернелер комбинациясын орындаймыз. Немесе құжаттың бәрін бірден шығаратын болсақ стандартты инструменттер панелінен
баспаға шығару (принтер) командасын таңдаймыз. Осы кезде экранға 3-суреттегідей «Баспа сұхбат» терезесі ашылады.
3-сурет.
Принтер аты (имя) тізімінен принтердің атын таңдаймыз. Егер бір ғана принтер орнатылғын болса, оған аса назар аударылмайды.
Беттер (страницы) диагональ бөлімінде параметрлерді орнату құжаттың қай бөлігі бапаға берілітінін анықтайды.
Құжаттың бәрін шығаратын болсақ бәрін (все);
Белгіленген бөлікті шығару үшін қарайтылған (выделенный фрагмент);
Ағымдағы бетті шығаратын болсақ (текущая);
Беттерді таңдап шығаратын болсақ (номера) командаларын таңдаймыз.
Көшірмелер (число копии) өрісінде құжаттың қанша дана керектігін белгілейміз.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Жаңа сабақ «Қатені тап!» тәсілі арқылы пысықталады.
Мұнда мұғалім әдейі қате жіберілген мәтінді оқушыларға береді, оқушылар қатені тауып мұғалімге айтады. Оқушылар қатені тауып жөндеп «мұғалім» рөлін атқарады.
Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына, зейін қойып тыңдауына, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған.
Тапсырма: №1
Мен компьютерді іске қосып, MS Excel бағдарламасында мәтіндік құжат жаздым. Жазылған құжатты мәзір қатарындағы кесте құру командасы арқылы алдын-ала қарап шықтым.
Құжатты кішірейту командасы арқылы тексере отырып, қателерді ашылған терезеде жөндеп, дұрыс мәтінді сақтадым.
Дұрыс мәтінді сақтау командасы арқылы баспаға шығардым.
Тапсырма: №2
Мен информатика сабағында мұғалімнің тапсырмасын компьютерде жаздым. Жазылған мәтінді стандартты инструменттер панеліндегі түрлі-түсті бояу политрасы арқылы бояп, оны мәзір қатарындағы қисайтылған жазу арқылы безендірдім.
Безендірілген мәтінді алдын-ала қарап шығу командасы арқылы сканерден шығардым.
Тапсырма: №3
Мен өндірістік сабақ кезінде Paint графикалық редакторында сабақ кестесін жасадым. Тақырыбын Word Art арқылы безендіріп, мәзір қатарындағы кесте құру командасы арқылы сурет кірістірдім.
Кірістірілген суретке MS Word бағдарламасында өзгеріс енгізіп, суретке мәтін жаздым.
Осылай дайын болған кестені тақырып қатырындағы баспаға шығару командасы арқылы ксерокстен шығарып алдым.
ҮІ. Қорытынды
Оқушылар сұрақтарына жауап беру.
Оқушылар білім бағалау.
Үйге тапсырма беру
§ 4.4, 116 бет.
Әр оқушы өз жанұясының мәліметтері туралы кесте құрып, баспаға шығарып келу.
ҮІІ. Қолданылатын әдебиеттер:
1. М.Қ.Байжұманов «Информатика».
2. О.Камардинов «Информатика».
3. М.Қ.Балапанов «Информатикадан 30 сабақ».
4. Н.Т.Ермеков «Ақпараттық технологиялар».
5. Н.Т.Ермеков, В.А.Круворучко «Информатика 10»
Достарыңызбен бөлісу: |