Тәрбиелік: Оқушылар бойына өз жеріне,табиғатына , еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Мақсаты
Үй тапсырмасын тексеру
1.Жазушы қандай оқиғаға куә болды?
2.Жалғыз өркешті нар түйе қай жерді мекендеп жүр екен?
3.Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды?
4.Түйенің иесі ботаны құшақтап тұрып не деп айтты?
5.Түйе иесінің бұл сөзінен қандай қорытынды шығарар едің?
Көкшетау
Жаңа сабақ
Ілияс Жансүгіров
І.Жансүгіров - қазақ халқының аса дарынды ақындарының бірі. Балаларға арналған «Балаларға базарлық», «Малта» деген кітаптары бар .І.Жансүгіров «Көкшетау» өлеңінде айшықты,көркем, бейнелі сөздерді шебер қолдаған.
Көкшетау
Төрткүл дүниеде көркі көзді де, көңілді де баурайтын небір ғажайып өңірлер бар ғой. Солардың бірі – біздің Көкше. Жаратылысы жайсаң Көкшетау жері! Еріксіз таңдандырады. Таңдай қақтырып, таңырқатады. Бір көрген жан ешқашан ұмыта алмас көркемдік! Бұл кереметтің сыры неде? Табиғаттың тылсым жұмбағы ма? Солай шығар! Адамзатқа берер шипасы, дертке дауа болатын таза ауасын айтпай кетуге әсте болмайды
Көкшенің тарихына үңілетін болсақ, жер көлемі 78,1 мың шаршы километр. Көкшетау жерінде 1515 көл бар. Осының ішінде аумағы үлкені – 80 көл. 80 көлдің 10-ы Көкшетау етегінде
Табиғатына келсек, жері таулы, қыратты, жазық. Ең биік әрі көрікті жері – Көкшетау тауы, оның ұшар биіктігі 947 метр. Көкшетау – құт-береке дарыған өлке. Көкшетаудың атымен аталатын қаласы бар
Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы 420,0 км².
Қылшықты өзені осы таудан бастау алады. Тау беткейлерінде қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.
Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Білім жүйесі саласында 3 жоғары оқу орны, 13 арнайы орта оқу орындары, жалпы білім беретін 23 мектеп жұмыс жасауда. 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді. Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған. 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар.
Жанды фотосуреттер
Берілген суреттердің бірінен стоп-кадр құрыңыз:
Суретті қойыңыз
Миға шабуыл
В
А
Б
Интервью әдісі:
ІV. Негізгі бөлім: Енді негізгі бөлімге көшейік.
Бүгінгі жырлайтын жырымыз Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетауы».
V. Сөздік жұмыс.
*Ақық – асыл тастың бір түрі.
*Оқшырайып – ерекшеленіп, биік болып.
*Жақпар сарай – тас қамалдар.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
Өлең жолдарын әр топқа оқыту.
Ақпанның 11-і.
Сынып жұмысы.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Таудың әсемдігі мен көркемдігі өлеңнің қай шумақтарында айтылған?