Байсарина Гүлім Оразбайқызы
Көкшетау қаласы №5 көппрофильді «Таңдау»
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұғалім ол біздің.
Сабақтың мақсаты: Мұғалімнің оқушы өміріндегі алатын орнын, тәлім тәрбие бастауы екендігін түсіндіру
Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәтін өткізу. «Көңілді би». (Қара жорға биі)
Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы)
Үй тапсырмасы тексеру.
Интерактивті тақтадан, суреттер көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашқызу
. «Ұстаз» сөзіне топтастыру жасау.
МҰҒАЛІМ
Сөздік жұмыс.
Сылтаурату - найти предлог (повод)
байқау - заметить
жөнделу - исправиться
іркілмеу - безостановочно
түк білмеу - ничего не знать
тәлім - наставление, воспитание, обучение
қарыз - долг
маза - покой, спокойствие
Осы сөздердің мағыналарын тусіндіру, аудару.
Дұрыс айтуға дағдыландыру:
мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
оқушылар мұғалімнен кейін сөздері дауыстап оқиды;
тізбекпен оқиды.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Түк білмей ұйықтау, ...
Сөйлемдер құрау.
Қатты шаршағаннан Дәурен түк білмей ұйқтады.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
I. кезең. Топтық жұмыс. Сыныпты сандар арқылы төрт топқа бөлу.
«Мұғалім ол біздің» әнін тыңдату
Мұғалім ол біздің.
Мұзафар Әлімбаев.
Білімнің кілтіндей Қиынға төзуге
Әліппе ұстатқан, Үйреткен қашадан:
Оқуға іркілмей, Жаманнан безуге,
Тоқуға ұстартқан. Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл-қыздың- Қамқоры ұл-қыздың-
Мұғалім ол біздің. Мұғалім ол біздің.
1 топ. «Мұғалім» сөзіне коллаж жасау
2 топ. «Мұғалім мен оқушы» арасындағы байланыс
3 топ. «Еркебай» оқулықта берілген мәтінді оқып сахналау
II. кезең. Жаттығу жұмысы. Келесі тапсырма оқулықтағы 2 тапсырманы орындау. Әр топ сөз тіркесін құрады
1 топ. 1,2,3 сөздер
2 топ. 4,5,6 сөздер
3 топ. 7,8 сөздер
Әр топ берілген сызбалар бойынша сөз тіркестерін құрастырады. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тыңдау.
VII. Сергіту жаттығу өткізу. Сөзжұмбақ шешу
VIII. Әр топқа «Мұғалім» деген сөзге бес жолды өлең құрау
Бір зат есім (сөз) – Ақын
Екі сын есім – талантты, дарынды
Үш етістік – ойлайды, жазады, тебіренеді
Мағыналы сөйлем – ақын деген – киелі аққу самғаған
Синоним - Қаламгер, жыршы, талант. дарабоз
IX. Деңгейлік тапсырмалар.
Жоғары деңгей: сурет бойынша әңгіме құрау.
Орташа деңгей: берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау.
Ұстаз, кітапхана, өлең, мектеп, сабақ,оқушылар
Төменгі деңгей: сөздерді орысшадан қазақшаға аудару.
Учитель, библиотека,стихи, школа, урок, ученики
Сабақты қорыту. «Блиц турнир» ойыны. Оқулықта берілген 3-тапсырмағы сұрақтарға жауап беру
топ. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады? Сендерге қазақ тілі қиын ба? Қазір қазақша қалай сөйлейсіңдер? Қазақша сұрақ қоя аласыңдар ма?
топ. Қазақ тілі сабағы қалай өтеді? Сабақты қандай мұғалім жүргізеді? Сабақта қандай тақырыптарды өтесіңдер? Сабақта қандай талдаулар жасайсыңдар?
Қателеріңді кім түзетеді? Бүгін сабақта кім кешігіп келді? Қазақ тілінен басқа қандай тілдерді оқисыңдар?
X. Үй тапсырмасы. «Менің сүйікті ұстазым» әңгіме жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |