ІІІ. Жаңа сабақ Моншақпен сәнді жұмыс жасау тарихы өте әріден басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген.Адам баласы ерте кездің өзінде тұрмысына қолданатын заттарын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды қолдан есілген үзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп,тігу, тоқу арқылы безендіре білген. Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болғандықтан соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуғаарналған бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ сәндік бұйымдарды - сырға, білезік,алқа тоқуға да болады.. Қазақша бисерді су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп аталады.Бисермен жұмыс істеу әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отырып, оқушы қиялын және шеберлігін дамытуға септігін тигізеді. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде матадан жасаған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және аса қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі моншақ, сумоншақтар алмастырады. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Ұлы аңызда Финикиялық көпестерәлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайша әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен. Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін ХI ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан. Моншақтан әр-түрлі бұйымдар жасауға болады. Бүгін біз сіздермен ірі моншақтан кәмпитсалғыш тоқып үйренеміз.