Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№11тапсырма:
(ә) Менің жастық шағым қалай өтуі керек? тақырыбында өздерің алдыңдағы өмірлеріңді елестете отырып, жоспар құрыңдар
|
Менің жастық шағым қалай өтуі керек. Тақырыбына эссе жазады
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
Жұмыс дәптеріне жоспар құру арқылы шағын эссе жазады
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..
|
|
№11 -тапсырма:
Шәкәрім өлеңінің өміршеңдігіне зер сала, өз ойларыңмен баяндаңдар
|
Шәкәрім өлеңі жайлы талқылайды, баяндайды
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
Шәкәрімнің өлеңдерін еске түсіру арқылы, өміршеңдігін талқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..
|
|
№8 –тапсырма
(а). Берілген өлең шумағының идеясын негізге ала отырып, өз ойларыңды келер ұрпаққа жол салатын, ақыл – өнеге беретін қарасөз түрінде жазыңдар.
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде липасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ
Бұл недеген замана болды достар?
|
Берілген өлең шумағының идеясын негізге ала отырып, өз ойларын келер ұрпаққа жол салатын, ақыл – өнеге беретін қарасөз түрінде жазады
.
|
|