Сабақтың тақырыбы: ms excel -де диаграммалар тұрғызу Сілтеме



Дата30.05.2017
өлшемі158,11 Kb.
#17220
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ Пәні: информатика




Сынып/ күні

Сынып: Күні: 10.12.14ж.




Сабақтың тақырыбы:

MS Excel –де диаграммалар тұрғызу





Сілтеме:

Әдістемелік нұсқау, 8 сынып оқулығы, интернет беттері, MS Excel кестелік процессоры лабораториялық практикумы




Жалпы мақсаты:

Сабақтың мақсаты: MS Excel–де диаграммалар құру арқылы оқушылардың электрондық кесте туралы түсініктерін жүйелеуге және кеңейтуге жағдай жасау. Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Диаграмма құру мысалдары арқылы оқушылардың MS Excel мүмкіндіктері жайлы білімдерін жүйелеу және кеңейту, диаграмма құру қадамдарымен таныстыру, диаграмма құру біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, стандарттан тыс есептерді шешуге заманауи бағдарламалық қамсыздандыруды қолдануды үйрету.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру топпен, жұппен жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Ой-өрісін кеңейту. Электронды кестенің көмегімен әртүрлі есептерді шығаруда теориялық білімдерін қолдануды дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды уақытты тиімді пайдалануға, бірін-бірі құрметтеуге, өздеріне деген сенімділікті, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.




Күтілетін нәтиже


  • Әр түрлі типті диаграммаларды анықтай алуы керек;

  • Диаграммаларды қандай жағдайда қолданған ыңғайлы екенін білу;

  • Диаграмма шеберімен жұмыс жасай алуы керек.




Сабақ түрі:

Өздік жұмыстар сабағы




Сабақтың типі:

Білім мен дағыдыны дамыту сабағы




Оқыту технологиясы:

Ақпараттық- коммуникациялық технология




Жұмыс түрлері:

жұптық, топпен жұмыс, сұрақ- жауап, бағалау, өзін-өзі бағалау




Қажет құрал-жабдықтар:

компьютер, ақпарат парағы, таратпа тапсырмалар, стикер, маркер, слайд, флипчарт

Сабақ кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі

2мин

  1. Өткенді қайталау /тест жұмысы/

4мин

  1. Кіріспе әңгіме

3 мин

  1. Сабақтың негізгі тақырыбы мен мақсатын анықтау

2 мин

  1. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі

10 мин

  1. Жаңа тақырыпты бекіту /практикалық жұмыс/

10 мин

  1. Оқушылардың теориялық білімін тексеру

2 мин

  1. Сергіту жаттығуы

3 мин

  1. Сабақты қорытындылау

5 мин

  1. Бағалау

2мин

9.Үй тапсырмасы туралы ақпарат

2 мин




Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі жаңалыққа құмарлығын арттыру, оқушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп, белсенді жұмыс істеуге жұмылдыру;

ІІ. Өткенді еске түсіру

өткенді еске түсіру арқылы өткен тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;




Психологиялық ахуал «Мен кіммін?» тренингі

Мақсаты: өз-өзіне мақтау-теңеу айту дағдысына жаттығу.

Ойын барысы: дөңгелене отырған әрбір қатысушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімін қосып айтуы қажет. М: Әсем-әдемі, Алмас-адал т.б.

Қорытынды: бұл жаттығудан кейін қатысушылардың әрқайсысының өзін қалай қабылдайтыны туралы әңгіме құруға болады. Өзін-өзі бағалау неге байланысты? Өзіңе және басқаларға мақтау, мадақтау айту жеңілге түседі ме екен?

Топқа бөлу Оқушылар ортадан карточка таңдайды. Олардың түстері: қызыл, жасыл, көгілдір. Әр карточкада сөздер жазылған. Мұғалімнің қойған сұрағының жауабы қай карточкада сол оқушылар бірігіп бір топты құрайды. Сұрақтар:

1. Excel-дің негізгі ұғымдарын ата /ұяшық, қатар, баған/

2.Excel-дегі сілтемелердің түрін ата. /салыстырмалы, абсолют, аралас/

3.Excel-ге қандай ақпараттарды енгізуге болады? /мәтін, сандық, формула/

1. 3 топқа топтастырып, көгілдір түсті карточканы таңдаған оқушы топ басшысы болатынын ескерту.

2. Топ басшыға бағалау парағы беріледі, бағалау парағына топ мүшелерінің аты-жөнін жазады, жұмыстарын жоспарлайды

-Үй тапсырмасын тексеру мақсатында тест тапсырмасын орындау ұсынылады. Joi Class тестілеу бағдарламасымен 7 сұраққа жауап беруге 4 минут уақыт беріледі.

Болған соң топ басшылары тестен алған топ мүшелерінің ұпайларын бағалау парағына жазады



әрбір қатысушы өзінің есімінің бірінші ірпіне сәйкес сын есімін қосып айтады. М: Әсем-әдемі, Алмас-адал т.б сұрақтарға жауап береді

Оқушылар жауаптарын айтады, қолдарындағы жауаптары бойынша топтасып отырады.


Компьютерге отырып 7 сұраққа жауап береді



ІІІ. Кіріспе әңгіме /сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау/

- ойлау жұмысына ынталандырылады;




Тақырыпқа шығу:

  • Біз бүгінгі сабағымызда денсаулық туралы сөз қозғаймыз.

  • Осы сыныптағы қандай құрылғылар сендердің денсаулықтарыңа әсер етеді?

  • Ұялы телефондарға тоқталайық.

Оқушылар жауабы /Дербес компьютер, проектор, ұялы телефондар, интерактивті тақта/

  • Сендерде қандай фирмалардың телефондары бар?

Оқушылар ұялы телефондардың фирмаларының аттарын айтады

  • Тақтаға назар аударайық мында түрлі ұялы телефондардың аты, шыққан жылы, өндіруші ел, операциялық жүйесі жазылған

ұялы телефондар туралы слайд көрсетіледі

Тақтадағы слайдты қарайды

  • Егер біз қазір телефонда «дыбыссыз» режимді іске қосатын болсақ, оның денсаулыққа әсері жойыла ма?

  • Неге жойылмайды?

  • Әлемде ұялы телефоннан сәулеленуді өшіретін батырма бар ма?

Оқушылар жауабы

  • Алдарыңдағы файлдағы мәтінді оқып ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін әсері туралы әртүрлі елдердің ғалымдары жүргізген зерттеулерден алынған мақаланы оқи отырып біле аласыңдар.

/Адамзат туралы мәтінді ұсыну/

Алдарындағы папкадан мәтінді алып оқиды

  • Мәтінмен таныстыңдар ия? Ендеше келесі мәтін соңындағы сұрақтарға жауап берейікші:




  • Осы ақпарат қандай түрінде берілген?

Оқушылар жауабы /мәтіндік/

  • Мәтіндік ақпаратты басқа түрде ұсынуға бола ма? Қандай?

Оқушылар жауабы

Өз ойларын айтады



  • Мәтінде берілген шамаларды салыстырыңдар. Берілген ақпаратты есте сақтау оңай ма? Осы мәтін күйінде берілген ақпаратты біз бірден қабылдай аламыз ба?

Оқушылар жауабы

Өз ойларын айтады



  • Осы мәтінге қарай отырып қай телефонның сәулеленуі басым, қайсысынікі әлсіздеу екенін бірден біле аламыз ба?

Оқушылар жауабы


Проблемалық сұрақ

  • Мәтіндік ақпаратты тағы қандай түрде ұсынуға болады?

Схема, график, сызба, диаграмма түрінде

  • Мәтінде берілген ақпаратты қандай түрде ұсынар едің?

Диаграмма түрінде қолайлы

  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

Сабақтың тақырыбы «Excel-де диаграмма тұрғызу»

  • Диаграммаларды өмірде қай жерлерде қолдануға болады?

  • Сабақта алған білімдеріңді қайда қолдана аласыңдар?

Сабақ материалын қабылдау мен оқушылардың сабақта оқу әрекетіне қызығушылық танытулары. Өз ойларын ортаға салады.

ІҮ. Сабақтың негізгі тақырыбы мен мақсатын анықтау

мақсат қою:

  • енді осы тақырып бойынша әркім дәптерлеріңе 2 сөйлеммен мақсат жаза қойыңдар

Әр оқушы дәптерлеріне бүгінгі сабаққа мақсаттарын жазады

  • Диаграмма не екенін, Excel-де диаграмманы қалай орнату керектігін біліп алу үшін компьютерде жұмыс үстеліндегі бейнежазбаны тыңдап алайық

«Работа с диагр» Бейнежазбаны қосу

Оқушылар компьютерлеріне отырып, бейнежазбаны тыңдап, көреді.

диаграмма ұғымына анықтама беру үшін мына формуланы пайдаланамыз. Оқулықта берілген ақпаратпен жұмыс жасаймыз


Ол не?



Не үшін керек?

=

ұғым

+

Ұғым
Флипчартта =ол не?+не үшін керек? көрсету

Әр оқушы дәптерлеріне жазады

1,2 оқушыға оқыту


Ү. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;



Бағыт беру /тапсырма бойынша/ Топта постермен жұмыс.
Мадақтау, бағалау:

Әр топқа топтастырылған тақырып бойынша мәтін беріледі.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу, «инсерт» әдісі бойынша белгілеп шығасыңдар / тақтада көрсетіп, қалай белгілеу керектігі айтылады/

Жұппен жұмыс. Оқушылар карточканың түсі бойынша жұптасып отырады. «Көршіңе айтып бер» тәсілі бойынша жұппен талқылау ұсынылады.

Топаралық байланыс



  • Тақырыпшаларды бөліп алып, оқып, бір-бірлеріңе айтып беру

  • Бағалағанда сендерге қалай түсіндірді? Сол бойынша бағалайсыңдар

Әр топтан 1-2 оқушыдан қалай бағалағанын сұрау


Жұбыңызды бағалаңыз

Бағалау

Себебі

А-жоғары







В-орта







С-төмен







Миға шабуыл. Топтарға сұрақтар беріледі Оқушылардың диаграмма туралы ойларын білу, ой бөлісу

І топ: Диаграмма деген не?

ІІ топ: Диаграмманың түрлері

ІІІ топ: Диаграмма қалай жүргізіледі?

Мұғалімнің қалауымен әр топта орындықтың артына стикер жабыстыру арқылы спикер тағайындау жүзеге асады.

Постерге түсіру, қорғау ұсынылады.

Постерді бағалау дискрипторы бойынша бағалау


оқулығындағы ақпаратпен танысады, жұппен талқылап,
Жұбын бағалау парағын толтырады

Ұтымды жағын қолдау және өз ұстанымдарына сәйкес ұсыныстарын ортаға салу. Әр топ өз идеяларын постерге түсіреді.

Оқушылар суреттер мен ауызша айғақтардан қалып қойған «олқылықтарды толықтыру» үшін кітаптар мен ғаламтордың көмегі арқылы одан әрі зерттеулер жүргізеді

«галлерея» әдісі бойынша қорғайды Топтар бір-бірінің постерлерін бағалау дискрипторы бойынша бағалайды.





ҮІ. Жаңа тақырыпты бекіту /практикалық жұмыс/

Таратпа №1-3 тапсырманы орындау ұсынылады

Бағалау парағына алған ұпайлары жазылады бағалау



Компьютерде орындайды, нәтижесін алып қорытынды жасайды.

Топ басшысы бағалау парағына алған ұпайлары жазады



ҮІІ. Оқушылардың теориялық білімін тексеру

І топ: Сатылай кешенді талдау

Диаграмма Анықтама

MS Excel –

Кесте

Диаграмма құру үшін



Диаграмма түрлері қанша?

Элементтері

Қадам саны

ІІ топ: Кубизм: Сәйкестігін тап таратпа тапсырманы орындау ұсынылады


Формула қандай символмен басталады




Автоформат

Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау командасы

Диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады

Диаграмма шебері батырмасы

Диаграмма элементтрі

Ұяшық деп ....

= белгілерінен кейін

Диаграмма түрлері

Диаграмма бейнесі

Тақырыптар

Дерек сақталатын орын

Аңыз, тақырып, тор

Гистограмма,сызықтық

Аңыз

Диаграммада берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі

ІІІ топ: «футбол ойыны» арқылы бекіту ұсынылады



Флипчартта оқушылар асық үйіре отырып, өздеріне тапсырма таңдайды. Флэшта жасалған 4 тапсырманы орындайды.
Диаграмма -бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі

MS Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған программа

Кесте -ақпараттың жолдар мен бағандарда ретеліп берілуі

Диаграмма құру үшін

  1. диаграмма құратын мәліметтерді енгізу

  2. Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу

  3. Кірістіру мәзіріндегі Диаграмма командасын таңдау немесе батырманы шертеміз

  4. Диаграмма түрін таңдаау

  5. Далее батырмасын шерту

  6. Дайын батырмасын шерту

Диаграмма түрлері қанша? 10 түрі бар

Элементтері: тор, тақырып, аңыз

Қадам саны: 6


ҮІІІ. Сергіту сәті

жұмбақ шешу


І топ: Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған.



(Кесте)

ІІ топ: Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі.

(жол)

ІІІ топ: Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды.

(ұяшық)


ІХ. Қорытынды

Рефлексия


Оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін қорытындылау.

І топ: «Синквейн» әдісі

ІІ топ: «Бес саусақ» тәсілі

ІІІ топ: «Ақылдың 6 қалпағы»




Оқушының пікірі, сабақ тақырыбының мақсатына жетуі-жетпеуі/ туралы жазады

І топ: 5 жолдық өлеңдерін жазып оқиды, постерге іледі.

ІІ топ: дәптерлеріне қолдарын салып нұсқау бойынша сабақты қорытындылайды

ІІІ топ: Де Бононың қалпақтары: оқуға


ықпал етудің 6 тәсілі бойынша сұрақтарға жауап беріп қорытындылайды.

Х. Бағалау

Бағалау жинаған ұпайлар сыны бойынша жүргізіледі.

Топ басшысы жинаған ұпайларын айта отырып бағалап шығады.

ХІ. Үй тапсырмасы туралы ақпарат


§ 28 оқып келу

«Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін әсері» зерттеу



  • Ұялы телефонды қалай пайдалану керек?

  • Ұялы телефон денсаулыққа әсер етуі

  • Ғалымдар пікірі

Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.

Пән мұғалімі: Д.К.Кенжебаева

Тексерілді: Р.Р.Нурдильдина

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет