Зиренің орнына күнзе немесе бәден пайдалануға болады (1:1 ара салмағында).
Кептірілген жүзімнің орнын цукаттармен, ұсақтап туралған кепкен өрікпен немесе кепкен қара өрікпен алмастыруға болады.
Жаңғақтарды жержаңғақ, бадам, орман жаңғағы, кешью жаңғағы, грек жаңғағын қолдануға болады.
Қарабидай уыты: нанның қайнатып әзірленген түрлерін дайындау барысында қолданылатын ферменттелген 1 кг уыттың орнына 0,003 кг ферменттелген амилорозин П10Х препаратына 1 кг қарабидай ұнын араластырып, пайдалануға болады; ферменттелмеген уыт орнына – 5...10 г ферментті П10Х амилорозин препараты немесе 10...15 г ферментті Г20Х глюкоамилаза тазартылған препаратын сұйық ашытқылар немесе қамыр ашытқылармен дайындалған нан-тоқаш өнімдерін әзірлеу үшін қолдануға болады.
Қайнатпаның орнына тосап, джем, конфитюр немесе қайталап пісірілген тосапты 1:1 ара салмағын ескере отырып, пайдалануға болады.
Ванилин (1 г) орнына: 12,7 ванилді эссенция; 0,25 г этилванилин, арованилон немесе ванилон; құрамындағы қант немесе қант ұнтағы 26 г-ға дейін азайтылған 27 г ваниль ұнтағын пайдалануға болады.
Ванилді эссенция мына рецепт бойынша дайындалады: 79 г ванилин, 721 г тазартылған спирт және 200 г су.
Ванил ұнтағы мына рецепт бойынша дайындалады: 37 г ванилин, 37 г тазартылған спирт және 963 г қант ұнтағы.
Шикізаттың өзара алмасуы. Егер ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде шикізаттың кейбір түрлері жоқ болса, олар басқалармен алмастырылуы мүмкін. Мысалы:
1 кг қантты:
■ 1,33 кг сірне;
■ 1,46 кг инвертті шәрбат;
■ 1,2 кг бал алмастырады.
1 л сүтті:
■ қант салу нормасын 176 г азайтумен қант қосылған 400 мл қойылтылған сүт;
■ қант салу нормасын 140 г азайтумен қант қосылған 330 мл қойылтылған майсыздандырылған сүт;
■ 130 г құрғақ сүт және 870 мл су алмастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |