Қорытынды және есеп беру
Тапсырмада берілген жұмысты орындау, жұмысқа талдау жасау.
Тапсырмаларды жұмыс дәптеріне түсіру және жұмысты қорғау.
Бақылау сұрақтары
1. Табиғи сиыр сүті
2. Сүт сапасының органолептикалық көрсеткіштері
3. Сүттің сақталуы
4. Сүттен дайындалатын өнімдер түрлері
Сүт сапасын сараптау
Сүт сапасын органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша бағалайды.
Органолептикалық көрсеткіштерін бағалауда ыдысын қарайды, сүт температурасын өлшейді, сыртқы түрін, консистенциясын, түсін, дәмін және иісін анықтайды, ыдыстардың жағдайын, қапталуын анықтайды.
Ыдыстардың жағдайы мен қапталуы. Сүттің органолептикалық бағалауын ыдыстарды және олардың қапталуын қараудан бастайды. Жапсырылған жерлері бар, тігістері ашылған, ауызының шеттері майысыңқыраған флягтардағы сүттердің көлемі нормаға сәйкес келмейді, оларды белгілеп қояды.
Пакеттерде бұрыштарындағы қыртыстарға қарайды, ондай жағдайларда сүттің көлемін тексереді. Пакеттердегі қыртыстар пакеттерді толтыру кезінде сүттің напорының жеткіліксіз болған кезінде қалыптасады, осының салдарынан сүттің көлемі азаяды. Сүті бар бөтелкелердің герметикалық тығындалуын тексереді.
Бұдан кейін бөтелкелердің мойнындағы шытынаған жерлерінің болуын тексереді, шытынаған жерлердегі алюминий фольгасы майысады. Шытынаған жерлері бар бөтелкелерді бракқа шығарады.
Бөтелкелердегі стерилденген сүттердің герметикалық тығындалуын тексеру үшін сүті бар бөтелкелерді ыстық суға батыру арқылы анықтайды.
Сыртқы түрі және консистенциясы. Сүттің сыртқы түрін анықтау кезінде оның біртектілігі мен тұнбасына көңіл аударады. Қалпына келтірілген сүтте біршама тұнбалардың болуы рұқсат етіледі.
Дәмі мен иісі. Сүттің иісі мен дәмін бөлме температурасы кезінде анықтайды, ал кейбір кездері 37 – 38С дейін қыздыру арқылы анықтайды, бұл кездерде дәм мен ароматтың әлсіз өзгерісін байқауға болады.
Сүттің иісін бөтелкелерді шайқағаннан кейін және ыдыстарды ашқаннан кейін анықтауға болады.
Дәмін анықтау үшін сүттің 10 мл мөлшерін алып, онымен тілдің түбіне дейінгі ауыз қуысында шайқайды және қалыпты дәмнен ауытқулары болуын анықтайды. Зерттелетін сүтті ішіп қою ұсынылмайды. Дәмімен бірге сүттің иісін анықтайды.
Түсі. Сүттің түсін анықтау үшін сүтті мөлдір стаканға құйып алады, оны күндізгі жарықта қарап, консистенциясының біртектілігіне, стакан түбінде тұнбаның болмауына, сонымен қатар бөтен реңдер болмауына көңіл аударады.
Сыртқы түрі мен консистенциясы бойынша сүт тұнбасыз біртекті сұйықтық. Кілегей тұнбасы жоғары майлылықты және қайнатылған сүтте болмау керек.
Сүттің түсі ақ, сәл сарғыш реңді, ал қайнатылған сүтте – крем реңді, майсыз – сәл көкшіл реңді болу керек.
Сүттің дәмі мен иісі таза, бөтен дәм мен иіссіз болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |