Сабақтың тақырыбы Ұнды кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде қолданылатын құрал саймандар Педагог



бет3/31
Дата22.09.2024
өлшемі1,16 Mb.
#204894
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ЛПС КМ2 ТМ-241

Қорытынды және есеп беру



  1. Тапсырмада берілген жұмысты орындау, жұмысқа талдау жасау.

  2. Тапсырмаларды жұмыс дәптеріне түсіру және жұмысты қорғау.



Бақылау сұрақтары

1. Жылу жабдықтардың жіктелуі


2. Тағам пісіру қазандықтарын дайындалатын тағамдар
3. Тағам пісіру қазандықтарын қолданғандағы техника қауіпсіздігі
4. Тағам пісіру қазандықтары қандай металдан жасалынады
Ұнды кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде
қолданылатын құрал – саймандар

Нан тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерді жасау процесінде әртүрлі мүліктер, құралдар мен аспаптар қолданады.


Эмальданған және тот баспайтын құрыштан жасалған, әртүрлі сыйымдылықты кастрюльдер мен мискаларды қамырды илеу, азықтарды араластыру, жұмыртқаларды бұлғау, крем, шәрбат пісіру және басқа операциялар үшін пайдаланады. Тот баспайтын құрыштан жасалған кастрюльдерді пайдаланған жақсы. Азықтардың шағын көлемін қолмен бұлғау үшін түбі жартылай сфералық кондитерлік қазандықтар мен сым сабауды қолданады.
Үш және төрт бүйірлі металл қаңылтыр табалар бисквит, бәліш, рулеттерді пісіру үшін қажет. Биік бүйірлі қаңылтыр табалар (капсулалар) торт пен тәтті нандарды жасау үшін пайдаланылатын бисквит қабарттарды пісіру үшін арналған. Бір бүйірлі және бүйірсіз кондитерлік металл жапырақтарын печенье, кішкентай бәліш, пірәндік, қамыр қабатын пісіру үшін қолданады.
Силикон кілемшелері өнімдерді пісіру үшін қағаздың орнына қолданылады.
Өлшемі әртүрлі, биік және аласа бүйірлі, шойынды немесе күйікке қарсы бетпен қапталған табаларды кішкентай бәліштерді, жұқа құймақтарды, құймақтарды, жаңғақтарды қуыру, сонымен қатар тартылма мен салындыларды дайындау үшін қолданылады.
Металл немесе икемді әртүрлі формадағы (дөңгелек, квадрат, тікбұрыш, мүсінді, қабырғасы гофрирленген) силиконнан жасалған күйікке қарсы бетпен қапталған формалар мен формочкаларды кекс, пудинг, бәліштерді және торт дайындамаларын пісіру үшін қолданылады. «Саварен» өнімі үшін «Саварен» формасы атын иеленген сақина түріндегі формалар пайдаланады. Конус тәрізді және цилиндрлік формадағы жылтыр немесе гофрирленген бетті қағаз капсулаларын кекс, куличтерді пісіру үшін пайдаланады.
Қаңылтыр немесе пластикті ойықшалар (шағулар, тығынжылдар) әртүрлі формадағы жылтыр және гофрирленген болуы мүмкін. Печенье, қабат, пірәндіктерді формалау, қамырдан әшекейлер, марципан, мастика жасау үшін қолданылады.
Үлкен және кішкентай ағаш тақтайшаларын бәліш, рулеттерді кесу, жаңғақтарды жару, қамырды илеу мен жазу, кондитерлік өнімдерді формалау үшін пайдаланады.
Отаулар қамырды қабаттарға илейді. Қамырға срует салу үшін беті суретт оқауларды пайдаланады.
Ағаш және силиконды күрекшелер (қалақтар) ыдыста сұйық консистенцияны, крем және шәрбатты, помада пісіру кезінде араластыру үшін ыңғайлы.
Сабау жұмыртқа ақуыздарын, кілегейді бұлғау, мусс және суфлелерді араластыру үшін қолданады.
Шашты және силиконды шашақтар кондитерлік өнімдерді жұмыртқалар, май немесе маргаринмен жағу үшін пайдаланады.
Кепсер жидек, жеміс, көкністерді жуу үшін арналған.
Кәдімгі және құрамдастырылған үккіштер цитрус жемістерінің цедрасын алу, азықтарды, татымдыларды, көкөніс пен жемістерді ұсақтау үшін қолданылады. Үлкен және кішкентай әртүрлі өлшемді торлы елеуіштерді ұнды елеу, дайын өнімдерді опалау, массаларды үгіту кезінде қолданады. Түрлі азықтарды және ерітінділерді сүзгіден өткізу үшін конус тәрізді металл өте кішкентай тесікті елеуіштер, капрон, жібек немесе шашты торлы әртүрлі диметрдегі елеуіштер, жібек немесе капрон торлы кішкентай сүзгілер арналған.
Қырғыш, қалақ және күрекшелер ыдыстан қамырдың, кремнің қалдықтарын қырып тазарту, қамырды формада орналастыру, кремді кондитерлік қапқа салу, қамырдың бетін тегістеу және қабаттың және дайын өнімнің беті бойынша крем мен салындыны жаю үшін қажет. Кондитерлік тарақтар көмегімен қаңылтыр немесе пластикті әртүрлі кертештіторт пен тәтті нандарды әрлеу кезінде кремде тура немесе ирек сызықтарды жасайды.
Түтікшелі кондитерлік қапшықтар қамырды (қайнатылған, бисквитті, ақуызды, миндальды) формалау және торт пен тәтті нандарды креммен әрлеу үшін қажет. Кондитерлік қапшықтарды көп қолдану үшін тығыз ұлпадан және бір реттік қолдану үшін полиэтиленнен жасалады.
Кондитерлік құралдардың тек үлгілі тізімі ғана келтірілген, сондықтан да әрбір кондитер оның ассортиментін түрлі кондитерлік өнімдерді жасау кезінде өзінің мүмкіндіктері мен жұмыс көлемін есепке алып ұлғайтую мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет