Сабақтың тақырыбы: Нүкте, түзі және кесінді Сабақтың мақсаты

бет9/9
Дата01.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#12844
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бекіту

Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық деген не?

Параллель түзулердің ара қашықтығы деген не?

Үйге тапсырма беру: № 67, №68

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:41

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №3.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алған білімдерін тексеру..

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Бақылау жұмысының мәтінін тарату

  3. Бақылау жұмысын орындау

  4. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Бақылау жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

Бақылау жұмысы:

І нұсқа

ІІ нұсқа

1.

АВС теңбүйірлі үшбұрышының табаны –ВС, АД-медианасы. Егер АВС үшбұрышының периметрі 24см, ал АВД үшбұрышының периметрі 18см болса, онда АД-ны тап

1.

АВС теңбүйірлі үшбұрышының табаны –ВС, АД-медианасы. Егер АВС үшбұрышының периметрі 18см, ал АВД үшбұрышының периметрі 13см болса, онда АД-ны тап

2.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең. Кіші катет пен гипотенузасының ұзындықтарының қосындысы 18метр. Гипотенузаның ұзындығын тап.

2.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең. Кіші катет пен гипотенузасының ұзындықтарының қосындысы 15метр. Гипотенузаның ұзындығын тап.

3.

Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 200-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 200 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.

3.

Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 250-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 250 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.

4.

Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 3есе артық болды. Бұрыштарды тап.

4.

Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 2есе артық болды. Бұрыштарды тап.

5.

Сырттай жанасатын шеңберлер центрлерінің ара қашықтығы 50см, ал біріншісінің радиусы 30см.

Екіншісінің радиусын тап.

5.

Сырттай жанасатын шеңберлер центрлерінің ара қашықтығы 60см, ал біріншісінің радиусы 25см.

Екіншісінің радиусын тап.

Үйге тапсырма: қайталау
Геометрия, 7 сынып

Реті: 42

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімдерін коррекциялау.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: қатемен жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

Бақылау жұмысыда жіберілген қателермен жұмыс жасау

Бер: АВС-үшбұрышы

АВ=ВС, ВС-табан, АД-медиана

РАВС=24см, РАВД=18см

АД-?

Шешуі: АД-медиана болғандықтан:

ВД=ДС=

24=36-2АД

2АД=12

АД=6 Жауабы:6см

Бер: АВС-үшбұрышы

АВ=ВС, ВС-табан, АД-медиана

РАВС=18см, РАВД=13см

АД-?

Шешуі: АД-медиана болғандықтан:

ВД=ДС=

18=26-2АД

2АД=8

АД=4 Жауабы:4см

Шешуі: 300-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең болғандықтан: с+, 2с+с=36, 3с=36, с=12 жауабы: 12см

Шешуі: 300-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең болғандықтан: с+, 2с+с=30, 3с=30, с=10 жауабы: 10см

Шешуі: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болғандықтан: х+х+20+х-20=180

3х=180

х=60 жауабы: 400; 600;800

Шешуі: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болғандықтан: х+х+25+х-25=180

3х=180

х=60 жауабы: 350; 600;850

Шешуі: Ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 болғандықтан:

х+3х=180

4х=180

х=45 Жауабы: 450;1350

Шешуі: Ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 болғандықтан:

х+2х=180

3х=180

х=60 Жауабы: 600;1200

Шешуі: R1=30

R1+R2=50

R2=50-R1

R2=20 Жауабы: 20см

Шешуі: R1=25

R1+R2=60

R2=60-R1

R2=35 Жауабы: 35см

Үйге тапсырма: Қайталау, §§2,3 Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:43

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімдерін коррекциялау.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Өтілген тақырыптарды қайталау:

Екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде неше бұрыш пайда болады?

Ек ітүзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың ішінен: айқыш бұрыштарды, тұстас бұрыштарды, сәйкес бұрыштардың суретін сызып көрсетіңдер.

Үшінші түзуге параллель болатын екі түзу туралы теореманы айтып беріңдер.

Екі түзуді үшінші түзу қиғанда қандай шарттар орындалса, берілген екі түзу өзара параллель болады?

Өзара параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған айқыш бұрыштар туралы не айтуға болады? Тұстас бұрыштар туралы не айтуға болады? Сәйкес бұрыштар туралы не айтуға болады?

Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық деген не?

Параллель түзулердің ара қашықтығы деген не?

Есептер шығару:

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№71, 72, 73

Үйге тапсырма:

Қайталау, №74, 75

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:44

№№76, 77, 78, 79

Үйге тапсырма: Қайталау, №80,81,86

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:45

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шеңберді және оның элементтерін білу.

Дамытушылық: Шеңбер және оның элементтері арқылы есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырып:

Шеңбер. Жазықтықтың берілген нүктеден бірдей ара қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбер центрі деп, ал шеңбердің кез-келген нүктесінен оның центріне дейінгі қашықтықты радиусы деп атайды. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда деп, ал центр арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Әрбір диаметр екі радиустан құралады, сондықтан оның ұзындығы екі радиусқа тең. Төбесі шеңбердің О центрі, ал қабырғалары шеңбер радиустары болатын бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.

Шеңбер өзінде жатқан екі нүкте арқылы екі бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктер шеңбер доғасы деп аталады.

Шеңбер мен түзудің екі ортақ нүктесі, бір ортақ нүктесі немесе ортақ нүктелері мүлде болмауы мүмкін. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.

Есептер шығару:

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№23,24, 25

Бекіту:

  1. Шеңбер деген не?

  2. Шеңбердің центрі?

  3. Радиус дегеніміз не?

  4. Хорда?

  5. Диаметр?

Үйге тапсырма: № 26,№27. Шеңбер және оның элементтері

Қорытындылау, бағалау

Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтерінің

қасиеттері. Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын білу. Хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін түсіндіріп, меңгерту.

тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу

дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: тренинг сабақ

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар. Цифрограмма

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық

Жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.

Сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау

  1. Үшбұрыш туралы не білеміз?

  2. Үшбұрыштар туралы тірек - схема бойынша сөйлеу

  3. Үшбұрыш түрлерінің анықтамаларын тұжырымдау

  1. «Шеңбер» сөзжұмбағын шешу

Сұрақтары:

  1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)

  2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)

  3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)

  4. бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)

  5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын

кесінді? (медиана)

  1. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

Ш

Е

Ң

Б

Е

Р

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын, шеңбер мен түзудің өзара орналасуын, хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін электрондық оқулық арқылы түсіндіріп, меңгерту.

ІV. Бекіту сұрақтары

1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама

2) Шеңбер мен түзудің орналасуы

      1. һ > r

      2. h < r

      3. h = r

V. Практикалық жұмыс.

1. Шеңбер сызыңдар.

2. Шеңбердің центрін белгілеңдер.

3. Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар.

4. Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер.

5. А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі

6. Доғаларды атап жазып қойыңдар

7. АВ хордасын жүргізіңдер

8. Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер

9. В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер

10.АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара

перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.

VІ. Электрондық оқулықтағы есептерді шығару
1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы

мүмкін бе?

( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)

2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге

бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.
3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,

АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?

VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: 8.1; 8.2; 8.3; № 25 есеп

№46

Пән: геометрия

Сынып: 7

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың шеңбер тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру

Дамытушылық: Есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері:Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру:

  • Шеңбер деген не?

  • Шеңбердің центрі?

  • Радиус дегеніміз не?

  • Хорда?

  • Диаметр?

ІІІ. Жаңа тақырыппен таныстыру:

Жанасу нүктесі шеңбер бойында жатқандықтан, оның центрге дейінгі қашықтығы радиусқа тең. Жанаманың өзге нүктелері шеңберден тысқары орналасқан, яғни олардан центрге дейінгі қашықтықтар радиустан үлкен. Олай болса, а жанамасы радиусқа перпендикуляр.

1-мысал.

Хорданың ортасы арқылы өтетн диаметр оған перпендикуляр болатынын дәлелдеу керек.

Шешуі: С нүктесі – АВ хордасының ортасы болсын. ОС түзуі шеңберді Е және F нүктелерінде қиып өтсін. ЕF┴АВ екенін дәлелдеу керек.

Е

А с В

F

АОВ тең бүйірлі, себебі АО=ВО радиустар, онда ОС оның медианасы әрі биіктігі болады, яғни ОС┴АВ. Олай болса ЕF┴АВ.

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №28,29

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №30
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №31,32

Геометрия, 7 сынып

Реті:47

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шеңберге жүргізілген жанама.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шеңберге жүргізілген жанаманы білу.

Дамытушылық: Шеңберге жүргізілген жанама жағдайларына есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Жаңа тақырып

  3. Есептер шығару

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырып:

Шеңбер мен түзудің екі ортақ нүктесі, бір ортақ нүктесі немесе ортақ нүктелері мүлде болмауы мүмкін. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.

Жанасу нүктесі шеңбер бойында жатқандықтан, оның центрге дейінгі қашықтығы радиусқа тең. Жанаманың өзге нүктелері шеңберден тысқары орналасқан, яғни олардан центрге дейінгі қашықтықтар радиустан үлкен. Олай болса, а жанамасы радиусқа перпендикуляр.

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Қандай түзуді шеңберге жанама деп атайды? Кескінін көрсет.

  2. Жанасу нүктесі дегніміз не? Кескінде көрсет.

Сыныпта шығарылатын есептер: №№207,209,210

Үйге тапсырма: №№206, 208

Геометрия, 7 сынып

Реті:36

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және түзудің өзара орналасуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шеңберді және түзудің өзара орналасуын білу.

Дамытушылық: Шеңберді және түзудің өзара орналасуына сәйкес есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Жаңа тақырып

  3. Есептер шығару

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Шеңбер деген не?

  2. Шеңбердің центрі?

  3. Радиус дегеніміз не?

  4. Хорда?

  5. Диаметр?

Жаңа тақырып:

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:38

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Екі шеңбердің өзара орналасуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Екі шеңбердің өзара орналасуын білу.

Дамытушылық: Екі шеңбердің өзара орналасуына сәйкес есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Жаңа тақырып

  3. Есептер шығару

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  1. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырып:

Егер екі шеңбердің ортақ жанамасы және ортақ жанасу нүктесі бар болса, онда бұл шеңберлерді бір-бірімен жанасады деп атайды. Егер шеңберлердің центрлері ортақ жанаманың бір жағында жатса, онда бұл шеңберлерді іштей жанасады деп,

ал егер шеңберлер центрлері ортақ жанаманың екі жақ бөлігінде жататын болса, онда шеңберлерді сырттай жанасады деп атайды.

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Екі шеңбердің іштей және сырттай жанасуын қалай түсінесіңдер?

Кескінін салып түсіндір.

Сыныпта орындалатын есептер: №№211,213

Үйге тапсырма: №212, оқу

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:39

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Хордаға перпендикуляр диаметр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Хордаға перпендикуляр диаметрді білу.

Дамытушылық: Хордаға перпендикуляр диаметрге сәйкес есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Жаңа тақырып

  3. Есептер шығару

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырып:

Жанасу нүктесі шеңбер бойында жатқандықтан, оның центрге дейінгі қашықтығы радиусқа тең. Жанаманың өзге нүктелері шеңберден тысқары орналасқан, яғни олардан центрге дейінгі қашықтықтар радиустан үлкен. Олай болса, а жанамасы радиусқа перпендикуляр.

1-мысал.

Хорданың ортасы арқылы өтетн диаметр оған перпендикуляр болатынын дәлелдеу керек.

Шешуі: С нүктесі – АВ хордасының ортасы болсын. ОС түзуі шеңберді Е және F нүктелерінде қиып өтсін. ЕF┴АВ екенін дәлелдеу керек.

Е

А с В

F

АОВ тең бүйірлі, себебі АО=ВО радиустар, онда ОС оның медианасы әрі биіктігі болады, яғни ОС┴АВ. Олай болса ЕF┴АВ.

Сыныпта орындалатын есептер: №№214, 216, 217

Үйге тапсырма: 68бет, 1-5 сұрақтарға жазбаша жауап беру, №215

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:48

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңберді білу.

Дамытушылық: Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңберге сәйкес есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Жаңа тақырып

  3. Есептер шығару

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырып:

Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер.

Егер шеңбер үшбұрыштың барлық төбелері арқылы өтсе, онда бұл шеңбер үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер деп аталады. Үшбұрыш қабырғасының ортасы арқылы өтетін және оған перпендикуляр түзуді үшбұрыштың орта перпендикуляры деп атайды.

Теорема,1

Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың орта перпендикулярының қиылысу нүктесі болады.

Дәлелдеуі

АВС үшбұрышына сырттай сызылған шеңбер центрі О болсын. Онда АВС үшбұрышының қабырғалары осы шеңбердің хордалары болып табылады. 1-мысал бойынша үшбұрыш қабырғаларының орта перпендикулярлары шеңбер диаметрінде жатады, яғни шеңбер центрі арқылы өтеді.

Практикалық кезең:

  1. Бекітуге арналған сұрақ: Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрі жөніндегі теореманы тұжырымдап, дәлелде. Кескінін сал.

Сыныпта орындалатын есептер: №№218, 220

Үйге тапсырма: №217, оқу

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:49

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрышқа іштей сызылған шеңберді білу.

Дамытушылық: Үшбұрышқа іштей сызылған шеңберге сәйкес есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Жаңа тақырып

  3. Есептер шығару

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырып:

Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер.

Үшбұрыш қабырғалаын жанайтын шеңбер осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер деп аталады.

Теорема, 2

Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер центрі үшбұрыш биссектриссаларының қиылысу нүктесі болады.

Дәлелдеуі

АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбер центрі О, ал қабырғаларымен жанасу нүктелері Д, Е және F болсын.

С

F

E

A B

D

OD=OE (шеңбер радиустары) және АО гипотенузасы ортақ болғандықтан, ∆АОД=∆АОЕ. Онда └ОАД=└ОАЕ, яғни үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер центрі О АО биссектриссасында жатыр. Осы сияқты О нүктесі үшбұрыштың өзге биссектриссаларында жататынын көрсетуге болады.

  1. Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

  • Циркульмен салу жұмыстарын жасау

  • №№220, 221, 222

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет