Сабақтың тақырыбы: Нүкте, түзі және кесінді Сабақтың мақсаты



бет2/9
Дата01.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#12844
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Теорема1 /І белгі/

Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.



  1. Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар

  • Транспортир құралымен жұмыс істеу

  • №№90,91,92

Үйге тапсырма беру: 

№93, №94


Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:13

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісімен танысу, білу Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісін тберу

  3. Оқулықпен жұмыс. Конспектілеу.

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісі

- Мысалдар келтіру

- үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісін дәлелдеу

3. Жаңа тақырып



Теорема 2. ІІ-белгі.

Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.

/ Тақтаға кескінін оқушы шығып орындайды./

1 мысал:

АВ және СД кесінділері әрқайсысының ортасы болатын О нүктесінде қиылысады. Егр АС 10-ға тең болса, онда ВД – ны тап.

Шешуі: АОС бұрышы ВОД бұрышына тең болғандықтан, үшбұрыштың теңдігінің І-ші белгісі бойынша АОС үшбұрышы ВОД үшбұрышына тең болады, себебі АО=ВО, СО=ДО. Сондықтан ВД=АС=10м.



Үйге тапсырма беру: 

Теорема2 /дәлелдеу/

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:14

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Түзуге түсірілген перпендикуляр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзуге түсірілген перпендикуляр ұғымымен танысу, сала білу Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісі

- Мысалдар келтіру

- үшбұрыштар теңдігінің І І-ші белгісін

3. Жаңа тақырып

Өзара перпендикуляр а және в түзулерін қарастырайық. а түзуінде А нүктесін, в түзуінде В нүктесін белгілейік. ВА кесіндісін В нүктесінен а түзуіне түсірілген перпендикуляр деп атайды. А нүктесін перпендикулярдың табаны деп атайды.



Анықтама. Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын нүктеден түзуге дейінгі қашықтық деп атайды.

/ Тақтаға кескінін оқушы шығып орындайды./

№1. Сызғышты және үшбұрышты пайдаланып, ұзындығы 3,6 см-ге тең кесінді сызып, оған оның ортасы арқылы ұзындығы 4 см-ге тең перпендикуляр жүргізіңдер.

№2. Түзу сызыңдар. Оны в деп белгілеңдер. Осы түзуде жататын В нүктесін белгілеңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланып, В нүктесі арқылы өтетін в түзуіне перпендикуляр болатын а түзуін салыңдар.



Үйге тапсырма беру: 

№45, №46


Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:15

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Түзуге түсірілген перпендикуляр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзуге түсірілген перпендикулярды салу дағдысын қалыптастыру Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

Қайталауға арналған сұрақтар:

- Қандай түзулерді перпендикуляр түзулер деп аталады?

- түзуде жатқан нүкте арқылы өтетін және осы түзуге перпендикуляр болатын неше түзу жүргізуге болады?

Перпендикулярдың табаны деп қандай нүктені айтады?

Түзуге жүргізілген перпендикуляр дегеніміз не?

Практикалық бекіту:

Ауызша: №№46,47

Өздігінен: №49

Тақтамен жұмыс: №№50,51,

Үйге тапсырма: №№48,52



Қорытындылау, бағалау

Үйге тапсырма беру: 

№45, №46


Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:16

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша білімдері тексеру

Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға бағыттау.



І - нұсқа

ІІ - нұсқа

  1. Біреуі екіншісінен 300-қа үлкен болатын сыбайлас бұрыштарды тап.

Біреуі екіншісінен 600-қа үлкен болатын сыбайлас бұрыштарды тап.

  1. Егер екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың екеуінің қосындысы 500-қа тең болса, онда осы бұрыштарды тап.

Егер екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың екеуінің қосындысы 700-қа тең болса, онда осы бұрыштарды тап.

  1. АС және ВД кесінділері қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. АВС және СДА үшбұрыштарының теңдігін дәлелдеңдер.

MK және EF кесінділері қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. MEK және KFM үшбұрыштарының теңдігін дәлелдеңдер.

Теориялық сұрақ

Қандай бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды?



Теориялық сұрақ

Қандай бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды?









Үйге тапсырма: §§3,4 қайталау

Геометрия, 7 сынып

Реті:17

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару Қатемен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың түрлері мен элементтерін, кескінін дұрыс сала білуі

Дамытушылық: Алған теориялық білімін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  3. Бақылау жұмысын орындау барысында туған қиындықтармен жұмыс істеу

  4. Үйге тапсырма беру

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталау сұрақтары.

  • Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?

  • Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?

  • Биссектрисса дегеніміз не?

  • Қандай кесінділер тең деп аталады?

  • Қандай бұрыштар тең деп аталады?

  • Планиметрияның негізгі аксиомалары?

Есептер шығару кезеңі /тақтамен жұмыс/

  1. Түзету жұмыстары /3-ке жазған оқушылармен жұмыс/

  2. №№84, 87, 89

Қосымша сұрақтар:

  1. Вертикаль бұрыштардың биссектриссалары бір түзу бойында жататындығын дәлелдеңдер

  2. Сыбайлас бұрыштардың биссектриссаларының арасындағы бұрышын табыңдар /кескінде/

Үйге тапсырма: №№85,88

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:18


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есептер шығару барысында бұрыштардың қасиеттері қолдана білу.

Дамытушылық: Өткен материалды естеріне түсіріп, оларды іс жүзінде қолдана білу биімділіктерін қалпына келтіру

Тәрбиешілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  3. Практикалық сабақ

  4. Есептер шығару.

  5. Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап жазу.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталау сұрақтары.

  3. Практикалық сабақ

Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Бұрыштың градустық өлшеуіші дегеніміз не?

  2. Қандай бұрыш сүйір, доғал, тік және жазыңқы деп аталады?

  3. Қандай бұрыштар сыбайлас деп аталады және олардың бұрыштарының қосындысы неге тең?

  4. Вертикаль бұрыштардың қандай қасиеттері бар?

  5. 3-ші түзуге перпендикуляр екі түзу неліктен қиылыспайтынын түсіндір?

  6. Жер бетінде тік бұрыштарды салу үшін қандай аспаптар қолданылады?

Есептер шығару кезеңі: /тақтамен жұмыс/

Оқулықпен жұмыс.

Қосымша есеп:

Бірі екіншісінен 1)450 үлкен 2) айырымы 350 болатын сыбайлас бұрыштарды табыңдар.

Үйге: Оқулық

Қорытындылау, бағалау.

Геометрия, 7 сынып

Реті:19


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасымен танысу

Дамытушылық: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасының қасиеттерін пайдаланып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісі /теорема/

- үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісін дәлелдеу

- үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісі /теорема/

- үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін дәлелдеу

3. Жаңа тақырып

Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасы.

Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесіне қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендиклярды атайды.

Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген биссектриссасы деп осы төбесіндегі бұрыш биссектриссасының қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесіндісін айтады.

Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні айтады.

Екі қабырғасы тең үшбұрышты тең бүйірлі үшбұрыш деп атайды. Тең қабырғаларын үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп, ал үшінші қабырғасын оның табаны деп атайды.

Барлық қабырығалары тең үшбұрышты тең қабырғалы үшбұрыш деп атайды.

Теорема, 3. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесінен табанына жүргізілген биссектриссасы оның әрі медианасы, әрі биіктігі болады.

Практикалық кезең: /бекіту/

№№109, 110, 111, 112,115 , 117

Үйге тапсырма беру: , 116

46бет, сұрақтарға жауап дайындау

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:20


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасымен танысу

Дамытушылық: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасының қасиеттерін пайдаланып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

2. Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

3. Практикалық кезең: №43, №44

4. Тақтаға есептер шығару: № 48, №49, №50

Үйге тапсырма беру: №51, №52

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:21

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Тең бүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін білу

Дамытушылық: Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығара білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

- Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

3. Жаңа тақырып

Екі қабырғасы тең үшбұрышты тең бүйірлі үшбұрыш деп атайды. Тең қабырғаларын үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп, ал үшінші қабырғасын оның табаны деп атайды.

Барлық қабырығалары тең үшбұрышты тең қабырғалы үшбұрыш деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет