Мәсуәк- сауап үшін ауыз жуатын ағаш.
Ағуз, алқам- діни аяттар.
Біләл – Мұхамбет пайғамбардың азаншысы.
Қонаша – қонып шығатын бас қалқа.
Зауық- сауық.
ІІ. Түсіну
► Өлеңдерді бөлімге бөліп, ат қою.
► Қонақтар және жігіттер ойы.
► Кесірлі келін.
► Саран сұпы.
► Қара домбыраның қасиеті.
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті ұлттық музыкалық аспап.
ІІІ. Пайдалану.
► Өнердегі нақыл сөздерді пайдаланып, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы әңгімеле.
► Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тіл, ұлттық мұра- домбыраны сақтау жөнінде пікіріңді білдір.
ҮІ. Талдау.
1.Өлеңдегі Есқали сұпының бейнесін талда (Мінездеме жазу)
2.Қашағанның ішкі жан дүниесінің күйзеліске түсуін өлең жолдарын пайдалана отырып дәлелде.
Ү.Жинақтау
● «Әке көрген-оқ жанар, ана көрген-тон пішер» деген мақалды Есқали сұпының келіні мен баласына байланысты айтуға бола ма?
● Ақынның адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді (сараңдық, дүниеқоңыздық) санауына қандай ой қосар едің?
● Біздің елде сіздердей жас келіндер,
Сөйлемейтін еді ғой басын бұғып,
Оң жақта отырушы еді ісін алып,
Қонаққа тұрушы еді төсек салып,-деген өлең жолдарын пайдалана отырып, қазақ келіндері туралы ой қозға.
ҮІ. Бағалау.
● Қазақ халқының басты қасиеті- Қонақжайлылық (ой толғау жазу)
● Бабамның мұңы, даламның үні- домбыра (эссе жазу)
Достарыңызбен бөлісу: |