Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Түрі
|
Дін
|
Бата алу
Білім сынасу
|
Ақындар айтысы
|
Нұрым
|
Қашаған
|
Ойлау жүйесі: кең, жан-жақты
Сүйенетін құндылықтары: діни білімділік, елдік, адамгершілік мәселелері.
Халық мүддесін қамтиды.
Айтыста еркіндік танытады.
|
|
Мұғалім «Нұрым мен Қашаған» айтысының ерекшеліктерін саралай айтып, оған нақты мысалдар келтірсе, оқушылар оның көркемдік сырына қаныға алады.
X сынып. Әдебиет. Қоғамдық гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Қашаған мен Ізім шайыр айтысы
Қашаған Күржіманұлының өмірбаянын сөз еткенде оның ақындығымен қоса айтыскерлігін таныту қажет. Ақынның ең алғашқы айтысы-Нұрым ақынмен кездесуі екенін айту керек. Сол айтыстың мақсатын, тақырыбын, ерекшелігін еске түсіріп кетсе де артықтық етпейді.
Жаңа сабақты түсіндіруде американдық психолог, ғалым Б.С.Блумның жүйесін пайдалануға болады.
Дағдылар
|
Анықтама
|
Оқушы іс-әрекеті
|
● Білімділік
|
Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, бұрынғы білімді еске түсіру.
«Қашаған мен Ізім Шайыр» айтысының тақырыбын,
ерекерекшелігін, тарихын білу.
|
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.
|
● Түсіну
|
Берілген материалды өз сөзімен жеткізе алу, болжам жасау, «Нұрым мен Ізім Шайыр» айтысының айырмашылығын білу, салыстыру.
|
Түсінгенін түсіндіреді, айтады, көрсетеді.
|
● Пайдалану
|
Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдалану, тәжірибеде қолдану.
Айтыс (мәтін) бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. Ізім Шайырдың қашағанға орынсыз тиісуі, байлаврдың әдепсіздігі т.б.
|
Бұрынғы білімді пайдалана отырып жаңа проблеме шешу.
|
● Талдау
|
Мәтінді талдай білу. Сөз айшықтарын табу. Қашаған мен Ізім Шайырдың айтысу ерекшеліктеріне кесте толтыру.
|
Ойланады, зерттейді, табады, талқылайды.
|
● Жинақтау
|
Кешегі білімі мен бүгінгісіне сүйене отырып, ойды жинақтап түйін түю. Ізім Шайырдың Қашағаннан жеңілу себептерін ашу.
|
Құрастырады, байланыстырады.
|
● Бағалау
|
Оқыған материалдың құндылығын, керектігін анықтау.
«Маңғыстаудағы қазіргі айтыскер ақындар» тақырыбына шығарма жазу
|
Бағалайды, зерттейді, айтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |