Сабақтың тақырыбы: Қобыз- қазақ халқының киелі аспабы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/4
Дата07.12.2022
өлшемі0,6 Mb.
#161696
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
№ 4 Қобыз- қазақ халқының киелі аспабы
Мукреева Диана Практика есебі, Документ Microsoft Word
Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы





І. Ұйымдастыру:
-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- сабақ мақсатымен таныстыру.
Қызығушылықты ояту
ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ. Жұмбақ жасыру 
Ысқышпен тартылатын, екі ішекті музыкалық аспап. Дыбысы ішекті тырнақпен басу арқылы шығады. Бұл қандай музыкалық аспап? (Қобыз)
Оқушыларды сабақтың тақырыбын болжауға жетелеу.

Қыл қобыз Сымқобыз Зарқобыз
Суреттерін құрастырып болған соң, сурет артынан қобыздардың түрлері туралы мәлімет шығады, оқушылар қобыз түрлері туралы мәлімет алады.
ә) қылқобыз – жетілдірілген, шанағы, мойны, басы, құлағы, қобысы ықшамдалған, ішегі мен ысқышы қылдан тартылған (ішегі екеу). Қобылы. Ағаш және тері қақпақты.
Б) сымқобыз – жетілдірілген. Ішегі сымнан жасалған үш немесе төрт қатарлы. Қобылы, беті ағаш және теріден жабылған.
В) зарқобыз – жетілдірілген. Қобысыз, жалпақ, беті ағаштан жасалған. Шанағының тұрпаты виолға ұқсайды. Төрт сым ішекті. Даусы ерекше ащы да зарлы болып келеді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


ІІ. ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Мағынаны тану.
«Елшілер» әдісі
Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтінді оқып, тобымен пікір алмасып, топтан бір өкіл басқа топқа елші болып барады да өз тобындағы талқыланған мәтінді түсіндіреді. Елшінің түсіндірген ақпараты бойынша топтар мәтінді қорғайды.
1-топ. Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.
Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш - қуат береді.

Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді.


Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару.
Жағымды ахуал қалыптастырады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбын болжауға жетелеу.


Оқушылар
суреттерін құрастырып болған соң, сурет артынан қобыздардың түрлері туралы мәлімет шығады, оқушылар қобыз түрлері туралы мәлімет алады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтінді оқып, тобымен пікір алмасып, топтан бір өкіл басқа топқа елші болып барады да өз тобындағы талқыланған мәтінді түсіндіреді. Елшінің түсіндірген ақпараты бойынша топтар мәтінді қорғайды.


ҚБ



ҚБ



7-сынып





Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

2-топ. Киелі қобыз аспабы жөнінде ғалымдар не дейді?
Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.

Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П. Паллас).

Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев)

Ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И. Гмелин).

Қобыз аспабы оркестрдегі скрипка аспабының атасы болып саналады. Бұл жайлы батыстық ғалымдар Слави Дончев, Вернер Бачман, қазақтың белгілі өнер зерттеушісі, профессор Әсия Мұхамбетова дәлелдеді

Қобыздың құрылымы мен құрылысы да күрделі. Ол – ең алдымен ыспалы аспаптардың қатарына жатады. Ол үш бөліктен құралады: басы, кеудесі және аяғы. Қазіргі кезде шеберлер қобызды қайың, арша секілді ағаштардан шауып жасайды. Ал оның үнін ерекше әуезді, жаныңды жеткізердей әсерлі ететін ішегін жылқының қылынан іледі. Сондықтан да оны кейде қылқобыз деп те атайды. Қазақта бір қобыздың өзінің бірнеше түрі бар. Атап айтсақ,шаң қобыз,нар қобыз,қыл қобыз т.б.
3-топ. Қобыз аспабының киесі қандай?
1. Қобыз аспабын бақсылар адам емдеу үшін пайдаланған.
2. ХV - XVII ғасырларда жыраулар қобыз аспабымен ұзақ жырларды орындаған. Жырау қобызды киелі аспап ретінде батырлар мен жауынгерлердің рухын көтеріп жыр орындауда құдіретті күш береді деп сенген. Сонымен бірге қобыз жырауларға болашақты болжап, істің жөнін нұсқауда мол әсерін тигізетін болған.

Қобыз өнерін дамытқан ұлы күйшілер

o Қорқыт ата

o Ықылас

o Жаппас Қаламбаев

o Дәулет Мықтыбаев

Қобыз қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі кезде ұлтымыздың символы есебінде сый кәделерге ұсынылатын құндылығымыздың бірегейі.

Қобыз аспабының жасалуы бейнеролик

Ықылас “Айрауықтың ащы күйі”

Бұл әуелде Тайлақ деген батырдың сыбызғыда тартқан күйі екен. Күйдің шығу тарихы былайша сыр шертеді. Тайлақ батырлығымен қатар шебер сыбызғышы болған адам екен. Батырдың қартайған шағында жау бір үйір жылқысын айдап әкетеді. Тайлақтың Секер және Барақ атты егіз ұлы малды қайтармақ болып жаудың артынан қуады. Шайқаста Барақ жау қолынан каза табады. Ал, Секер жауды жеңіп, малды қайырады. Секердің қаза болған Барақты ат алдына өңгеріп алып келе жатқанын көрген сексендегі қарт батыр сыбызғысын алып қайғылы сарын тартады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет