Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі436,03 Kb.
#5269
түріСабақ
1   2   3

Топпен жұмыс: Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып баған түрінде жазу 1-топ мақалдарды, 2-топ мәтелдерді.

Білімді бекіту: Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.



Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

1

2

3



4

5

6



7

Денсаулық-зор байлық

.............

Досы көпті жау алмайды,.....

...............

Ата көрген оқ жонар,........

...............

Ерді намыс өлтіреді, ...........


.......

өнер-білім

...........

Еңбек


...........

Ынтымақ,бірлік

..........


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Әр түрлі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаттап келу.

Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Сәбидің дүниеге келуімен байланысты өлең-жырлар

Сабақтың мақсаты : а) ауыз әдебиетінің түрлері туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ халқында нәрестенің дүниеге келуі үлкен қуаныш болып тойланған. Отбасының арманы мен тілегі, алтын тірек-діңгегі, ерлі-зайыптылардың сүйеніші мен қуанышы — бала.

Сондықтан да қазақ халқының ертегі, өлең-жырларының көбінде зарыққанда көрген ұлдарының батыр, өнерлі болып суреттелуі "Атадан ұл туса екен, ата жолын қуса екен, еліне қорған болса екен" деген тілектен туған.

Адамның тууынан бастап, қартайғанға дейінгі өмір жолының әр кезеңін атап өту, оған арнап өлең-жыр шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған. Бала туғанда елді жинап "шілдехана" жасау, азан шақырып, ат қойғызу, бесікке салу, аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде "тұсау кесу", алғаш рет жолға шықса "тоқым қағар", бес жасқа келгенде "атқа мінгізу", мектепке оқуға барғанда "тіл ашар" тойларын жасау секілді салт-дәстүрлер сақталған. Осындай салттан туған өлеңнің бірі — бесік жыры. Баланы бесікке салуды қазақтар қуанышпен тойлап өткізген. Мұны да ойын-сауыққа айналдырған. Онда айтылатын өлең-жырларда жас бала дені сау, еңбек сүйгіш, өнерлі, елін қорғаушы ер-азамат болып өссе екен деген тілек байқалады.

"Бесік жырында " ананың балаға деген мейірі, махаббаты жырланады.

Мәселен:

Әлди, бөпем, әлди-ай!

Айналайын шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жағамдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым,

Әлди, бөпем, әлди-ай!



Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.

Шығармашылық жұмыс: «Шілдехана», «Тұсау кесер», «Тоқым қағар», «Атқа мінгізу» туралы ойтолғау жазады

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?

Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?

Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?



Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Бесік жыры», «Тұсау кесер» өлеңдерін жаттап, әуенімен айтып келу.

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы

Сабақ мақсаты:

а) поэманың мазмұнын, идеясын, астарындағы тарихи шындықты таныстыру;

ә) адамның іс- әрекеті арқылы өмір заңдылықтарын, адамдар арасындағы қарым- қатынас жасау жолдарының маңыздылығын түсіне білуге үйрету,

б) сыпайылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, білімді бағалай білуге тәрбиелеу,



Түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы

Әдіс- тәсіл: кубизм, сұрақ- жауап, сахналау

Көрнекілік; жинақ, портрет, нақыл сөздер, сызбалар
Сабақ барысы.

І. Қызығушылығын ояту

Оқушылар Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі арқылы топқа бөлінеді.

Мен –ақынмын

Мен – батырмын



Сұрақ- жауап / оңайдан күрделіге қарай/

  1. Әдеби тіл мен халықтық тілдің байланысы бар ма?

  2. Халық тілінің Абайға әсері болды ма?

  3. Абай әдебиет әлеміне өзгеріс әкелді ме?

  4. Абайдың сөз өнеріне, өлеңге қатаң талап қойғаны өз шығармашылығынан байқала ма?

  5. Абайдың сөз өнеріне деген талғам, талабына дәлел болар шығармаларынан мысал келтіріңіз .

ІІ. Мағынаны тану.

Бұл тақырыпты әлем қаламгерлері де қозғаған.

Әлем әдебиетінен: Фирдоуси – «Шахнама», «Низами- «Ескендір –нама», «Жәми- «Ескендірдің даналық кітабы».

«Кубизм» әдісі бойынша «Ескендір» поэмасы талданады. Поэманы оқып келу үйге тапсырма ретінде берілген.



  1. топ. Баяңдаңыз. Поэмадағы оқиға желісін ретімен баяңдаңыз . Шығарма

құрылысы туралы не білеміз?

Суреттеңіз. Қақпа алдына келген кездегі Ескендірдің портреті мен Аристотельдің бейнесін жасаңыз. Көркем бейне деген не?

  1. топ. Дәлелдеңіз. Ескендір – батыр. Ескендір батыр емес.

Ұсыныс жасаңыз. Ескендірдің орнында болсаң, қандай іс- әрекет жасар едіңіз?

Оқушылар осы тапсырмалар бойынша жауаптар береді.


Шығарма бойынша тапсырма

Тапсырмалар

Мәтіннен көрсетіңіз

  1. топ. Ауыспалы мағынадағы сөздер

Антоним сөздер

  1. топ. Көнерген сөздер

Шығармадан алар даналық ой

Ортақ тапсырма:

Шығарма идеясына сәйкес мақал- мәтел ойлаңыз.







ІІІ. Ойтолғаныс. Абайдың өлең жолдары арқылы қорытындылау

Малда да бар жан мен тән,

Жүрек, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән

Тереңге ден қоймаса?

Осы бүгінгі сабақ туралы ой, сезімдерін бір сөйлемге сыйғызып жазу тапсырылады.

Тақтада жылқы, музыкант, таразының суреттері ілінген. Әр оқушы өздеріне берілген түрлі түсті жапсырма қағаздарды өзіне ұнаған сурет астына апарып жапсырады.

ІҮ. Қорытынды: Әр сурет балалардың түрлі әсерде отырғандығын дәлелдейді.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: «Ерлік жасай білеміз бе?» тақырыбында шығарма жазу.

Сыныбы: 7

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: «Әдебиет әлемінде» - зияткерлік ойыны



Мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, олардың дүниетанымын, ой- өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілі: нақыл сөздер, шарлар


Сабақ барысы:

  • Бүгінгі біздің «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын сабағымызға қош

келіпсіздер! Сендердің қазақ әдебиетінен қаншалықты білімді екендеріңді осы сабақта көрсетесіңдер.

Сабақ сайыс болғандықтан 2 топқа бөлінулерің керек. Сайысты бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейін.



  1. Бекетаев Талғат – оқу ісінің орынбасары

  2. Орымхан Серікболат – тәрбие ісінің орынбасары

  3. Ә. Фатколлаева - «Тіл , әдебиет және қоғамтану» пәндер бірлестігінің жетекшісі

  4. Н. Жақсылық- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Әр кезең 1-5 ұпай аралығында бағаланады.
І кезең. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
ІІ кезең.» Бәйге». Сұрақтар мен тапсырмалар. Екі топқа 10 сұрақтан беріеді. Әр дұрыс жауап – 5 ұпай.
«Жасұлан» тобына:

  1. Әдебиет қай тілден енген?

  2. Лиро- эпостық жыр

  3. Шешендік сөз

  4. Дулат Бабатайұлы туған жер

  5. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңін жатқа айт

  6. Абайдың «Жаз» өлеңін жатқа айт

  7. «Желсіз түнде – жарық ай» өлеңін айт

  8. Отан, туған жер тақырыбында мақал- мәтел айт

  9. Асан қайғы туралы не білеміз?

  10. Әдеби ертегі


«Топжарған» тобына:

  1. Ахмет Байтұрсынұлы туған жері

  2. М. Әуезовтің туған жылы

  3. Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңін жатқа айт

  4. Сырбай Мәуленовтің «Менің Республикам» өлеңін жатқа айт

  5. М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы

  6. Оқу- білімге байланысты мақал- мәтел

  7. «Аяз би» ертегісінен үзінді айт

  8. «Қажымұқан» хикаятының авторы кім?

  9. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін жатқа айт

  10. М. Мақатаевтың «Барлығы да – сендердікі» өлеңін жатқа айт.


ІІІ кезең «Теория әлемінде». Әдеби терминдерге түсінік беру
ІҮ кезең «Сен білесің бе?» . Оқылған өлеңнің тақырыбын, авторын табу.

/ А. Құнанбаев, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынұлы, Ы. Алтынсари, Қ. Аманжолов, т.б /



Ү кезең. «Тапқырлық»

Туған жер, өзен-көл, қымбатсың сен, сүйем сені. Аталған сөз тіркестерін қатыстырып, бір шумақ өлең шығару.


ҮІ кезең.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй!»- деп Абай атамыз айтқандай, ендігі кезеңіміз «Өнерлі өрен» деп аталады. Әр топ өздерінің өнерін, биін, күйін, әнін орындайды.
ҮІІ кезең- сайысты қорытындылау. қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Жүргізуші: Орындалды көздеген ой- арманың

Жақсылыққа толы болды жан- жағың

Тілейміз алдағы уақытта да

Сайыстарға қатысуға барлығың!

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 83жыл толуына арналған

«Ақиық ақын Мұқағалиға тағзым!» атты кеш сценарийі


Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқушылардың бойына сіңіру, Отан мен елін сүюге ұмтылған жастарды ұлттық поэзияны сүюге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: поэзиялық кеш.

Көрнекілігі: Ақын – жазушылардың Мұқағали туралы ой пікірлері, слайд, ақын портреті, музыкалық сүймелдеу.

Армысыздар ардақты ата – аналар, ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! Бүгін біз ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жас толуына байланысты ұйымдстырылып отырған кешке қош келдіңіздер! Ақын тойы – бәріміздің тойымыз, өзін қазақпын деп санайтын бүкіл халық тойы.

Бүгін менің туған күнім, ой, беле-ай,

Мына халқым неге жатыр тойламай?!

Бір той жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп ақын сөзімен айта келе, «Ақынның сөзі жүректе» атты поэзиялық кешімізді ақын М.Мақатаевтың есімін ардақтауға арнаймыз!



1. Өлең: «Жазылар естеліктер мен туралы» ор: 5-сынып оқушысы

Орақ Алиса
Жүргізуші: Егер біз Абай десек - Әуезовті, құлагер десек - Ақан мен Ілиясты, ал Қарасаз десек – Мұқағалиды қатар айтамыз. Кішкентай ауылдан шыққан үлкен ақын - өзін де, ауылын да бар қазаққа танытты.

2. Ән: «Сарыжайлау» ор: 2-сынып оқушысы Әбутәліп Нұрдәулет
Жүргізуші: Ақын поэзия талай жүрекке от берді, бозбаланың жыры, бойжеткеннің сыры болды. Оның жыры оқырманмен бірге шаттанды. Бар қазақтың жүрегіне жол тауып, ұлтымыздың мәңгі өлмес асыл мұрасына бөленіп, музыка қазынасына айналды.

3. Өлең: «Досым» ор: 5-сынып оқушысы Санымбай Гүлім
Жүргізуші: Ақынның іштей арман еткен, бірақ жария етіп, арнайы ашып айтпаған армандарының бірі – адамның жеке басының бостандығы, сөз бен қиял бостандығы. Осы арман, осы көңіл күй – Мақатаев поэзиясындағы негізгі арқауының бірі.

4. Ән: «Есіңе мені алғайсың» ор: 5- сынып оқушылары

Мұхтаров Ғалымбек, Алтынбек Әсел
Жүргізуші: М.Мақатаев – заманымыздың ғажайып ақындарының бірі.: «Мақатаев атты алып ақынның жарқын жүзіне, миллион адам, миллион түрлі пікір дайындаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек», - дейді Ә.Тәжібаев.

5. Өлең «Аққулар қош болыңдар» ор: 2-сынып оқушысы Ибраһим Назгүл
Жүргізуші: «Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспыз. Қайта арамызға түскен уақыт оның тұлғасын зорайта асқақтата түсіпті...», - дейді Әбділда Тәжібаев

6. Ән: «Иіскейін» ор: 5-сынып оқушысы Бижан Нұрболат

Жүргізуші: Мұқағали поэзиясына бас имейтін адам жоқ. Ол дара тұлға, ғажайып ақын.

7. Өлең: «Жырласам ба екен» ор: Сабырғали Алтынбек


Жүргізуші: Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен?

Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен?

Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,

Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен?,- деп, осы тұңғыш өлеңінен бастап, әкесін сағынған қаршадай баланың көкірегін өртеген мұң-нала, үміт-арман оқушы дәптеріне түсе берді.



8. Ән: «Арулар» ор: 3-сынып оқушылары Болатбек Сұлтан

Сәндіғали Ерқанат


Жүргізуші: Алтын домбырасына қосыла шырқап, келе жатқан өмірге, Мәжнүнше ғашық ақынға қуана, қызыға қараймыз. Бүгінгі таңда Мақатаев поэзиясы адамның жансарайын жаңғыртып, ой-санасын сәулелендіріп, болмыс-бітімін жаңаша жасандыра түсетін нақты рухани күшке айналып отыр.

9. Өлең «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы»

ор:5-сынып оқушысы Бүркітбай Думан

10. Өлең: «Поэзия» ор: 3-сынып оқушысы Орақ Арайлым

Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып, жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл. Қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарса,ол ақынның еліне, өлеңіне деген адалдығы.

11. Ән: «Бақыт деген» ор: 4-сынып оқушысы Ұлан Ақтоты

12. Өлең: «Сары жапырақ» ор: 4-сынып оқушысы Шоқан Аружан

Жүргізуші: Ақынның отыз жылдай отасып, өмірінің соңғы күндерін бірге өткізген қосағы Лашын Әзімжанова ақын өмірінің кейбір сәттері туралы былайша әңгімелейді:

-«Өмірінің марқайған кездері, қуанған сәттері де, қайғысы да басым болды. Ақеділ, ақкөңіл адам болатын. Құдай талант берген соң аздаған тік мінезі де болды. Біреу өзіне қарап болмас сөз айтса қайтарып тастайтын. Сонан кейін кек сақтау дегенді де білмейтін....»



13. Ән: «Сенің көзің» ор: 6-сынып оқушылары Еркінбекұлы Нұрбатыр

Кенжебаев Батырбек



14. Өлең: «Жалғыз терек» ор: 4-сынып оқушысы Биболатқызы Айгүл
Жүргізуші: Замандастарының естеліктерінде ертемен балалардың балабақшаға ұйқысын қимай, қиналып жылап бара жатқанын көргенде, ақынның қатты қиналатыны айтылады.

15. Ән: «Көнеміз ғой» ор: 7-сынып оқушысы Ұлан Ұлағат

16. Өлең: « » ор:6-сынып оқушысы Сәндіғалиқызы Динара
Жүргізуші: Ақын үшін ерекше мәнді, айрықша қадірлі екі бейне: бірі – сәби болса, екіншісі - жүрек. Жүрек – ақынның қолдауында тіршіліктің, өмірдің бейнесі, адалдық пен адамдықтың таразысы, адам имандылығының қайталанбас қасиетті символы.

17. Ән: «Отыздан асып барамын» ор:8-сынып оқушысы

Ғалымжанов Райымбек

18. Өлең: « » ор: 7-сынып оқушысы: Қазкенов Нұрсұлтан
Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев біздің дәуірдің 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының шоқтығын биік көтерген талант иесі. Ол әдебиетке келген жылдардан-ақ жыр әлеміне үлкен дайындықпен, ауыз әдебиеттің бай мұраларынан терең сусындап, мөлдірінен сіміріп бойына шалқар қуат дарыта келді.

19. Көрініс «Аққулар ұйықтағанда» ор:5-сынып оқушысы

20. өлең «Бүгін менің туған күнім» ор: 8-сыынп оқушысы

Тасмағанбетов Бекарыс
Жүргізуші: Өмірдің алуан сәттерінде лирикалық кейіпкер бетпе-бет келген сан алуан жағдайлардың барлығының түйіні толғаныс теңізіне бойлауға жетелейді.

21. Өлең: «Поэзия» ор:9-сынып оқушысы Шоқан Гүлден

22. Ән: «Сарыжайлау» ор: 9-сынып оқушысы Қуанышбек Ерболат
23. Көрермендер арасында айтушыларға ән, өлеңдерін айтқызу
Жүргізуші:

Бала ақынға армансың - Мұқағали,

Ұқсағысы келетін өлеңімен,

Ғашықтарға армансың – Мұқағали,

Жүрек отын жеткізер жырыменен.
Ұрпағыңа аңызсың – Мұқағали,

Жатқа айтар, қалдырған әр сөзіңді.

Жаңғырады өр даусың Мұқағали,

Бағындырдың жырыңмен шың, биіті.


Ақын емес жанды да Мұқағали,

Алғандайсың жырға елітіп, табындырып.

Қара сөздің құдіретін ұғынар адамзатқа,

Қойғандайсың моншақтан жыр тағындырып.

Мәңгі тірі, өлмейді ол, рухы мықты,

Жартастардан мұңды үні жаңғырды.

Абай дана айтқандай - өр ақынның,

өлмейтұғын артында сөз қалды.


Өмір! Мұқағали осы өмірде өрт жүрегімен маздап, лапылдап жанып тұр. Оның өлеңдері - өрт жүректің өмір өзені. Ал өмір өзен – тұрған өшпес өлеңдер! Келгендеріңізге көп-көп рахмет, қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет