Ойтолғаныс стратегиясы. Сан есімдерді қатыстырып , берілген
тақырыптарға ойтолғау жазыңдар.
І топқа- 20 теңгемен сөйлес
ІІ топқа – 10 жылдан кейін тақта қандай болады деп ойлайсың?
ІІІ топқа- 8 шиден мүсін жаса.
ҮІІ. Сабақты қорыту.Кубизм әдісі арқылы сабақты қорыту.
Салыстырыңыз / Сан есім/ Сын есім/
Зерттеңіз /Сан есім құрамы, мағынасына қарай бөлінуі/
Қолданыңыз /Сан есім қатысқан жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел табу/
ҮІІІ. Үйге тапсырма. 1444 – жаттығу.Газет- журнал мақалаларынан есіптік сан есім түрлеріне он мысалдан теріп жазыңдар.
ІХ. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты: білімділік 1) етістіктің түрленуі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру; 2) Етістік.Етістіктің құрамына,тұлғасына қарай топталуы бойынша алған білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: топпен жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,шығармашылық жұмыс.
Көрнекіліктері: үлестірмелер,сызбалы кестелер.
Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп,кезекші мәліметімен танысу,сынып тазалығына мән беру,оқушы назарын сабаққа аудару.
2
Етістік
категориялары
Көсемше
Сабақты етістік
Болымды етістік
Есімдік
Салт етістік
Етіс
Болымсыз етістік
.Үй тапсырмасы. 1 (тақтаға сызба ілінеді).
а) Етістік дегеніміз не?
ә) Мағынасына,құрамына,тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
б) Етіс дегеніміз не? Етістіктің түрлері.
в) Есімше дегеніміз не? Жасалу жолы.
г) Көсемше.Көсемшенің жұрнақтарын ата.
Сөйлеп тұрған сәттегі
іс-әрекет
Сөйлеп тұрған сәттен
бұрын болған іс-әрекет
Алда болатын
іс-әрекет
Жаңа сабақ. Ал,енді ширатпа сұрақтарынан сүрінбей өткен болсаңдар,жаңа сабағымыз түсінікті болу үшін назарымызды келесі сызбалы кестеге аударайық.
Шақ іс-әрекеттің өту кезеңі сөйлеп тұрған сәтке
байланысты айқындалады
Етістік шақтары есімше,көсмше
тұлғалы етістік түбіріне
-ып, -іп, -а,
-е, -й
келіп отыр
-ар, -ер, -мақ,
-мек, -бақ, -бек
бармақ екен
-ды, -ді. -ты,
-ті, -ған, -ген
Ол кеше келген
осы шақ келер шақ өткен шақ
Етістік қимыл іс-әрекетті білдіреді де,қашанда оның белгілі бір мерзімде іске асатынын көрсетеді. Іс-әрекеттің орындалу барысы сөйлеушінің хабарлау кезімен және сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Етістік – шақ категориясы арқылы түрленетіндігі жайлы білімімізді толықтыру үшін топ аралық деңгеймен жұмыс жүргіземіз.
1.Үміткерлер тобы: орташа оқитындар
122-жаттығу жұмысын логикалық тұрғыдан қарастырады.
Тапсырма: құстар қалай сайрайды?
Тізбектеп жазып шығыңдар.
Үлгі: бұлбұл сайрайды,қаз қаңқылдайды,... (тауық,әтеш,үйрек,көркей,құр,күзен,құндыз,көкек,сауысқан,торғай, бүркіт,аққу,т.б.).
2.Талапкерлер тобы: жасы оқитындар.
123-жаттығу жұмысын үлгісі бойынша орындайды.
Қосымша бастапқы үш сөйлемге морфологиялық,синтаксистік талдаулар жасаттырамын.
3.Дарындар тобы: өте жақсы оқитындар.
Шығармашылық жұмыспен айналысады.Оларға мынадай сөз тіркестері беріледі:
Күннің қысқаруы,түннің ұзаруы,Жоңғар Алатауы,көл,жайылыс,қыстақтағы малшылар,қыстақ,соғым,шуылдаған балалар.
Осы сөз тіркестрін пайдалану арқылы шағын шығарма жазып шығады.Қосымша дарындар тобындағы алты оқушыға үлестірмелер таратамын.
Естай үлкендермен отырып шай ішті. (сөз құрамы,сөйлем мүшесіне талда)
Барлығымыз көңілді серуенге шықтық (асты сызылған сөзді құрамына талда)
Мен білімге жетікпін.(асты сызылған сөздің сөйлем мүшесі ретіндегі орны).
«Бауырыма,ағама,анама,әкеме» сөздерін құрамына талдап,кез-келген біреуіне сөйлем құра.
Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді септе.
«Басында,қасында,жанында» сөздерін құрамына қарай талдап,буын түріне ажырат.
Ауыл келбеті
(Алдымен жазып үлгерген оқушының шығармасын оқушылар назарына ұсынамын).
Күз айы аяқталып,қыс та келіп қалды.Әдеттегіден гөрі күн қысқарып,түн
ұзарды.Алыстан мұнартып көрінетін Жоңғар Алатауы әлдеқашан қарға
бүркенген.Ауылымыздың батысында орналасқан Алқакөліміздің бетінде де шытқыл
мұздар пайда бола бастады.Ауыл адамдары малды жайылыстан айырып,жаз дайындаған
азығымен қоректендіруде.Өйткені күннің қысқаруына байланысты дала тағысы әредік
бой көрсетіп жүр.
Әсіресе қыстақта отырған малшылар малдарына қырағылықты күшейтті.Аз күнде елдің
қыстық соғымы да сойыла бастайды.Туған туыстар бас қосқан жерде балалар шуылдап
ойнайды.
Бекіту. Сабақ барысын өтілген тақырыптарды сұрақ-жауап түрінде қорытындылап,үйге тапсырма беремін.
Үміткерлерге: 122-жаттығуды көшіріп жып,шақ түріне ажыратып келу.
Талапкерлерге: 123-жаттығудың тапсырмасы.
Дарындарға: 124-жаттығу.
Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушылардың еңбектерін бағалау.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақрыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты : а) білімділік – зат есімніңсөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру,зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
ә) дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау;
б) тәрбиелік – тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу.Сабаққа даярлау.
2.Бүгінгісабақтың құрлымымен таныстыру.
Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады.Журналдың әр парағында тақырыптар берілген: 1. Қайталау – оқу анасы; 2. Жаңа сабақ құпиясы; 3. Кітап – досың,ақылшың; 4.Білімді мыңды жығар; 5.Жеті жұрттың тілін біл; 6. Біліміңді байқап көр.
Әр беттегі тақырыпты аша отырып тапсырмаларды орындаймыз.Сыныптағы оқушылар деңгейіне қарай 3 қатарға бөлініп отырғызылады. 1-қатар Белсенділер, 2-қатар Алғырлар, 3-қатар Талапкерлер (Бүгінгі сабақта тілге байланысты
мысалдар алынады.)
1. «Қайталау – оқу анасы». Өткен сабақтарды,үй тапсырмасын сұрауда алғашқы «Қайталау – оқу анасы» парағы ашылады.Әр қатарға өткен сабақ бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
1-қтар оқушылары бірлесіп зат есім бойынша тірек-сызбасын салады,түсіндіреді,ережесін айтады.
кім? не? дара, күрделі негізгі, туынды
жалпы, жалқы көптеледі
деректі, дерексіз септеледі тәуелденеді
2-қатар оқушылары бірлесіп зат есімді орыс тілімен салыстырып көрсетеді.
Қазақ тілінде
|
Ортақ белгісі
|
Орыс тілінде
|
1.Зат есім
2. Кім деген сұрақ адамға қойылады
3. Не деген сұрақ адамнан басқа
нәрселерге қойылады.
|
1.Заттың атын білдіреді.
2.Сұрақтары: кім,не.
3.Жалпы,жалқы болып бөлінеді.
|
1.Имя сушествительное
2.Кто деген сұрақ жанды
Нәрсеге (адамға,малға, жан-
Урға) қойылады.
3.Что деген сұрақ жансыз
Нәрселерге қойылады.
|
3-қатар оқушыларынаүй тапсырмасын оқытып,тексеремін. 47-жаттығу.
2.Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.
а) «Ой қозғау». Бастауыш,орта буында алған сөйлем мүшелері туралы түсінігін,түрлерін сұраймын.
ә) Мысалдар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.
- Балалар, мына мысалдарды оқып,сөйлем мүшелеріне талдайық.
Оқушылардың талдап түсіндіруі бойынша бірлесе отырып зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтап,ережесін шығарамыз.
1.Тіл – ұлттың жаны.Атау септікте тұрып,кім,не сұрағына жауап беріп,бастауыш қызметін атқарады.
2.Тіл – адамның ойын білідіретін құрал.Зат есім жіктеліп келіп,сөйлемнің баяндауышы да болады.3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды.
3.Тіл – идеяның,ойдың,сезмнің жанды көрінісі.Зат есім ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.
4.Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып,өзге тілді сүйе алмайсың.Зат есім табыс,барыс,шығыс,жатыс,көмектес септікте тұрып толықтауыш қызметін атқарады.
5.Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.Зат есім түбір тұлғада мезгілдік,мекен-бағыттық,себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады.
3.Жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін «Кітап – досың,ақылшың» парағы ашылады.
51-жаттығуды сынып оқушылары ауызша орындайды. 3-қатар оқушылары 55-жаттығуды жазбаша орындайды.
4. «Білімді мыңды жығар». а) 2-қатар оқушылары үлестірмелі қағазбен жұмыс жүргізеді.Зат есімдерге толық сатылай талдау жүргізіледі.
1- топшама.Адам тағдырын тәрбие шешеді,тәрбие құралы – сөз. (Олжас Сүлейменов).
2-топшама. Ақылды ой,алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті. (Ғабиден Мұстафин).
3-топшама. Ақылдың көркі – тіл
Тілдің көркі – сөз. (Жүсіп Баласағұни).
4-топшама. Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.
5-топшама. Тіл – ойдың тікелей шындығы.
Тіл – барша білімдердің қазынасы.
6-топшама. Тілім – шипам,дәрім де,
Мәңгүрт болып күн көрмен.
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
ә) 1-қатар оқушылары шығармашылық жұмыспен айналысады.Берілген тірек сөздер бойынша «Тілім – менің тірегім»
атты шағын шығарма жазады.
5.Сергіту сәті ретінде «Жеті жұрттың тілін біл» парағы ашылпды.
Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту,орысша,ағылшынша баламасын тау.
а) Жігітті намыс өлтіреді, ... қамыс өлтіреді (қоян – заяц – hare)
ә) Баланың тілі - ... (бал – мед – һunу). Ананың тілі - ... (бал –мед – һunу)
б) Оқусыз ... жоқ, ... күнің жоқ.(білім – знание – khowiedge)
г) Өнер алды – қызыл ... (тіл – язык – tongue)
ғ) Көп сөз – көмір
Аз сөз - ... (алтын – золото – gold)
д) ... – оттан да ыстық»Отан – Родина – Motherland)
е) Ашу – дұшпан,ақыл - ... (дос,друг – friend)
ж) ... өссе – жердің көркі(гүл – цветы – flower)
... өссе – елдің көркі (қыз – девочка – girl)
з) Айтылған ... – атылған оқ(сөз – слова – word)
6.Бекіту сұрағын беру үшін «Біліміңді байқап көр» парағы ашылады.
а) Текст сұрақтары
3 нұсқадан тұратын тест сұрақтары беріледі.Әр нұсқада 10 сұрақ.
І нұсқа сәйкестендіру тесті,ІІ,ІІІ нұсқада ашық тест сұрақтары берілген.жауабы тақтаға ілініп,өз-өздерін тексеріп,
Бағалайды.
«5»: 0-1 қате; «4»: 2-3 қате; «3»: 4 қате.
ә) Топтстыру. Зат есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?
баяндауыш бастауыш
анықтауыш толықтауыш пысықтауыш
Үйге тапсырма: 1.Өздерің оқып жүрген әдеби кітаптан бес сөйлем жазып,зат есімдерге талдау жүргізу.
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сабақтың мақсаты: а)Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемде кейде бір заттық жағынан айқындап,түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады.Осыны айқындауыш дейміз. Мысалы: Біздерге,қарттарға,жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Осы сөйлемдегі айқындауыш – қарттарға,ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр.Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Бұл сөйлемде айқындуыш – қарт шахтер; ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр
Айқындауышш
Оңашаланған айқындауыш
Қосарлы айқындауыш
Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса,оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да,өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады.Сондықтан оңашаланған айқындауыш сөйлемде бастауышты,баяндауышты,пысықтауышты,толықтауышты,кейде анықтауышты айқындайды.
Отарбай,жас мұғалім,сабақты жақсы өткізуге тырысты.Бұл сөйлемде жас мұғалім деген айқындауыш бастауышты айқындап тұр.Оңашаланған айқындауыш та,айқындалатын сөз де атау септігінде тұр.
Айқындауыш, әдетте,сөйлемде екі жағынан да үтірмен,кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса,онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады.
Мысалы: Олардың бірі – сары сақал,арық,боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады.Осында айқындауыш – сары сақал,арық,боз.Айқындауыш өз ішінде үтірмен белгіленгендіктен,екі жағынан сызықшамен ажыратылған.
Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады.Амангелді батыр,Ер Тарғын,Ақан сері, Біржан сал,әнші Күләш,т.б.
Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен,қос сөздер сияқты,дефис арқылы бөлінеді: жер-ана,әйел-ана,панфиловшы-ұландар,инженер-техник,пәтер-мұражай, т.б.
Жаттығумен жұмыс: 5 8-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауыштың қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын тап.
Шығармашылық жұмыс: Мына қосарлы айқындауышты қатыстырып сөйлем құраңдар.
Абылай хан, жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, әйел-ана, күйші Құрманғазы, би-шешендер, ғалым-ұстаз, әнші Күләш,
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 59-жаттығу
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;
ә) ана тілін ардақтап бағалай білуге,сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;
б) оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу;
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, тірек сызба,суреттер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
2. Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?
3. Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?
4. Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақтаға мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.
Білім қымбат,білу қиын.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
-Балалар,бұл мақалдарды біздің сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...
-- Мақал-мәтелдер.
--Дұрыс,балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.
Мақал-мәтелдер –халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.
«Сөздің көркі- мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал –мәтелдер сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады
Халық даналығының айнасы
Халықтың ұрпағына өсиеті
Асыл сөз қазынасы.
Өмір сүру ережесі
(Жолда жүру,суда жүзу,қауіп. Ереже
Мақал-халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырылып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.
Ой,тиянақты,дәлелді
Аяқталған сөйлем
салыстыру
Екі бөлімді
Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салысстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені –сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
Сөйлем немесе сөз тіркесі
топшылау
Мағына тұспалды
Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ
Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |