Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#7357
1   2   3

4. Мәтін бойынша келесі тапсырмалар орындалады.

а) Әр бөлімге ат қою

ә) көмір туралы айт

б) шахта туралы айт

в) Қазақстанның кен байлықтары туралы жаз.

г) «Қарағанды» мәтінін оқы.

Қосымша мәлімет:

Қарағанды 1932 жылы құрылған. Ақмола, Павлодар, Семей, Жезқазған облыстарымен көршілес жатыр. Жер көлемі 117,9 мың шаршы шақырым. Қарағанды мен Алматының арасы- 1096 шақырым. Облыс минералды шикізат қорына аса бай. Бірінші орында – тас көмір. Қарағандыда республика бассейінінің тас көмірінің 30% -ы, ал кокс көмірінің 100%-ы орналасқан. Облыстың шығысында темір рудасының кен орындары бар. Облыс 9 ауданға, 6 қалаға, 15 қалалық ыңғайдағы поселкелерге бөлінген. Қысы суық, жазы ыстық. Үлкен өзені – Нұра өзені. Облыс экономикасы үшін Ертіс-Қарағанды каналының рөлі зор. Облыс қалалары Абай, Қарқаралы, Теміртау, Шахтинск. облыс жерін – Павлодар – Қарағанды- Шымкент мұнай құбыры басып өтеді.

ІІІ. Ойтолғаныс.

ІV. Үйге тапсырма.

1. Қазақстанның өндіріс орныдары туралы сұрастырып немесе оқып келу.

2. Мақалды жаз, жұмбақты шеш.

Күні-----------------

Сабақтың тақырыбы: Тоқсан жолдың торабы.

Сабақтың мақсаты:

білімдік: өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Қазақстан жеріндегі жолдар туралы түсінік алуларына көмектесу.

дамытушылық: танымдық, есте сақтау, өздік және топпен жұмыс істеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

тәрбиелік: елін, жерін, мәдениетін сүю, ол туралы білу.

Сабақтың көрнекілігі: карта, ұшақ, пойыз, жеңіл машина суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтар шешу.

Құстан аумайды

көкте зулайды (ұшақ)
Қатар жатқан қос білек

үстінен келер күш үдеп (теміржол)

ІІ. мағынаны ашу

1. Өлеңді оқып, түсіну, талдау.

2. Өлеңде аталған өзендер туралы қосымша мәлімет.

Есіл-Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Ұзындығы – 2450км. Петропавл қаласынан жоғары 270 шақырымға дейін созылып жатыр және Викулово сағасына дейінг кеме жүзеді.

Жем, Ембі- Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. ұзындығы – 712км. Тобыл – Қостанай облысындағы басты өзен.

Нұра – Қарағанды облысындағы басты өзен.

3. тоқсан жолдың торабы деген сөзді түсіндір.

4. Қазақстан теміржолы туралы айт.

5. Әуе жолы туралы мәлімет. Әуемен жолаушылар, пошта, жүк тасиды. «Эйр Қазақстан» әуе компаниясының ұшақтары 37 әуе жолы бағыттарында ұшады. Қазақстандағы ішкі және халықаралық әуе жолдарының жалпы ұзындығы 76320км шамасында (1999ж.)

ІІІ. Ойтолғаныс

1. Жол – әуе, су, жер

2. Жекек-жеке сипаттап айту

ІV . Үйге тапсырма

1. өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

2. Жолдар, өзен-көлдер туралы жұмбақ жина

Күні------------

Сабақтың тақырыбы: Ырыс –Сыр (аңыз)

Сабақтың мақсаты:

білімдік: аңызды оқып, мазмұнын түсінуге, оның идеясын ашуға мүмкіндік беру.

дамытушылық: мәтін бойынша туған жер мен адам арасындағы байланысты ашу арқылы оқушының шығармашылық дағдысын дамыту.

тәрбиелік: жерді, елді сүю арқылы оның бағасын түсіну, азаттық пен еркіндік адамзат баласының арманы екенін сезінуге жағдай туғызу.

сабақтың көрнекілігі және қолданылатын құралдар: Қазақстан картасы, тақта, плакат, бор, маркер.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

- Ырыс деген не?

-Құт, береке, байлық.

-Осы ырыс қайда деп ойлайсыңдар?

ІІ. Мағынаны тану.

- Ырыстың қайда екенін білгілерің, «Ырыс-Сыр» атты аңызды оқыңдар. мәтін бойынша тапсырмаларды таңдау.

1. Мәтіндегі өз басының еркіндігі жоқ адамдар кімдер?

2. Жас ұрпаққа ақылшы бейнесіндегі кейіпкер кім?

3. ақылшы қарияның олар үшін ең маңызды сөзін тауып оқы.

4. ағайынды жігіттер өмір сүрген жерлермен карта бойынша жүріп өту.

5. Сөздік жұмыс

ІІІ. Ойтолғау

- Аңыздағы жағымсыз кейіпкерлер қайсысы? олардың әділетсіздігінен қалай құтылу керек деп ойлайсыңдар?

«Ағыбай мен Арнабайды қинаған айдаһардан басқаларды құтқару жолын ойлап тап» деген тапсырма беру арқылы ертегіні жалғастыруды иапсыру.

Мысалы: «ел қатарлы өмір сүріп, Ағыбай мен Арнабай да есейді. Бірақ оларды «қатыгез айдаһардан халықты қалай құтқару керек?» деген ой мазалай берді» деп бастап, «Айдаһармен айқас» немесе басқаша тақырыппен аңызды әрі қарай жалғастырып, аяқтау. Балалардың шешімінен әртүрлі ойларды байқауға болады. Дегенмен міндетті түрде айдаһарды өһлтіру керек емес екенін есіңізге ұстаңыз да, баланың кез келген шешімімен келісіп, ойына құрметпен қарау.

Қорытынды

Үй жұмысы

Бағалау

Күні------------------



Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы.

Сабақтың мақсаты: Әбу Насыр әл-фараби өмірімен таныстыру, олар туралы қосымша мағлұматтар беру.

Оқушылардың тіл байлығын, байланыстырп сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Халыққа еңбек етуге, адал болуға баулу.

сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: әл-Фараби портреті, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ

Әбу Насыр әл-Фараби Отырар қаласында 870 жылы өмірге келген. Ерте кезде арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған. Содан ұлы ұстаз Фараби аталып кеткен, әл-Фараби Отырарда алғаш рет қыпшақ тілінде білім алған. Ол парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген. грекше, латынша білген.

Дүние жүзінің ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.

Мәтінмен жұмыс.

1. «Өнерлі жігіт», «Сағыныш сазы» мәтіндерін түсініп оқу.

2. мазмұны мен идеясын ашу.

3. сөздік жұмысын жүргізу.

4. Оқушыларға тізбектей оқыту.

- Әбу Насыр әл-Фараби қайда туып –өскен?

- Отырарды арабтар қалай атаған?

-мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу.

ІІІ. Сабақты бекіту.

Төменде берілген мақал-мәтелдерді пайдаланып, өзің тақырып таңдап, шағын шығарма жаз.

1. Ақылдан артық байлық жоқ.

2. Ақыл базарда сатылмайды.

3. Байлықтың кілті-ғылым.

ІV. Үйге тапсырма

1. Мәтіндерді түсініп оқып келу.

2. Фараби жайлы басқа да әңгімелер тауып оқып келу, қосымша мәлімет жинау

Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырынан үзінді

Сабақтың мақсаты: ертедегі батырлардың ерлік істері, халық үшін күрескені жайында түсінік беру; батырлар жырының халық арасында қалай тарағаны туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, ой-қиялын дамыту, өздік және топпен жұмыс жасай білу дағдыларының дамуына ықпал ету.

Батырлыққа, ерлікке, елін, жерін сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: батырлардың портреттері, қару-жарақтар суреті.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жақсы көңіл күй қалыптастыру.

ІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе әңгіме.

- Батырлар жыры туралы естігенің бар ма?

Ауыз әдебиетінің халыққа ең көп тараған түрі- батырлар жыры. Бұл жырды ерте кезде ақындар шығарса, жазу болмағандықтан айтқан адамның аты ұмытылып, ауызша тараған. Соңдықтан да ол ауыз әдебиетінің мұрасы саналады.

Жырдағы басты тақырып- ерлік, батырлық, тарихи оқиға. Батырлар жырында бейнелі сөз кестелері мол. Жырдағы көркем тәсіл—әсірелеу.

Мысалы «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбұрылдың шабысын былай суреттейді. жырды оқыту.

1. Сөздік жұмыс

2. Сұрақтарға жауап беріледі.

3. жырды мәнерлеп, интонациямен оқыту.

4. Тайбұрылды сипаттап айт.

5. «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқы.

6. Алпамыстың батырлығын жырға сүйеніп сипаттап айт.

7. Ертедегі батырлардың қандай қаруыболғандығын айт, қазіргі қарумен салыстыр.

ІV. Сабақты бекіту.

1. Ертедегі батырларды ата

2. Батырлар жырындағы ерлік, батырлық, ел қорғау тақырыптаыр неліктен басты тақырып болды?

3. батырлар жырында тұлпарлар бейнесі қалай суреттелген?

Сабақты қорыту.

Жырға сәйкес мақал-мәтел айту

Күні-------------

Сабақтың тақырыбы: Енші үлесу. Тоқымқағар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтін және өлеңнің тақырыбы мен идеяларын ұлттық салт-дәстүр ұғымдарымен байланыстыра талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: ой-қиялының, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: баланың бойында ұлттық салт-дәстүр ұғымдарын сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы сіңіруге ықпал ету, халық даналығын сезінуге, еңбекті сүюге, ата-анасына қамқорлық жасауға, қазақ халқынығ салт-дәстүрін білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал-жабдықтар: плакат, бор, маркер, тақта, т.б.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

а) – Балалар, ертеде жекелеген немесе топталған адамдар өз өмірлеріне қауіп төнгеніне қарамастан, бір нәрсені іздеп, орман, теңіз, тау, тіпті батпақтардан өтіп, сапар шеккен. Олар кімдер және не іздеді екен? (әрине, қазына іздегендер) Ендеше, біз де бүгін осы жасырылған жұмбақ затты іздеп табуымыз керек. Ал оны табу үшін сендерге мына карта-жоба көмектесер деп ойлаймын. Оқушыларға карта-жоба ұсынылады. Әртүрлі белгілерді ұқсастыру арқылы балалар бұл сынып жобасы екенін аңғарады. Осы жобадағы қандай да бір бала мән берер-ау деген шартты белгі(қызыл нүкте, жұлдызша) арқылы жасырылған зат орнын атап айту керек. Оны тапқан бала затты алып келеді. Ол сандықша ма әлде цилиндр пішінді орам бола ма, оқушылардың көзінше ашылып, ішіндегі плакатқа жазылған жазу оқылады да, тақтаға ілінеді. Мұнда «Енші» деген сөз жазылған екен.

2. Мағынаны тану.

Енші сөзіне мән бере отырып, оқушылар мәтінді мағынасын түсіне отырып іштей оқиды.

Тақтаға немесе плакатқа екі жоспар жазылады.

- Балалар, осы екі жоспардаң қайсысы сендерге ұнайды? Неліктен?

№1

1.Әке өсиеті.



2. Әке өсиетінің орындалуы.

№2

1. Әкесінің балаларына өсиеті.



2. Шешімі қиын дау.

3. Кісі ақылына сену.

4. Өкініш.

- Сонымен, еншіні кім береді және ол кімге беріледі екен?

- Еншіні бөлуде ағайындылар арасында дау шыққанына сенің көзқарасын қалай? Әлде, әке өсиеті дау болатындай дұрыс емес пе?

-Балалар неге түксіз қалды?

- Енші берілмесе өкпелеуге бола ма?

- Сен оларға қандай ақыл айтар едің? Бір сөйлеммен дауды шешу жолын жазып көр. Бұл жерде оқушылардың сан түрлі ойларын тыңдай отырып, адамгершілік жолымен үлкенді кіші сыйлау, дүниеден гөрі туыстық қымбат екнін білдіретін ойға әкелу, жақындату керектігі қорытындылануы абзал.

Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түртіп алу. Мысалы: мирас, қоңсы, мал-мүлік.

- Халқымызда сан түрлі салт-дәстүрлер өте көп. Біз енді ақын Қадыр Мырза Әли аталарыңның «Тоқымқағар» өлеңімен танысып көреміз.

- Тоқымқағар деген сөзді естіп көргендерің бар ма?

- Енші бөліп беру туралы әңгіме өз отбастарыңда болды ма?

Тоқымқағар түсініктемесін оқулықтан бір оқушыға оқыту.

- Тоқымқағар қандай ниетпен жасалады? (қуаныш, жақсылық, аманшылық тілеу)

Өлеңді оқу.

Өлең мазмұны бойынша баланың алғаш рет атқа отырғадағы қуанышы, күдігі, қорқынышы, мақтанышы, өзін-өзі ұстауы- барлық сезімдері қалай берілгенін талдай отырып, өмірмен байланыстыру. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

3. Ойтолғау.

Яғни балаға өмірінде алғаш рет атқа, пойызға, ұшаққа, есекке, қайыққа отырғандағы сезімдері туралы және ата-анасының қуанышын сипаттау.

- Сонымен, қазақ халқы баласының өміріндегі әр жетістігіне қуанып, әртүрлі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар ұстанады екен.

Лездеме. Бұл ауызша сұрақтар баланың салт-дәстүр мен әдет-ғұрып туралы түсінігін кеңейту үшін жүргізіледі.

1. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қандай салт-дәстүр жасалады?

2. Кішкене баланың неге тұсауы кесіледі?

3. Жиенгі үшін нағашысы төлдің құлағына неліктен ен салып береді?

4. Төрге кімдер отырады?

5. Ас ішіліп болған соң, не айтылады...

Үйге тапсырма : қазіргі ата-аналар балаларына қандай енші беретіні туралы үлкендерден сұрап білу тапсыру.


Күні----------------

Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя

Сабақтың мақсаты:

білімділік: батырдың балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шығуға мүмкіндік беру.

дамытушылық: оқушыға өздік жұмыс жасату арқылы оның оқулықпен жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, проблемалық мәселелерді шешудегі іскерлігін арттыруға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: отбасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейірімділікке, қамқорлыққа, ұлттық дәстүрімізге бала көзқарасын қалыптастыруға, сана-сезімді биіктетуге ұмтылу әрекеттері.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: батырдың портреті, альбом, тақта, бор, маркер, плакат, жазушы туралы және батырдың өзінің кітаптарынан ұйымдастырылған көрме, топтау сызбасы.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Қызығушылықты ояту.

а) ... Иә, балалар, жақсы адамдар жанымызда жүргенде оның жақсылығы айтылмай, ол мүлде байқалмай да қалуы мүмкін. Мысалы, батырларды мақтан етеміз. Сендер қандай батырларды білесіңдер?

ә) Ал біз бүгін Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқимыз.

Кесте сызу:



БІЛЕМІН

БІЛГІМ КЕЛЕДІ

НЕ ҮЙРЕНДІМ?




























Сыныпқа жалпы сұрақ қою.

- Батыр туралы не білеміз?

Кестенің бірінші бөлігі оқушылардың айтуы бойынша толтырылады.

- Бауыржан ата туралы тағы не білгілерің келеді? Осы сұрақ кезінде оқушылар балалық кезін білгіміз келеді деуі әбден мүмкін.

2. Мағынаны тану.

- Ендеше, біз бүгін батырдың балалық шағы туралы өзі жазған естелігін оқимыз.

Топқа бөлініп өте тиімді, себебі кейбір бала мәтіннің аз бөлігін меңгеру оңай екенін сезініп отырады. Себебі оқушылар өздік жұмыс жасау қабілетіне қарай топталып бөлінбейді де, кейбір баланың үлгеріміндегі ерекшелігін ескеріп, оларға салмақ түсірмеу жағы да қарастырылады. Оқушылар бір-бірін тыңдауға дағдыланады, ойша өзінің оқығанымен байланыстырады, түсінгенін жеткізіп әңгімелеуге тырысады.

Әр топ өздері оқыған әңгіме бөліміне ат қояды. Әңгіме бойынша жоспар пайда болады.

-Сонымен, бала Бауыржан кішкентай кезінде қандай болды?

Тақтада плакат ортасына Бауыржан сөзі жазыладыт да, оқушылардың жұмысы жинақталады. Әңгімедегі бала Бауыржанның бейнесі шығады. Әңгімені талдау кезінде жеті атаны білу, үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу, жыл қайыру сияқты ғұрыптарға мән беру қажет.

3. Ойтолғау.

Оқушылардың өздері де іштерінен «Мен жеті актамды білемін бе?» деген сауалға тап болады. Ал Отанын сүйген адам Қ. Мырза әли айтқандай қандай болушы еді? Ендеше, ата-баба өсиеттері мен мақал мәтелдеріне кезек беріп, оқулық бойынша жұмыс жасау ары қарай жалғасады.

Сабақтағы барлық жұмыстар аяқталысымен, кестенің соңғы бөлігі- «»Не үйрендім?

бөлігі толтырылады.

Қорытынды. Үй жұмысы

Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: Құмырсканың қанағаты

Сабақтың мақсаты: Ертегіні түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашу.

Кейіпкердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға дағдыландыру; шығармашылық қабілетін жетілдіру, сабаққа белсенділігін арттыру. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып, ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға, жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын,

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгелдеу

ә) Психолгиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап:

-Ертегіде кімдер туралы айтылады?

- Кедейге сипаттама бер.

- Бай қандай адам?

- Диірменші кімге, не үшін риза болып алтын балтасын ұсынады?

- Осы ертегі арқылы қай кейіпкердің бойындағы қасиетті өзіңе керек етер едің?

3. Жаңа сабақ

а) «Ойқозғау» Жұмбақ шешу

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,

Қайқаңдап аса берер бәрінен ол.

Екі ұшы жұдырықтай

Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)

Қосымша мәлімет:

Күні-----------

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан тағылымы. М. Шаханов

Сабақтың мақсаты:

білімдік: өлеңді мәнерлеп оқу; өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын ашатындай, оны Отанымыз тарихының үлкен беттеріне алтын әріппен жазылған көтерілісті оқушы түсінетіндей жағдайға әкелу.

дамытушылық: ойын, қиялын, тілін дамыту.

тәрбиелік: отансүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, каһармандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өткізудің әдіс-тәсілдері: ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау.

- Желтоқсан көтерілісі дегенде ойларыңа не түседі?

2. Мағынаны тану.

а) Мұхтар Шаханов жайлы әңгімелеу, суретін көрсету.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу. Талдау.

б) Жаңа сөздермен жұмыс

в) «Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқыннын», «Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы» деген жолдардың мағынасын түсіндіру.

г) Тәуелсіздік үшін өз өмірін қиған аға, әпкелер жайлы әңгімелеу. Суреттерін көрсету.

д) Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

3. Сабақты қорытындылап, бекіту.

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

4. Үйге тапсырма беру.

Өлеңнің өзіне ұнаған шумағын жаттап келу.

Күні------------

Сабақтың тақырыбы: Мейірім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтінді оқи отырып, оның идеясы мен мазмұнын ашу.

Дамытушылық: байланыстырп сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге баулу.

Сабақтың өткізудің әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

-Қыс мезгілі бәрімізге де ұнайды. Қыста Алматы қаласының көшелері тым ерекше өзгереді.

- Қыс айындағы ең ерекше қай жерді білесіңдер? (Медеу мұзайдыны)

- Медеу мұзайдыны туралы мағлұмат беру.

Мәтінмен жұмыс

1. «Мейірім» мәтінін түсініп оқу.

Мазмұнын түсіндіру.

«Мейірім» сөзінің мағынасын ашу.

МЕЙІРІМ


Кішіпейіл Ақкөңіл Қамқоршы Әдепті

2. Оқушылар рөлге бөліп, тізбектей оқиды

3. Сөздік жұмысын жүргізу.

4. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою:

а) Қысқы табиғат

ә) Балалар ойыны

б) Нұржанның қылығы

в) Саматтың қамқорлығы

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Әңгімеде қыстың қандай күні суреттелген?

2. Балалар ойыны қайда өтіп жатыр?

3. Жол бойында ойнауға бола ма?

4. Нұржан Саматты неге ойынға қоспады?

ІV. Сабақты қорыту.

Самат пен Нұржанды салыстыра отырып, мінездеме беру.

- Сендерге қай кейіпкер ұнады, несімен ұнады?

V. Үйге тапсырма беру.

«Мейірім » мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айту.

Күні--------------

Сабақтың тақырыбы: Аязата.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушылардың қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық: сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту; мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, табиғатты аялай білуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: қыс бейнесінің суреті, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг.

ІІ. Жаңа сабақ

- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

- Жаңа жыл мерекесі бар.

- Жаңа жыл мерекесіне балалар кімдерді шақырады?

-Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.

- Аяз ата қайдан келеді?

- Аяз ата суық жақтан бізге базарлығын алып келеді.

Оқулықпен жұмыс

1) Өлеңді мәнерлеп оқыту

2) Мазмұнын ашу

3) Сөздік жұмысын жүргізу

4) Жаңылтпашты жатқа айтқызу

Қар тайғанақтатар,

Тайғанамақтау үшін

Ақ тағалатар.


Ақ мақта ақ қардан аппақ па?

Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?

ІІІ. Сабақты бекіту.

- Аязата жайлы не айтар едің?

-Мерекенің қызықты өтуіне Аязата қалай қызмет етеді?

- Жаңа жылда қандай әндер орындалады?

«Жасыл шырша жанында» әні орындалады.

Жаңа жыл туралы сурет салдыру.

ІV. Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Аязата туралы өлеңдер жаттап келу.

Күні---------------

Сабақтың тақырыбы: Оқымысты бала

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: шығарма мазмұнын танысуға, оқу- білімінің қажеттігін түсінуге, пікірталас тудыруға, бала бейнесін сомдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға және белгісіз жағдайларды шешуге жағдай жасау.



Тәрбиелік: рухани юайлықтың маңызын,
Каталог: uploads -> doc -> 07e7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07e7 -> Сабақтың тақырыбы Мақсаты Оқушы нені үйрену керек Сағат саны Үйге тапсырма Уақыты
07e7 -> Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады
07e7 -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет