«Қазақ әдебиеті» пәнінен 7-сыныпқа арналған орта мерзімдік жоспар
ІII-тоқсан- 10 сағат
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
|
Оқып үйренудің нәтижесі
|
Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау
|
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы
|
Негізгі дереккөздер немесе ресурстар
|
Мерзімі
|
1
|
Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші»әңгімесі
|
Топтық жұмысты сабақ барысында тиімді пайдалану,
«Миға шабуыл»
«Рөлдік ойын»
«Постер».
«Джиксо»
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Оқушылар жерлес жазушының өмірі туралы сұхбаттарға қатысады. Әңгіме туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді. Прототип жайлы мәліметтерді біледі. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
|
Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.
Рефлексия арқылы білімдерін тексеру.
|
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы.
|
|
|
2
|
Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін өлеңі»
|
«Кластер», «Джигсо», «Бағдаршам»,
«Екі жұлдыз,
бір тілек»
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Оқушылартүйін жасау туралы түсініктері қалыптасады, барлық теорияларды игереді, оларға талдау жасай алады.
|
Оқушылардың
өзін-өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия арқылы білімдеріне талдау жасау.
|
Топтық тапсырмалар беру арқылы дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту.
|
|
|
3
|
Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
|
«Кластер», «Джигсо», «бағдаршам»,
«менталдық карта», «бас бармақ»
«Постер».
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Бейімбет Майлин туралы білімдерін кеңейтіп,мазмұндап беруге,сызба бойынша айта алады.
|
Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды.
|
Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы.
|
|
|
4
|
Бейімбет Майлин «Айт күндері » әңгімесі
|
«Кластер», «Бағдаршам», «Тақырыптық теннис», «Жуан,жіңішке сұрақ». «Постер».
«Эссе»
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Ойын жеткізу барысында көрген,естіген мәліметтері жайлы айтады.
-Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлейді
-оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну.
-Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғады.
-өз ойын қысқашы білдіреді.
-естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатыса алады
|
Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды.
|
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы.
|
|
|
5
|
Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
|
«Шаттық шеңбер», «Миға шабуыл», «Инсерт», «Екі жұлдыз, бір тілек»
«Детальды толтыру»
«Жуан,жіңішке сұрақ».
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Барлығы мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыра алады.Оқушылардың көбі өз жауаптарына дәйектеме бере алады.Кейбіреулері қорытынды жасап баға береді.Тақырып төңірегінде тілдесе алады.
|
Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.
Рефлексия арқылы білімдерін тексеру.
|
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы.
|
ж.
|
|
6
|
Ілияс Жансүгіровтың «Анам тілі», «Домбыра» өлеңі
|
«Блум түймедағы»,
топтық жұмысты сабақ барысында тиімді пайдалану,
«Миға шабуыл»
«Рөлдік ойын»
«Джиксо»
«Жуан,жіңішке сұрақтар» «Постер».
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Ілияс Жансүгіров туралы білімдерін кеңейтеді.Өз ойларын айтып бере алады..
|
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия арқылы білімдеріне талдау жасау.
|
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы
|
|
|
7
|
Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы
|
«Тыңдаушы үш бұрыш», «Бас Бармақ», «кластер», «жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар» құрастыр «Джиксо»
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығыжайында сұхбаттарға қатысады. Жаңа тақырып туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
|
Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды.
|
Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы.
|
сынып Алматы: «Атамұра», 2013 ж.
|
|
8
|
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
|
«алты қалпақ», «карусель», «бағдаршам»,
«миға шабуыл»
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Табиғат тағысы ,адамдар қастығын айта алады
|
Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды.
|
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы.
|
|
|
9
|
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
|
«Болжау стратегиясы»,
«Қос жазба күнделігі», «миға шабуыл». «Джиксо», «Синквейн»
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Барлығы мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыра алады.Оқушылардың көбі өз жауаптарына дәйектеме бере алады.Кейбіреулері қорытынды жасап баға береді.Тақырып төңірегінде тілдесе алады.
|
Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.
Рефлексия арқылы білімдерін тексеру.
|
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы.
|
|
|
10
|
Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»
|
«Кластер», «Джигсо», «Бағдаршам»,
«екі жұлдыз бір тілек»
«Автобус аялдамасы»
«Постер».
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, АКТ
|
Ғабит Мүсірепов туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді. Ғабит Мүсірепов жайлы мәліметтерді біледі. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады
|
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия арқылы білімдеріне талдау жасау.
|
Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы.
|
|
|
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі
Оқыту мақсаты:
Жүсіпбек Аймауытовтың « Әнші» әңгімесін талдау,
әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу, әнші бейнесін талдау;
логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру;
әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа. өнерді сүюге, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- өз ойын еркін әдеби тілде жеткізе біледі
-әнші бейнесін талдай алады
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері
|
Уақыт
|
Ресурс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Қолданылған модульдер
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1-3 мин.
|
|
Мұғалім жағымды психологиялық климат жасайды.
Топтық жұмысты ұйымдастырады.
|
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ:
|
|
Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
|
Уәж туғызу кезеңі
|
3-10 мин.
|
|
Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалімнің айтқан сөзін оқушылар қимылмен бейнелейді. Слайд арқылы суреттері тақтадан көрсетіліп тұрады.
Тегіс жолда келеміз деп елестетіңдер.
Енді таулы, тасты аймақта келе жатырмыз.
Өзенде жүзіп келеміз.
Енді қолдарыңа дүрбілеріңді алып қараңдар.
Не көрдік?
- Қазақ елін.
- Павлодар облысы, Баянауыл аймағын
- Жүсіпбек Аймауытовты
- Ендеше, балалар, біз Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін өтеміз.. Бүгінгі сабағымызда осы әңгіме бойынша талдау жұмыстарын жасаймыз.
|
Өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
|
Формативті бағалау:
«Бас бармақ»
|
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
|
Негізгі кезең
|
10-25
мин
|
. Монологтік, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.
|
- Жүсіпбек Аймауытовты біз кім деп танимыз?
І. Топтастыру
Жүсіпбек Аймауытов кім?
↓
Ақын, оқытушы, драматург, әнші, сазгер, ғалым, директор, журналист, редактор
1. Драматургия саласына қосқан үлесі қандай?
2. Директорлық қызметті қай жерде атқарды?
3. Сазгер әрі әнші ретінде қалай танылды?
4. Қай жерлерде журналист, редактор қызметін атқарды?
Сұхбат сәті
|
Топтық жұмыс
1 - топ Қаламгердің шығармаларын еске түсіру
«Елес»
«Әнші»
«Боранды болжаған әулие»
«Бетім – ау, құдағи ғой»,
«Қартқожа»
«Ақбілек»
«Күнекейдің жазығы»
«Нұр күйі» поэмасы
2 – топ Мәтінге сатылай кешенді талдау
Шығарманың аты: «Әнші» әңгімесі
Тақырыбы: ән, өнер, ғұмыры әнмен өткен өнер адамының өрелі биігі
- Жанр түрі: проза (әңгіме)
Идеясы: ән құдіретін таныту
Кейіпкерлері: Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ, студент жастар, ұрылар
Басты кейіпкердің прототипі: Әміре Қашаубаев
Туған жылы: 1888ж
Өнері: әншілік, актерлік
Әміре Қашаубаев туралы деректер (видео ролик арқылы көрсету)
1888 жылы бұрынғы Семей губерниясының Дегелең болысына қарасты Атан ауылында дүниеге келген. Әкесі Қашаубай мен анасы Тойған өмірлері кедейлікпен, жалшылықпен өткен адамдар болыпты.
Әміренің сахнада жұрт алдында шығып ән айту кезеңі 1919 – 1920 «Ес – Аймақ» қоғамының сауық кештерінен басталған.
Одан әрі Орынбор қаласына шақыртылып өнер көрсетеді. 1925 жылы Париж қаласында өнер көрсетіп, әлемге атағы әйгілі болады. Ол орындаған әндер: «Ардақ», «Ағаш аяқ», «Балқадиша», «Гауһар қыз», «Дударай», «Қорлан», «Қызыл бидай», «Үш дос». т. б
Әміре ән шырқауымен қатар спектакльге қатысып, рольдерде ойнаған. 1928 жылы қазақтың музыка театрының солисі болды. 1934 жылы дүниеден өтеді.
3 – топ Мәтінге композициялық талдау
Оқиғаның басталуы – - Жетішатыр қаласының тұрмыс - тіршілігі
Оқиғаның дамуы – - Қымыз ішкен жастардың Әмірқанмен кездесуі
Шиеленісуі – - Наурыз мерекесі. Әмірқан - театр сахнасында
Шарықтау шегі – - Әмірқан басынан кешірген бір оқиға
Шешімі – - Ән тәңірісінің құдіретті әні
|
Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.
Формативті бағалау: смайликтер
Топтық жұмыс
Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
Жасыл түс – «дайынбыз». Сары түс – «уақыт қажет». Қызыл түс – «дайын емеспіз».
|
Сын тұрғысынан ойлау
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
|
Сергіту сәті
|
25-27
мин
|
|
Мұғалім бейнероликті қосады.
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.
|
|
АҚТ
|
Қорытынды кезең
|
27-42 мин
|
|
Мұғалім топтарға тапсырмалар таратады.
Мәтінмен жұмыс
Әмірханның ән өнері жайлы айтқан сөзін әңгімеден тапқызып сол туралы өз пікірлерін білу. Қазіргі таңдағы ән өнері мен әншілер туралы салыстыра отырып пікірлерін тыңдау
Мәтін
Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Бет – аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шығама? Ән салу көңілден ғой... Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқымда келмейді.
|
Әр топ өз сипаттамасын дайындайды. Топтың спикерлері өз жұмыстарымен таныстырады.
1 - топ
Әмірханның мінездемелік сипаты (мәтіннен тауып жазу)
1. Қарапайымдылығы: Әмірхан студент жастармен сыпайы амандасып отыра кетеді.
2. Орындаушылық шеберлігі: Ән айтқанда ұшатын құстай қомданып алады.
3. Өнерге сүйіспеншілігі: Ән салса өзін – өзі ұмытады. Даусы көмейінен емес жүрегінен шығады.
4. Адамға үйірсектігі: Кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын адам.
5. Азаматтық тұлғасы: Өзінен бір нәрсе сұраса бере салады, кісіні алдауды білмейді.
6. Махаббатқа адалдығы: Махаббатқа адал жан. Ол алғашқы махаббаты Ақтамақты есіне алғанда көзіне жас алады.
2 - топ
Сөз төркінін ашу. Түсіндірме күнделігін толтыру
Жөпшеңді – анау – мынау жай
Орамал тастау – ұлттық ойын
Жанторсық – қымыз құятын ыдыс
Қош айтысу – өмірімен қоштасу
Қоржынбасы – екі басты қоржын
Таң асып тұрған – бабына келген
3 - топ
Мәтіннен теңеу сөздерді табу
Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу
Атқан таңдай, шайдай, сыбызғының үніндей, асқар таудай, күзді күнгі дауылдай, тас бұлақтың суындай деген теңеулерді тауып тіркескен сөздерімен бірге оқып мағынасын түсіндіріп өтті.
Оқушы пікірлері:
- Біз әңгімеден Әмірханның ән салу шеберлігін оқып тәнті болдық. Біздің қазіргі эстрадада жүрген әншілеріміздің көбі жанды дауыспен айтпай дауыстарын комьпютер арқылы қойып алып жатады. Ал Әміре домбырасын қолына алып ән салғанда бүкіл Париж халқы орнынан тұрып қол шапалақтап құрмет көрсеткен.
- Әншілердің көбі түр шығарамын деп жақсы әнді бұзып жібереді деген екен ол қазірде кездесіп жатады. Халық әндерін эстрадаға саламыз деп бастапқы қалпынан өзгертіп айтып жүргендер туралы да теледидардан айтып, талқылап та жүр.
- Зорланып айтқан ән дұрыс шықпайды деген екен. Ол рас, өз ана тілінде сөйлей алмай орысшаланып кеткен кей әншілеріміз қазақ әнін орындап жатқанда не айтып жатқанын түсінбейтін де шығар.
Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Ағаш аяқ» әнін тыңдату
|
Өз-өздерін бағалау:
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.
|
Сын тұрғысынан ойлау: постер құру
Оқуды бағалау.
|
Үй тапсырмасы
|
42-45 мин
|
Қ.Әбдез ұлы
С.Ч.Тұрсынғалиева
Астана«Арман -ПВ»2011ж
|
95-97бет.
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
Жеке оқу.
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
|
29.01.15
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін өлеңі»
Оқыту мақсаты: М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.
Әр оқушының ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін
қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын, сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.
Өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды
өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-Оқушылар Мағжан Жұмабаев жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Жаңа тақырып туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері
|
Уақыт
|
Ресурс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Қолданылған модульдер
|
Достарыңызбен бөлісу: |