Ұйымдастыру кезеңі
|
1-3 мин.
|
|
Мұғалім оқушыларға ұсынады.
|
Оқушылар
бойынша екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ:
|
Топтарды құру
|
Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
|
Уәж туғызу кезеңі
|
3-10
мин
|
|
Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.
Сосын мұғалім толықтырады.
М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.
Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.
С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.
Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т. б.
Поэмалары: "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»
Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»
Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»
Педагогикалық еңбектері: "Педагогика"кітабы, "Сауатты бол" оқулығы
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету)
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Зерттеп келген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады
|
Жаппай сұрау.
|
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
|
Негізгі кезең
|
10-25
мин
|
125-128 беттерді оқи берілген тақырыптар бойынша әр топ ойтолғау жазады.
|
Оқушыларға өлеңді оқыта отыра, берілген тірек сызба бойынша әңгімелеуді ұсынады
Енді оқушылардың білімдерін сөзжұмбақ арқылы сынап көрейік.
1. И Б Р А Г И М О В
2. Ж А Н С Ө З І
3. Ғ А Л И Я
4. Г Р А Ж Д А Н
5. Т Ұ Л П А Р
6. Б О С Т А Н Д Ы Қ Т У Ы
1-топ
1. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағының басылып шығуына жәрдем еткен ұстаз татар жазушысы (Ибрагимов)
2. «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған,
Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған»,- үзінді ақынның қай өлеңінен алынған?
(«Жан сөзі»)
3. Мағжан Жұмабаев 1910 жылы Уфа қаласында қандай медреседе оқиды? (Ғалия)
4. Мағжанның ұлының есімі, бұл есімді ақын Азамат соғысына орай қойған. (Граждан)
5. Мағжан «Мен кім?» өлеңінде өзін жалынға, арыстанға, биге, патшаға және тағы кімге теңейді? (Тұлпар)
6. Мағжан Жұмабаев Ақмола губерниясында қандай газетте қызмет атқарады? (Бостандық туы)
2-топ
1. М А Х А Б Б А Т
2. С А Ғ Ы Н Д Ы М
3. Қ Ы С Қ Ы Ж О Л
4. Қ А З А Қ Т І Л І
5. Е Г Е М Е Н Қ А З А Қ С Т А Н
6. Т А Ш К Е Н Т
«Талантты дарын» тобына сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Мағжан Жұмабаев қалам тартқан тақырыптардың бірі (Махаббат)
2. «Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім»,- үзінді қай өлеңнен алынған? («Сағындым»)
3. «Екі иінінен дем алып», «ішін тартып», «жер бауырлап жаяулап», «аузы - басы жыбырлап», «сақ - сақ күледі» тіркестері ақынның қай өлеңінен алынған? («Қысқы жол»)
4. «Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың»,- өлеңнің тақырыбын тап («Қазақ тілі»)
5. Мағжанның 1927 жылы «Тоқсанның тобы» поэмасы жарияланған «Еңбекші қазақ» газетінің қазіргі атауы («Егемен Қазақстан»)
6. 1923 жылы ақынның «Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері» деген кітабы қай қалада басылып шығады? (Ташкент)
3-топ
1. Ж Ү С І П Х А Н
2. С Ұ Л У
3. А Б Ы Л А Й
4. С А Й Ф И Қ Ұ Д А Ш
5. Қ О Р Қ Ы Т
6. П О Э З И Я
«Қайталанбас тұлға» тобына сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Мағжан Жұмабаевтың поэмасы («Жүсіпхан»)
2. «Батыр Баян» поэмасындағы қалмақ қызы қандай? (Сұлу)
3. «Батыр Баян» поэмасындағы хан (Абылай)
4. Мағжанға «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде Мағжан Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болды» деп пікір білдірген башқұрт жазушысы (Сайфи Құдаш)
5. Мағжанның өлім - өмір ақиқаты деген тұжырым жасаған поэмасы («Қорқыт»)
6. Мағжан Жұмабаев әдебиеттің қай жанрына қалам тербеген? (Поэзия)
ІІІ кезең «Шығармашылық шыңдалу»
Бес жол өлең әдісі бойынша өлең құрастыру
1. «Жарық жұлдыз» тобына
1. Зат есім 1 сөз - АҚЫН
2. Сын есім 2 сөз – ДАРЫНДЫ, ТАЛАНТТЫ
3. Етістік 3 сөз – ЖАЗАДЫ, ЖЫРЛАЙДЫ
4. Синоним 1 сөз – СУЫРЫП САЛМА
5. Сөз тіркесі – АҚЫН СӨЗ БАСТАР
БАТЫР ҚОЛ БАСТАР.
2. «Талантты дарын» тобына
1. Зат есім 1 сөз – СУРЕТКЕР
2. Сын есім 2 сөз – ТАЛАНТТЫ, ШЕБЕР
3. Етістік - САЛАДЫ, БЕЙНЕЛЕЙДІ
4. Синоним 1 сөз – ҚИЯЛШЫЛ
5. Сөз тіркесі – МАҒЖАН - СӨЗДЕН БЕЙНЕ ЖАСАУШЫ ШЕБЕР СУРЕТКЕР
3. «Қайталанбас тұлға» тобына
1. Зат есім 1 сөз – БАТЫР
2. Сын есім 2 сөз – ҚАЙСАР, НАМЫСТЫ
3. Етістік 3 сөз – ҚОРҒАЙДЫ, ҚАМҚОРЛАЙДЫ
4. Синоним 1 сөз – ЕРЖҮРЕК
5. Сөз тіркесі – ҚОЯНДЫ ҚАМЫС ӨЛТІРЕДІ,
ЕРДІ НАМЫС ӨЛТІРЕДІ.
IV кезең «Білімді тиянақтау»
- Енді әр топ студенттеріне 10 сұрақтан тест сұрақтары беріледі. 5 минут уақыт ішінде белгілеп, қарсы топқа береміз сол тест жауабы арқылы білімдеріңіз бағаланады.
1. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін тап
А. «Гүлсімге» В. «Адамдық борышың» С. «Анама хат»
2. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның бауыры
А. Жәнібек В. Ноян С. Абылай
3. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын ата
А. «Шолпан» В. «Маса» С. «Оян, қазақ!»
4. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын көрсет
А. «Ескендір» В. «Қорқыт» С.»Күйші»
5. Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылды?
А. Қазан В. Уфа С. Орынбор
6. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» өлеңі кім туралы?
А. Абай Құнанбаев В. Шоқан Уәлиханов С. Ыбырай Алтынсарин
7. Үзінді кімнің, қай шығармасынан алынған?
«Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей»...
А. М. Жұмабаев «Түркістан»
В. Ж. Жабаев «Сұраншы батыр» С. Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек»
8. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай жерде болған?
А. Жетісу В. Баянауыл С. Бурабай
9. «Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін»,- өлеңнің тақырыбын тап
А. «Сүйемін» В. «Жас келін» С. «Тұтқын»
10. М. Жұмабаев «Тұтқын» өлеңін қай ақыннан аударған?
А. Лермонтов В. Горький С. Пушкин
Тест жауаптары:
1. А
2. В
3. А
4. В
5. А
6. А
7. А
8. С
9. А
10. А
|
5 минут ішінде берілген сызба бойынша өлеңді әңгімелейді
Әр топ берілген тақырып бойынша ойтолғау жазады, жұмыстарын қорғайды
Әр топ өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді.
|
Топтық жұмыс.
.
|
Сын тұрғысынан ойлау:
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
|
Сергіту сәті
|
25-27
мин.
|
|
Мұғалім бейнероликті қосады.
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.
|
|
АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
|
Қорытынды кезең
|
27-42 мин
|
|
Бес жол өлең әдісі бойынша өлең құрастыру
1-топ
1. Зат есім 1 сөз - АҚЫН
2. Сын есім 2 сөз – ДАРЫНДЫ, ТАЛАНТТЫ
3. Етістік 3 сөз – ЖАЗАДЫ, ЖЫРЛАЙДЫ
4. Синоним 1 сөз – СУЫРЫП САЛМА
5. Сөз тіркесі – АҚЫН СӨЗ БАСТАР
БАТЫР ҚОЛ БАСТАР.
2-топ
1. Зат есім 1 сөз – СУРЕТКЕР
2. Сын есім 2 сөз – ТАЛАНТТЫ, ШЕБЕР
3. Етістік - САЛАДЫ, БЕЙНЕЛЕЙДІ
4. Синоним 1 сөз – ҚИЯЛШЫЛ
5. Сөз тіркесі – МАҒЖАН - СӨЗДЕН БЕЙНЕ ЖАСАУШЫ ШЕБЕР СУРЕТКЕР
3-топ
1. Зат есім 1 сөз – БАТЫР
2. Сын есім 2 сөз – ҚАЙСАР, НАМЫСТЫ
3. Етістік 3 сөз – ҚОРҒАЙДЫ, ҚАМҚОРЛАЙДЫ
4. Синоним 1 сөз – ЕРЖҮРЕК
5. Сөз тіркесі – ҚОЯНДЫ ҚАМЫС ӨЛТІРЕДІ,
ЕРДІ НАМЫС ӨЛТІРЕДІ.
- Енді әр топ оқушылары 10 сұрақтан тест сұрақтары беріледі. 5 минут уақыт ішінде белгілеп, қарсы топқа береміз сол тест жауабы арқылы білімдеріңіз бағаланады.
1. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін тап
А. «Гүлсімге» В. «Адамдық борышың» С. «Анама хат»
2. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның бауыры
А. Жәнібек В. Ноян С. Абылай
3. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын ата
А. «Шолпан» В. «Маса» С. «Оян, қазақ!»
4. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын көрсет
А. «Ескендір» В. «Қорқыт» С.»Күйші»
5. Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылды?
А. Қазан В. Уфа С. Орынбор
6. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» өлеңі кім туралы?
А. Абай Құнанбаев В. Шоқан Уәлиханов С. Ыбырай Алтынсарин
7. Үзінді кімнің, қай шығармасынан алынған?
«Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей»...
А. М. Жұмабаев «Түркістан»
В. Ж. Жабаев «Сұраншы батыр» С. Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек»
8. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай жерде болған?
А. Жетісу В. Баянауыл С. Бурабай
9. «Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін»,- өлеңнің тақырыбын тап
А. «Сүйемін» В. «Жас келін» С. «Тұтқын»
10. М. Жұмабаев «Тұтқын» өлеңін қай ақыннан аударған?
А. Лермонтов В. Горький С. Пушкин
Тест жауаптары:
1. А
2. В
3. А
4. В
5. А
6. А
7. А
8. С
9. А
10. А
|
|
Қорытынды бағалау
|
АҚТ
Оқуды бағалау.
|
Үй тапсырмасы
|
42-45 мин
|
|
Өлеңнен үзінді жаттау
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
Жеке оқу.
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
|
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
Оқыту мақсаты: Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Бейімбет Майлиннің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше қосымша және әдеби материалмен жұмыс істей алу және іздеушілік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Әр ұлттың салт-дәстүріне құрмет сезімімен қарап, толеранттылық, қайырымдылық, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Танымдық: Бейімбет Майлин өмір сүрген заманның тарихи шындығын және қазіргі заманның әлеуметтік мәселесін салыстыру, байланыстыру.
Күтілетін нәтиже:
- Бейімбет Майлин жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Бейімбет Майлин өмір сүрген заманның тарихи шындығын және қазіргі заманның әлеуметтік мәселесі туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- Бейімбет Майлиннің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді біледі;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері
|
Уақыт
|
Ресурс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Қолданылған модульдер
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1-3 мин.
|
|
Мұғалім жағымды психологиялық климат жасайды. Сабақтың ұраны: Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! – деп, біздің атақты жерлестеріміз Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, бүгінгі сабақта білгенімізді ортаға салып, естігенімізді көңілімізге тоқып отырайық!
|
|
|
Жас ерекшеліктер.
|
Уәж туғызу кезеңі
|
3-10
мин
|
|
Мұғалім «Ой шабуылын» ұйымдастырады.
: Нені білуіміз керек? (Балалардың алдына мақсат-міндеттер қою)
• Жазушының өмірбаяны.
• Жазушының шығармашылығы.
• Жазушы шығармаларының тақырыбы.
Балалар, бүгінгі сабақ сендер үшін танымдық сабақ болмақ, сондықтан үнемі дәптермен жұмыс болады. Сабақ бойы бір-біріңді тыңдап қана қоймай, естіп отырған ақпараттың ішінен ең маңызды дегенін дәптерлеріңе жазып отырыңдар. Сабақ соңында алған білімдерің тексеріледі, дайын болыңдар.
|
Екі минуттың ішінде тақырып бойынша ойларына келген сөздер мен сөз тіркестерін жазады.
|
Жаппай сұрау.
|
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
|
Негізгі кезең
|
10-25
мин
|
|
. Портретпен жұмыс: Бейімбет Майлиннің бейнесі.
- Мынау кімнің бейнесі және ол туралы не білесіңдер?
Балалар жазушының өмірбаяны туралы, оқыған жерлері туралы айтып береді.
|
|
|
Оқыту үшін бағалау.
|
Сергіту сәті
|
25-27
мин.
|
|
Мұғалім бейнероликті қосады.
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.
|
|
АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
|
Қорытынды кезең
|
27-42 мин
|
|
Әдеби сөздік диктант. Сабақ барысында қолданылатын термин сөздердің аудармасын білу: «поэт, писатель, сочинение, рассказ, стихи, литературный, художественный, содержание, случай, биография, творчество, религия, традиция, искусство».
7. Өзара тексеру: Балалар бағалау өлшемі бойынша бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды.
8. Хронологиялық кесте: «Мына сандар не дейді?»
• 1894
• 1910 – 1912
• 1913 – 1914
• 1914
• 1922
• 1934 -1937
• 1938
|
|
|
|
Үй тапсырмасы
|
42-45 мин
|
|
Үй тапсырмасының мақса-
тын, мазмұнын және орындау тәсілін түсіндіреді.
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
Жеке оқу.
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
|
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Айт күндері » әңгімесі
Оқыту мақсаты:. : Бейімбет Майлиннің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Айттың діни мереке екенін танымдық бағытта меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше қосымша және әдеби материалмен жұмыс істей алу және іздеушілік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Әр ұлттың салт-дәстүріне құрмет сезімімен қарап, толеранттылық, қайырымдылық, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Танымдық: Бейімбет Майлин өмір сүрген заманның тарихи шындығын және қазіргі заманның әлеуметтік мәселесін салыстыру, байланыстыру.
Күтілетін нәтиже: Күтілетін нәтиже:
- Бейімбет Майлин жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Бейімбет Майлин өмір сүрген заманның тарихи шындығын және қазіргі заманның әлеуметтік мәселесі туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- Бейімбет Майлиннің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді біледі;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
.
Сабақтың кезеңдері
|
Уақыт
|
Ресурс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Қолданылған модульдер
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1-3 мин.
|
|
Сабақтың тақырыбын хабарлау: Дұрыс айтасыңдар, ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бейімбет Майлин. Айт күндері». Жоспар бойынша бұл – екінші сабақ. Өткен сабақта біз «Айт күндері» әңгімесін оқып, талдағанбыз. Ал бүгін осы тақырыпты одан әрі кеңейтіп, өз білімімізді жинақтап, одан әрі тереңдетіп, қорытындылаймыз.
|
|
Топтарды құру
|
Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
|
Уәж туғызу кезеңі
|
3-10
мин
|
|
Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қояды:
- 1. Бейімбет Майлин кім?
2. Бейімбет Майлиннің туған жері.
3. Бейімбет Майлиннің өмір жылдары.
4. Бейімбет Майлин қайда оқыды?
5. Бейімбет Майлиннің алғашқы повесі қандай?
6. Бейімбеттің қанша прозасы бар?
7. Бейімбеттің неше өлеңі бар?
8. Бейімбеттің қанша поэмасы бар?
9. Бейімбеттің қанша драмалық шығармасы бар?
10. Оның қандай шығармаларын білесің?
11. Бейімбет Майлин қандай фильмнің сценариін жазысқан?
12. Бейімбет шығармаларының тақырыбы қандай
- Қандай мақсат пен міндеттер қоямыз?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
|
Жаппай сұрау.
|
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
|
Негізгі кезең
|
10-25
мин
|
|
Мұғалім әр топқа қағаз беріп, «Ой шабуылын» ұйымдастырады.
|
. «Айт күндері» әңгімесі. Әңгіменің мазмұнын еске түсіру мақсатында бір оқушы қысқаша баяндап береді. Қалған оқушылар оны тыңдай отырып, төмендегі сызбаны толтырады:
Шығарманың аты Шығарманың авторы Шығарманың қай жанрына жатады? Әңгіме деген не? Шығарманың негізгі идеясы
Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды
Әр топтан жұптасқан оқушылар өз мәтіндері бойынша алған ақпараттарымен бөліседі.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, екі топ бір-біріне сұрақ қойып өзара жарысады
|
Топтық жұмыс.
Топтық жұмыс
Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
Жасыл түс – «дайынбыз». Сары түс – «уақыт қажет». Қызыл түс – «дайын емеспіз».
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.
|
Сыни тұрғыдан ойлау: «Ой шабуыл»
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сын тұрғысынан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
|
Сергіту сәті
|
25-27
мин.
|
|
Мұғалім бейнероликті қосады.
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.
|
|
АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
|
Қорытынды кезең
|
27-42 мин
|
|
. Оқулықпен жұмыс. Өткен сабақта шығармашылық деңгейдегі балаларға оқулықтың 62-бетіндегі проблемалық сипаттағы, өз бетінше ізденуді талап ететін «Отбасындағы діни мерекелер» тақырыбы бойынша тапсырмалар жүктелген. Енді сол балаларға сөз берейік, білгендерін ортаға салсын. Қалғандарың тыңдап қана қоймай, алдарыңдағы «Инсерт» картасын толтырып отырыңдар. Тақырыпшалар: «Айттың түрлері», «Ораза айт», «Құрбан айт», «Айтқа тән дәстүрлер», «Коляда», «Сочельник», «Крещение» - балалар тақтаға шығып өз презентацияларын қорғайды.
«Инсерт» картасы бойынша тексеру.
Нені білемін? V Мен үшін жаңалық + Мені таңқалдырған ?
. Рефлексия. Енді, балалар, Бейімбеттің «Айт күндері» әңгімесіне қайта оралсақ. Жазушы бұл әңгімесінде өз заманында айт күні болған жан шошытарлық ащы шындықты ашына отырып жазған. Сондағы оның түпкі арманы – осындай жан түршігерлік жауыздық пен мейірімсіздік болашақта адамдар арасында болмаса екен, адам баласы бір-біріне бай-кедей болып бөлінбей мейіріммен қараса екен, бір-біріне қайырымды болса екен деген ойдан туындаған. Ендеше, бүгінгі таңда жазушының арманы орындалды деп айтуға болады. Қазіргі заманда тек айт күндері ғана емес, жыл бойына үкімет тарапынан да, жағдайы көтеретін басқа азаматтар тарапынан да халыққа үнемі көмек көрсетіліп келеді. Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы өткізіледі, әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасыларына берілетін төлемақы жыл өткен сайын өсіп келеді, тағы басқа да қайырымдылық іс-шаралар аз емес. Ал дін жағына келетін болсақ, басқа елдерде дін немесе ұлт мәселесі шиеленісіп, қантөгістер де болып жатқаны жасырын емес. Ал біздің елімізде Елбасымыздың көрегендігі арқасында барлық ұлттар да, барлық дін өкілдері де айрандай ұйып, Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайы сияқты бір шаңырақтың астында бас қосып отыр. Рождество мен Құрбан айт мерекелері 2006 жылдан бері демалыс күндері болып жарияланды. Бұл күндері Елбасы халықтың алдына шығып өзінің құттықтау сөзін сөйлейді. Жазушы арманының орындалғаны осы емес пе!
13. «Айт күндері» әңгімесі не туралы?
14. Қандай діни мерекелерді білесің?
15. Айттың түрлері қандай?
16. Айтқа тән дәстүрлер қандай?
Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.
|
Әр топ өз сипаттамасын дайындайды. Топтың спикерлері өз жұмыстарымен таныстырады.
Оқушылар өз постерлерін жаңа ойларымен толықтырады. Спикерлері оқып шығады.
Оқушылар табыс парақтарын толтырады.
|
Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады.
|
Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
|
42-45 мин
|
Үй тапсырмасы
|
|
«Менің сүйікті суретім»
тақырыбында ойтолғау
жазуға бағыт береді.
Тірек сөздер: бейнелеу,
көркем кескіндеме,
графика, қолданбалы өнер,
бейнелеу өнері мектептері
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |