Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Оқыту мақсаты: ) Білімділік: Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу. ә) Тәрбиелік: Ақын өлеңін оқи отырып, Отанға, тілге, халыққа деген сүйіспеншілігін арттыру. б) Дамытушылық: Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Ілияс Жансүгіров жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Ілияс Жансүгіровтың еңбектері туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері
|
Уақыт
|
Ресурс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Қолданылған модульдер
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1-3 мин.
|
|
Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.
|
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ:
|
Топтарды құру
|
Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
|
Уәж туғызу кезеңі
|
3-10
мин
|
|
Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қояды:
Слайд арқылы ақын портретін көрсету.
«Жылдар сөйлейді» көрнекілігі арқылы І.Жансүгіровтың өмір жолын,
шығармашылығын айтып өтемін.
1894ж 1938ж
1905-1911жж 1916ж 1920ж 1925ж 1928ж 1934ж 1936ж
1)1834ж Талдықорған облысы, Ақсу аулында дүниеге келген.
2)1905-1911жылдары алғашқыда әкесінен хат танып,содан соң молдадан оқып,
Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алады.
3)1916ж «Әншіге» өлеңін жазады.
4)1920ж Алматыға келіп,үш айлық мұғалімдік курсын бітіреді.
5)1925ж Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6)1928ж Елге келіп « Еңбекші қазақ» (қазіргі, «Егемен Қазақстан») газетінде
қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
7)1934-1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін
басқарады.
8)1938 ж Зұлмат қолына ілігіп,ату жазасына кесіледі.
өлеңдері прозасы пьесалары сатирасы поэмасы
«Бұлбұлға» «Жолдастар» «Кек» «Ала бие » «Күйші»
«Әншіге» «Жол аузында» «Түрксіб» «Некешілдер» «Күй»
«Арман» «Жарыс» т.б
И.А.Крылов М.Ю.Лермонтов Н.А. Некрасов А.С.Пушкин.
«Жапырақтар «Тұтқын» «Шойын жол» «Дауылпаз »
мен тамырлар» «Қанжар»
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге»-деп,С.Торайғыров айтқандай Абай мен Ілиястың өлеңдерін салыстыру,талдату. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы- ол»
«Жанды сөз», «Жыбырлақ», «Бойы бұлғаң» ( Күй ойналады.)
Слайд арқылы Ілиястың айтқан сөзі оқылады.
І.Жансүгіровтың Ана мен Бала тақырыбына арналған көптеген өлеңдері бар соның ішінде «Бөбек бөлеу» өлеңі.
Оқушыларға өлеңнен бейнелі сөздерді тауып, дәптерлеріне жаздыру.
«Ана махаббаты» (соқыр баланың арманы) слайд арқылы берілген өлеңді оқушыларға оқыту.
Оқушылар шығармашылығынан ана туралы өлеңдер, эсселер, суреттер
әңгімелеу.( Күй ойналады)
«Құлагер», «Күй» мен «Күйші» туған шақта,
Кенелгенін білмепті — ау елің баққа!
Осылайша қаламын ұштап, өнерін шыңдаған Ілияс атақты Ақан сері әншіге арнап «Құлагер» поэмасын, қазақтың күй өнерін елге танытқан «Күй», «Күйші»поэмаларын , туған елінің кең жазира даласына, Отанына сүйіспеншілігін «Дала» поэмасында төгілте жырға қосты.
Құла өлді, Ақан жаны жараланды, бірақ өнер өлмейді. «Құлагер» әні дүниеге келді. Ілияс өнерге, өнерліге өлім жоқ деген түйін жасайды. Өйткені «Құлагер» әні жалпақ сахараға қанат қақты.
Батыраштар дүниеге келе береді, кете береді, бірақ олардан із жоқ. Ал Ақан «Құлагер» әнімен мәңгі жасайды, өнер өмершең, Ілияс нысанасы да – осы
Ақынның «Күй» және «Күйші» поэмалары тақырып жағынан бір – біріне жақын тұрады. Бұл халықтың дариядай тасыған өнері, ғажайып таланты туралы, күй өнері туралы тақырып.
Ілияс поэмаларының ішіндегі әлеуметтік тынысы кең, терең мазмұнды аса көркемдерінің бірі – «Дала» поэмасы. Ақын бұл поэмасын Қазақстанның 10 жылдық мерекесіне арнаған.
Міне осындай өшпес асыл мұраларды жазып қалдырған ақын 1938 жылы аяусыз зұлмат қолына ілігіп ату жазасына кесіледі
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
|
Жаппай сұрау.
|
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
|
Негізгі кезең
|
10-25
мин
|
|
Мәтін бойынша жұмыс
1-топ – Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
2-топ – Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасайды.
2 топқа ортақ тапсырма:
2-тапсырма
|
1-топ: Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
.
2-топ: Мәтін бойынша хронологиялық кесте жасайды.
Топтар өз жұмыстарымен алмасып, бір-бірлерін толықтырады және суреттер арқылы бір-бірлерін бағалайды.
Берілген суреттер бойынша өз ойларын білдіреді.
|
Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.
|
Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.
|
Жылдар
|
Болған оқиғалар
|
Шығармалары
|
1894 ж.
14 мамыр
|
Бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында) туған
|
|
1909 ж.
|
Петербургте шыққан Абайдың жинағы қолына түседі.
|
|
1928 ж.
|
|
«Сағанақ» тұңғыш кітабы жарық көреді
|
1929 ж.
|
|
«Күй» поэмасы
|
1930 ж.
|
|
«Дала» поэмасы
|
1934 ж.
|
|
«Күйші» поэмасы
|
1936 ж.
|
|
«Құлагер» поэмасы
|
1938 ж.
|
Қайтыс болды
|
|
Сергіту сәті
|
25-27
мин.
|
|
Мұғалім бейнероликті қосады.
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.
|
|
АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
|
Қорытынды кезең
|
27-42 мин
|
|
Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.
Мұғалім «Табыс ағашын» таратады.
|
Оқулық бойынша жұмыс жасайды. Жаңа тақырыпты оқулықпен жұмыс жасау арқылы постерде көрсетеді
Әр топ өз сипаттамасын дайындайды. Топтың спикерлері өз жұмыстарымен таныстырады.
Оқушылар өз кластерлерін жаңа ойларымен толықтырады. Спикерлері оқып шығады.
Оқушылар табыс парақтарын толтырады.
Оқушылар «Табыс ағашын» толтырады.
|
Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады.
|
Сын тұрғысынан ойлау: постерқұру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
|
Үй тапсырмасы
|
42-45 мин
|
|
Мазмұндау
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
|
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың «Анам тілі», «Домбыра» өлеңі
Оқыту мақсаты: . І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту
Міндеттері.
1. Өлеңнің ой – түйінін жан – жақты аша отырып, шығарманың идеясына көз жеткізу
2. Әдебиет теориясынан түсінік беру
3. Шығармашылыққа баулу, халық өнері туралы, ана тілі туралы оқушылардың өз ойын ашық айтып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруына ықпал ету
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Ілияс Жансүгіров жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Ілияс Жансүгіровтың еңбектері туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
-Өлеңінің мазмұнын аша біледі
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері
|
Уақыт
|
Ресурс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Қолданылған модульдер
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1-3 мин.
|
|
Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша таңдауды ұсынады.
|
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:
2-топ:
|
Топтарды құру
|
Жас ерекшеліктер.
Сын тұрғысынан ойлау: топтарға бөлу.
|
Уәж туғызу кезеңі
|
3-10
мин
|
|
Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қояды:
Үш топқа қағаз, маркер үлестіріліп беріледі.
«Топтастыру» әдісімен:
1 - топ. С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
2 - топ. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
3 - топ. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.
- Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Қандай мақсат пен міндеттер қоямыз?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз беттерінше сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Әр топ өз басшысын тағайындап, қорғайды
|
Жаппай сұрау.
|
Оқытудың жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту.
|
Негізгі кезең
|
10-25
мин
|
А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер
|
II «Анам тілі» өлеңі
- Балалар, өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?
(Оқушы ойын тыңдау )
«Анам тілі» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу
Бағасы алтын анам тілі – қымбат
Бағаланған балаң түрі - есейген
Маңымды танығанмын – білдім
Тәттілік – қадірлілік
Апкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада
- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.
Тіл туралы мақал - мәтелдер айтқызу.
Нақыл сөздерді экраннан оқып беру.
• Тілден биік асқан тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.
Ғ. Мүсірепов.
• Өз тілін сезбеген бала - ана сүтін татпаған жетіммен тең.
Б. Момышұлы
III Ақынның келесі өлеңі «Домбыра» деп аталады.
Домбыра қандай аспап? ( Оқушылар пікірін біле кету )
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т. б.
Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.
«Домбыра» өлеңін мәнерлеп оқытып, мазмұнын ұғындыру.
Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай жалғастыру. Өлеңде не туралы әңгіме айтылады?
1. Домбыра үні
2. Әуез
3. Қарқын
4. Күй суреті
Осы жоспар бойынша талдау
Интерактивті тақтаға назар аударту. Әдеби теориялық ұғымдар.
Түйдектету Баяулату
Градация туралы оқу, дәптерге жазу. ( Не түсінгендерін сұрау, талдау)
Градация, дамыту - алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды,
алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақ -
тата түсу.
Г р а д а ц и я:
1. Түйдектету 2. Баяулату
«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.
(Оқушыларға тапқызып, талдату, салыстыру)
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма?
Тілден анық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда?
(Түйдектеу бағытында жазылған)
Келді жақын сең қағысқан,
Үн шыққандай жолбарыстан
Тұншыққандай
Өлді арыстан
Ат шапқандай
Жер қайысқан.
(Баяулату сарынымен жазылған )
Теңеу, эпитетті тапқызу
Теңеу:, тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дыбыстай,
жарыстай, дауыстай, барыстай.
Эпитет: қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра.
|
. Бағасы алтын анам тілі – қымбат
Бағаланған балаң түрі - есейген
Маңымды танығанмын – білдім
Тәттілік – қадірлілік
Апкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада
- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.
|
Топтық жұмыс.
Әдеттен тыс бағалау: шапалақтап, қошемет көрсету.
|
Сын тұрғысынан ойлау: постер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау: топтық жұмыс.
Оқыту үшін бағалау.
Сынтұрғысынан ойлау: диалогтік оқыту.
|
Сергіту сәті
|
25-27
мин.
|
|
Мұғалім бейнероликті қосады.
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын орындайды.
|
|
АҚТ: бейнеролик көрсетіледі.
|
Қорытынды кезең
|
27-42 мин
|
|
Мұғалім сабақ басында жасаған кластерлерін толықтыруды ұсынады.
Мұғалім бағалау парақтары арқылы қорытынды шығарып, оқушыларды бағалайды.
Мұғалім «Табыс ағашын» таратады.
|
Әр топ өз сипаттамасын дайындайды. Топтың спикерлері өз жұмыстарымен таныстырады.
Оқушылар өз кластерлерін жаңа ойларымен толықтырады. Спикерлері оқып шығады.
Оқушылар табыс парақтарын толтырады.
Оқушылар «Табыс ағашын» толтырады.
|
ақын
домбырашы журналист
драматург жазушы
әнші
Өз-өздерін бағалау: табыс парақтары.
Қорытынды бағалау.
Кері байланыс «Табыс ағашын» толтыру арқылы жүзеге асады.
|
Сын тұрғысынан ойлау: кластер құру.
Оқыту үшін бағалау.
Оқуды бағалау.
|
Үй тапсырмасы
|
42-45 мин
|
|
1. І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу
2. «Анам тілі» өлеңіне балама жазу
3. «Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы» ( ойтолғау) жазып келу
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Өзін-өзі реттеу.
|
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы
Оқыту мақсаты: Естеліктерді,қосымша материалдарды негізге ала отырып , көркем сөздің пірі,заманымыздың кемеңгер жазушысы, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы кеңінен мәлімет беру, шығармашылығына жалпы шолу жасау.
Дамыту: Қосымша материал қолдану арқылы оқушы танымын, қызығушылығын арттыру,үзінділер арқылы өткен материалдарды еске түсіру, ойлау қабілетін , мәнерлеп оқу машықтарын дамыту, талдау жұмыстарын жүргізіп, әдебиет теориясынан өткендерін еске түсіру. Ой толғау жаздыру негізінде шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Естеліктер, жырлар арқылы оқушыларды Әуезов әлеміне жетелеу, жазушы бейнесін оқушы көкірегіне ұялата білу; Ұлттық мақтанышымыз екендігін ұғындыра түсу;
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Әуезов жайындағы сұхбаттарға қатысады;
- Әуезов еңбектері туралы көзқарасын айтып, пікір білдіреді;
- Әуезов әңгіме өнерінің негізін қалаушы екенін түсінеді;
- топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың кезеңдері
|
Уақыт
|
Ресурс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Қолданылған модульдер
|
Достарыңызбен бөлісу: |