«Бекітілді»
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
« » ________Г.М.Амантаева
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім
|
5-бөлім. Өзгертілген командалық ойын. Спорттық ойындар.
|
Педагогтің аты-жөні
|
Қалниязов Балқожа Куптилеуович
|
Күні
|
09.02.2022
|
Сынып: 5 «Ә»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ойын кезіндегі көшбасшылық дағдыны қалыптастыру.
Спорттық және қозғалмалы ойындар.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
5.2.1.1. Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
- өзгермелі жағдайға жауап қайтара біледі, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді орындайды;
Оқушылардың басым бөлігі:
- жеке және топтық жаттығулары арқылы доппен орындалатын жаттығуларды орындайды.
Кейбір оқушылар:
- өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді көрсетеді;
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
15 минут
|
І. Сәлемдесу, түгелдеу,ақпар беру, сабақтың тақырыбын мақсатын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.
Қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз, арақашықтық сақтаймыз.
Дене тік, басты айналдырғанда көзді жұмбаймыз.
Қолды көтергенде шынтақты бүкпейміз.
Денені тік ұстаймыз
Қол белде,бас орында, белді айналдырамыз.
Қолды түзу ұстаймыз.
Тізені бүкпеу.
Аяқты алшақ ұстау.
Барлығы бірдей жасау.
Барлығы бірдей жасау.
Жоғары секіреміз.
|
І. Жүру кезінде орындалатын жаттығулар
а) қол жоғарыда, аяқтың ұшымен
ә) қол белде, өкшемен
б) қол алда, жартылай отырып
в) қол тізеде, толық отырып және секіріп
Кері байланыс: Жарайсыңдар!
II. Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар
а) қол иықты алға, артқа айналдырамыз, оң және сол жақпен жүгіру.
ә) қол белде, тізені жоғары сермеп жүгіру.
б) қол белде аяқты алға сермеп жүгіру.
в) Аяқты артқа сермеп жүгіру .
г) Аяқты екі жанға сермеп жүгіру .
д) жылдамдыққа жүгіру.
е) демді басып жүру
Кері байланыс: Тамаша!
IІІ. Жалпы дамыту жаттығулары
Б.Қ. қол белде, санақ бойынша, басты
1-4 оңға,1- 4солға айналдырамыз.
Б.Қ. қол иықта алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз
Б.Қ. қол кеуде тұсында 1-2 рет жартылай, 3-4 рет толық жазып кереміз.
Б.Қ. аяқ иық деңгейінде, қол желкеде с.б. 1-2 кеудемізді оңға, 3-4 кеудемізді солға бұрамыз.
Б.Қ. аяқ иық деңгейінде қол белде, белді 1-4 оңға айналдырамыз, 1-4 солға айналдырамыз.
Б.Қ. аяқ иық деңгейінде оң қол жоғарыда сол белде 1-2 оң жаққа иілеміз, 3-4 сол жаққа иілеміз.
Б.Қ аяқ иық деңгейінен алшақ 1- оң аяққа, 2- ортаға, 3- сол аяққа, 4- Б.Қ
Б.Қ. аяқ иық деңгейінен алшақ қоямыз 1- оң қолымызды сол аяққа тигіземіз, 2- сол қолымызды оң аяққа тигіземіз.
Б.Қ. аяқ иық деңгейінен алшақ 1 оң аяққа отырамыз 2- Б.Қ, 3 сол аяққа отырамыз 4- Б.Қ.
1- Б.Қ.Н.Т. қол жанымызда, 2- секіреміз аяқтың арасын ашамыз, алқанды бір-біріне тигіземіз, 3-4 қайталаймыз. 30 рет секіреміз
|
Мұғалімнің ауызша мадақтауы
Мұғалімнің ауызша мадақтауы
Мұғалімнің ауызша мадақтауы
|
|
Сабақтың ортасы
27 минут
|
Командалар арасынан көшбасшыны анықтау
Допты дұрыс ұстауларын қадағалау және көрсету.
Допты дұрыс беруін қадағалау. Допты әріптесіне бергенде доп әріптесіне бір қадамдай жетпей жерге тию керек.
Допты лақтырғанда кеудеден шамалы доға жасап толық жазылады. Допты әріптесіне қозғалыста дұрыс беруін қадағалау. Доп саусақтардың белсенді қимылымен
серпіледі.
Допты кеуде түсынан лақтыру үшін тізе бүгіліп допты кеудеде қос қолмен ұстап, тізені түзеу, қол кеудеден шамалы доға жасап түзеледі Допты екі қолмен бастан асырып тоға лақтыру, орта қашықтықта қолданылады. Мұнда бүгілген тізені, бір мезетте қол алға қарай жазылып доп торға бағытталады
|
Эстафеталық қимыл-қозғалыс ойыны.
«Допты жалғау және торға тастау»
Ойында үш команда болады, ойыншылар баскетбол қалқанына қарсы тұрып бір лек түзейді. Ал, командадағы бір ойыншы қалқанға жақын жерге тобына қарсы қарап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар қалқанға қарай бет алып допты алып жүреді, ортаңғы сызықтан асқан соң қалқанның қасында тұрған командаласына жалғайды ол өз кезегінде допты шығыршықта тастап кері алып қайтып лектің соңына орналасы, ал бірінші допты алып жүріп бастаған ойыншы қалқанның қасында қалады, солай ойын барлығы жасағанша жалғасады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіскежетеді.
Баскетбол. Допты орында тұрып, әр түрлі тәсілдермен әріптесіне беруді дамыту
1.Допты екі қолмен кеудеден беру
2. Допты екі қолмен бастан асырып беру
3. Допты әріптесіне жерге соғып жеткізу
Баскетбол.Допты қозғалыста әріптесіне беруді дамыту
1. Допты қозғалыста кеудеден, әріптесіне беру
2. Допты қозғалыста бастан асырып беру
3. Допты қозғалыста әріптесіне жерге соғып жеткізу.
Баскетбол. Допты орында торға тастауды дамыту
1.Допты торға кеудеден тастау
2.Допты торға бастан асырып тастау
3.Допты торға бір қолмен тастау
Эстафеталық қимыл-қозғалыс ойыны.
«Доппен жарыс»
Ойыншылар алаңның бүйір шекарасынан ортаға қарай екі қадам орналасқан. Бір команда сол жақта, екіншісі қалқанның оң жағында тұрады. Ойыншылар ретімен орналасады. Ойыншылар арасындағы қашықтық екі қадам. Мұғалім допты қалқанға лақтырып, кез келген номерді айтады. Бұл номерге ие екі ойыншы да допты иемденуге тырысады. Допты иемденген ойыншы, допты өз командасының бастапқы ойыншыларына лақтырады, олар допты бір-біріне береді. Допты иемдене алмаған ойыншы өз бағанының бірінші ойыншысын айналып өтіп, өз командасымен залдың екінші шетіне қарай жүгіріп, басқа команданың ойыншылары өткізген допты басып озуға тырысады. Егер жүгіріп келе жатқан ойыншы допқа дейін сызықтың соңында аяқтаса, онда оның командасына бір ұпай беріледі. Басқа команда да өз ойыншысының қалқаннан соққыдан кейін допқа ие болғаны үшін бір ұпай алады. Егер доп мәреге бірінші «келсе», допты иемденген команда екі ұпай алады.
|
Жұлдызша әдісі арқылы команда көшбасшысы өз тобын бағалайды
Жұлдызша әдісі арқылы команда көшбасшысы өз тобын бағалайды
Жұлдызша әдісі арқылы команда көшбасшысы өз тобын бағалайды
|
Ысқырық, секундо-мер, баскетбол доптары, шығыр-
шықтар
Ысқырық, секундо-мер, баскетбол доптары, кедергі-
лер,ауыр доптар
|
Сабақ соңы
3 минут
|
Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаймыз.
Сабаққа рефлексия:
Мұғалім сұрақтары:
эстафеталық ойындар қандай бұлшықеттерге әсер етті?
командадағы тактикалық әрекеттер үшін эстафеталық ойындар қажет пе?
Мұғалім әрекеті:
оқушыларға кері байланыс жүргізеді, талқылайды. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.
Үй тапсырмасы:
Допты қозғалыста алып жүру, допты
қозғалыста
әріптесіне
беру,допты орында тұрып, әр түрлі
тәсілдермен
әріптесіне беруді қайталау.
|
Оқушы әрекеті: Тыныс жолдарын қалпына келтіру, қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір – біріне кері байланыс жүргізеді.
|
Бас бармақ әдісі арқылы бүгінгі сабақты оқушылар бағалайды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |