Шаймурат Болат
Ақкөл ауданы, «№3 Ақкөл орта мектебі» ММ
тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Қола дәуіріндегі Қазақстан және қола дәуірі ескерткіштері туралы білімдерін тексеріп, білімдерін бекіту
-Жеке және топтық жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру
-Тарихи сауатты тұлғаны қалыптастыру
Дамытушылық:
-карталар мен анықтамаларды пайдаланып, ой-өрісін кеңейту.
-ойлау,есте сақтау, сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік:
-оқушылардың өз өлкесінің , жалпы мемлекетінің тарихын білуіне қызығушылығын ояту.
- Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл дәуірде жасалынған еңбек құралдар, андроновтық тайпалар туралы алған білімдерін тиянақтай отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
«Қола дәуіріндегі Қазақстан» сабағында алған білімдерін тексеру;
Оқушының шығармашылық әлеуетін ашу мен дамыту;
Оқушының жеке даралық тұлғасын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізу.
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың оқыту құралдары:оқулық,
дидактикалық материалдар, үлестірме карточкалар, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.
Сабақ көрнекілігі: карталар, тірек-сызбалар, газет-журналдар, карта,сызба, кесте, карточкалар электронды оқулық.
Пәнаралық байланысы: Дүние жүзі тарихы,
қазақ әдебиеті, география
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі:қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, интерактивті әдістер.
Сабақ жоспары:
І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Мағынаны тану
ІІІ. Ой толғаныс
ІҮ. Миға шабуыл
Ү. Слайдтағы суреттермен әңгіме, мәтін құрастыру.
ҮІ. «Сөзжұмбақтар шешу»
ҮІІ. «Тұлғаны таны »
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Үй тапсырмасы
Х. Қорытындылау
І тапсырма: Қызығушылықты ояту.
Тренинг сұрақтармен жұмыс.
І топ «Нұра» тобы
Мыс кеніне қалайы қосу арқылы өндірілген металл қалай аталады?
( Қола)
Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан?
(Орталық Қазақстан)
Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы? (Ә. Марғұлан)
Солтүстік және Батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстар саны? (80- нен аса)
Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны?
( Нарым, Қалба)
Қола дәуіріндегі ыдыс жаасаудың ең бір өрістеген түрі?
( Көзе, құмыралар)
Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ?
( Орталық Қазақстан)
Андрондықтардың бет- бейнесін сипаттаған ғалым?(Алексеев)
ІІ топ «Атасу» тобы
Қазақстан аумағындағы ең жақсы зерттелген аймақ?
(Орталық Қазақстан)
2. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі неше кезеңге бөлінеді?
кезеңге. Ерте қола, орта қола, кейінгі қола дәуірі)
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындары
қалай аталады? (Обалар)
Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар?
(Петровка, Боголюбов)
Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер?
(Андроново)
Қазақ жерін зерттеген алғашқы геолог, академик қазақ? - Қ.Сәтбаев
Қаратауда көп кездесетін сурет? (49 арбаның суреті)
Андрондықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі? (жер, еден астындағы шұңқырда)
ІІІ топ «Беғазы- Дәндібай» тобы
Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті? (Беғазы- Дәндібай)
Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл? (1946 жыл)
Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс? (Шағалалы)
Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары? (абыздар)
Андрондықтардың мойынға таққан тұмаршалары? (жыртқыш аңдардың азу тісі)
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі? (жерлеу орындарының ірілігі)
Андрон мәдениетінің археологиялық символы? (самай сырға және алқа)
Андрондықтардың жер өңдеу құралы? (тесе)
ІІ. Мағынаны тану. Постер құрастыру
1- топ «Нұра» тобы Қоладан
жасалған еңбек құралдары
ІІ топ «Атасу» тобы Қазақстан аумағындағы мыс пен қалайы кен орындары
ІІІ топ «Беғазы- Дәндібай» тобы Андрондықтардың қонысы, кәсібі мен тұрмысы
ІІІ тапсырма: Ой толғаныс. Сөздер сөйлейді.
І топ
Қола дәуірі –( қола құралдарының өндіріске енген кезеңі)
Соқа- ( егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті жер өңдеу құралы)
Фетишизм- (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
ІІ топ.
Оба- (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
Жеке меншік- (жекелеген отбасылардың байлығы)
Анимизм-( жанға, рухқа сену)
ІІІ топ
Абыздар –( рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет- ғұрыптардың
бұлжымай орындалуын қадағалаушы)
2. Тотемизм- ( шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
3. Магия- (сиқыршылық, тылсым күшке сену)
ІҮ тапсырма: Миға шабуыл. Сәйкестендіру тесті (3 топ)
№
|
Сұрақтар мен тапсырмалар
|
жауаптары
|
1
|
Мыс пен қалайының қосындысынан пайда болған металл қалай аталады?
|
Қола
|
2
|
Жеке меншік қалыптасқан кезең?
|
Қола дәуірі
|
3
|
Андрондықтар құдайлар қайда жүреді деп сенген
|
Аспанда
|
4
|
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындары
|
Обалар
|
5
|
Қола дәуірі қоныстары орналасқан жерлер
|
Өзен,көл жағалары
|
6
|
Қола дәуіріндегі адамдар астықты немен орған
|
Орақ
|
7
|
Андрондықтар түрлі аурулармен бақытсыздықтайтын сақтайтын қасиеті бар деп сенген зат
|
Бойтұмар
|
8
|
Андронов мәдениетінің кезеңінде пайда болған Қостанай жеріндегі елді мекен
Жауабы:
|
Арқайым
|
9
|
Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті
|
Андронов
|
|
|
|
Ү тапсырма: Слайдтағы суреттермен әңгіме, мәтін құрастыру.
3 топқа жеке- жеке сурет интерактивтік тақтада беріледі. Сол бойынша оқушылар бірнеше минут дайындықтан соң мәтін құрастырып, әңгімелеп айтады.
ҮІ тапсырма «Сөзжұмбақтар шешу»
І «Нұра» тобы
|
1.т
|
|
|
2.қ
|
|
о
|
|
ұ
|
3.д
|
|
т
|
д
|
і
|
е
|
4.а
|
н
|
и
|
м
|
и
|
з
|
5.м
|
й
|
|
и
|
|
а
|
|
з
|
г
|
м
|
и
|
|
я
|
1.Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыру.
2.Орасан зор күш иесі.
3.Адамдардың наным-сенімі.
4.Әрбір заттың жаны болатыны туралы сенім.
5.Тылсым күшерді бағындыруға қабілетті әрекеттер жиынтығы.
ІІ «Атасу» тобы
1
2
|
т
|
а
|
м
|
ғ
|
а
|
л
|
ы
|
|
а
|
б
|
ы
|
з
|
|
3
|
М
|
о
|
р
|
г
|
а
|
н
|
|
а
|
р
|
қ
|
а
|
и
|
ы
|
м
|
|
5
|
х
|
а
|
қ
|
а
|
н
|
ұ
|
л
|
ы
|
|
|
|
1.Тасқа шекілген суреттерде күн басты адамдар бейнеленген қола дәуіріндегі жартас
2.Қола дәуірі кезіндегі жоғары дінбасылар
3.Американ тарихшысы «Ежелгі қоғам» еңбегінің авторы
4.Қола дәуірінің ежелгі қаласы
5. Қазақстандағы қола дәуірін жоспарлы зерттеген ғалым
ІІІ «Беғазы-Дәндібай» тобы
1
|
Қ
|
а
|
н
|
ы
|
ш
|
|
|
2
|
Қ
|
о
|
л
|
а
|
|
3.
4
|
з
|
ы
|
р
|
я
|
н
|
о
|
в
|
с
|
к
|
|
|
|
|
а
|
қ
|
ш
|
а
|
т
|
а
|
у
|
|
|
|
|
5.О
|
ш
|
а
|
қ
|
|
6
7
|
с
|
ы
|
р
|
ғ
|
а
|
у
|
ы
|
л
|
т
|
ү
|
й
|
е
|
|
8
|
О
|
б
|
а
|
|
9
|
Т
|
ү
|
г
|
і
|
с
|
к
|
е
|
н
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Жезқазғаннан 1млн т кен өндіргенін зерттеген ғалым
2. Мыс-тас ғасырын ығыстырған дәуір
3. Қола дәуірінің қазіргі металл кеніші
4. Қола дәуірінің қазіргі металл кеніші
5. Жертөленің ортасында орналасқан
6. Жертөленің төбесі жабылды
7. Қола дәуірінде Батыс Қазақстанда қолға үйреткен жануар
8. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындары
9. Сырдарияның төменгі ағысындағы қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын кесене
ҮІІ тапсырма: «Тұлғаны таны » толық мәлімет беру әр топ
І «Нұра» тобы ІІ «Атасу» тобы ІІІ «Беғазы-Дәндібай» тобы
(Интерактивті тақтамен жұмыс)
Оқушылар өздерін өздері бағалайды.