Әңгіменің идеясы қандай? Және өз туған жерлеріңнің табиғаты туралы не білесіңдер?
Егер мен жазушы болсам... Өздерің шығарманы ары қарай аяқтап көріңдер. Байтас қарттың одан арғы өмірі қандай болады?
Оқушылар осы сұрақтарға топ болып жауап береді.
Смайлик
арқылы
2 минут
ІІІ.Жаңа тақырып
Олжас Омарұлы Сүлейменов
Өмірі мен шығармашылығына қатысты қысқаша мәлімет беру.
Автор шығармашылығына қатысты толық мәлімет берілген парақшаларды таратып, өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді үш топқа төмендегідей тапсырма түрінде беріп әңгімелету.
1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
1962—71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфильм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы,Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады.
1971—81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды.
1981—83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1983—91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.
1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.
1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.
1994—95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.
1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.
ІІ топ:Ақындығы мен жыр жинақтарын әңгімелеу
ІІ топ оқушыларының іс-әрекеті (Оқушылар іс-әрекеті)
Ақындығы
«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабінан бері ол жиырма шақты жыр жинағына автор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз .Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.
Жыр жинақтары
«Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж.
«Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967
«Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж.
«Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж.
«Каждый день — утро», Правда, Москва, 1973 ж.
«Повторяя в полдень», Жазушы, Алматы, 1973 ж.
«Круглая звезда», Художественная литература, Москва, 1975 ж.
«Берега. Определение», Жазушы, Алматы, 1976 ж.
«Olzsasz Sulejmen versei» (мажар тілінде), Еуропа кёнивкадо, Будапешт, 1976 ж.
«Тұңғыш космонавт», Жалын, Алматы, 1979 ж.
«Sakalai virs smevlus» (литван тілінде), Бага, Вильнюс, 1980 ж.
«Земля, поклонись человеку!» (түркімен тілінде), Магарыф, 1985 ж.
«Свиток», Молодая гвардия, Москва, 1989 ж.
«Аргамак» (моңғол тілінде), Улань газар, Улаанбаатр, 1990 ж.
Қор қып қойды-ау есекке!
Өлеңді қазақ тіліне аударған Қ.Мырза Әли
Мағынаны ашу
І топ : «Арғымақ» өлеңінің мазмұнын ашу
ІІ топ: «Махамбетке» өлеңінің мазмұнын ашу.
ІІІ топ: «Қыз қуу» өлеңінің мазмұнын ашу.
І топ : «Арғымақ» өлеңінің мазмұнын ашу
Өлеңде көсіліп жатқан дархан далада көсіле шапқан арғымақ және осыған орай лирикалық кейіпкердің (ақынның) көл - көсір қуанышты сезімі астасып тұр. Даланың әсемдігі мен кеңдігіне, арғымақтың ұшқыр арманы, жан - сезімі, дүниетанымы, мақсат - мұраты айқын көрінеді.
ІІ топ: «Махамбетке» өлеңінің мазмұнын ашу
Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы,Жарсуат ауылы Қараой жерінде - ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 -38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.
ІІІ топ: «Қыз қуу» өлеңінің мазмұнын ашу. Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын – сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсаң ол ойын – сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс – тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесіне көңіл бөлуге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке әдемі адамгершілікке баулиды.
«Ыстық орындық» әдісі
Сабаққа ең жақсы қатысқан топтардың ішінен үш оқушыны таңдап алып, соларға сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
Әр топтан бір оқушыдан шығып, ыстық орындыққа отырып , оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.
Жинақтау кезеңі
(жалпы топ)
«Нысана» әдісі арқылы білімдерін жинақтау
Оқушылар Бұл бөлімде нені білетінін, нені білгенін ,алдағы уақытта нені білгісі келетінін жазады.
Үйге тапсырма
Олжас Сүлейменов өмірбаяны мен өлеңдерін жаттау.
Балалар үй тапсырмасын күнделіктерін ашып белгілеп алады