Сабақтың тақырыбы: Органикалық қосылыстардағы көміртек атомы Сілтеме



Дата20.11.2019
өлшемі22,77 Kb.
#52136
түріСабақ
Байланысты:
11-2

Бекітемін:

Мектеп директорының



оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------


Мұғалімнің аты-жөні

Көбекова Манат Жәлелқызы

--------- орта  мектебі

Сыныбы

11

2 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Органикалық қосылыстардағы көміртек атомы

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы , Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2011жыл.

Жалпы мақсаты

Көміртек атомының электрондық құрылысын, химиялық байланыс түзуін еске түсіре отырып, органикалық заттарға ковалентті байланыстың тән болатының білетін болады. Органикалық және бейорганикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың электрондық табиғаты бір екенін түсінеді. Изомерленуді, көміртек атомының негізгі және қозған күйі, гибридтену, гибридтенген орбитальдар, молекуланың кеңістік пішіні жайлы білімі терендетіледі.

Күтілетін нәтиже

Көміртек атомының электрондық құрылысын, негізгі және қозған күйлерін, химиялық байланыс түзуін біледі.Оқушылар тақырыпты игере отырып, сыныпта топпен және жұппен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады

Негізгі идеялар

ІҮ А тобында орналасқан көміртек атомы тізбек те, тор да және кеңістік қаңқалы құрылымдар да түзе алады.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар, кестелер, презентециялар

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

топтық жұмыс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, «интервью» әдісі, «Галлереяға саяхат» әдісі

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу. Көміртек және сутек тобы.

ІІ Топтарға сұрақ қою: «Интервью» әдісі

1)Өте ертедегі адамдар қандай органикалық заттарды пайдаланды?

2) «Органикалық заттар» және «органикалық химия» атаулары қашан пайда болды?

3) Виталистер органикалық заттардың алынуын қалай түсіндірді?

4) Виталистік көзқарастың қателігін қандай ғалымдар эксперименттік жолмен дәлелдеді?

5) Оттынның жануы ( СН4-ті мысалға ала отырып) және фотосинтез реакцияларының мысалдарында органикалық және бейорганикалық заттардың бірлігі мен бір-біріне айналуларын көрсететін реакция теңдеулерін жазындар.

ІІІ кезең Негізгі кезең Жаңа сабақ. «Органикалық қосылыстардағы көміртек атомы»

Оқулықпен жұмыс: «Галлереяға саяхат» әдісі

«Көміртек» тобына : Көміртек атомының электрондық құрылысының ерекшеліктері (10 мин)

«Сутегі» тобына : Гибридтену және гибридтенген орбитальдар жайлы түсінік (10 мин)

ІҮ кезең Қорытынды . Жеке жұмыс



  1. ІҮ А топтағы элементтер: С, Si, Ge, Sn, Pb атомдарының құрылыстары қандай? Электрондық формулаларын жазып, электрондардың орбитальдарда қалай бөлініп орналасатындарын көрсетіңдер.

  2. Пропен мен пропин молекулаларындағы әр көмңртек атомының гибридтену түрлері қандай болатының айтып түсіндіріңдер.

Үйге тапсырма: §2.4 , 43 бет

Бағалау Топтық бағалау Рефлексия

Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар 2 топқа бөлінеді :

Көміртек тобы және сутек тобы.

Оқушылар өтілген тақырып бойынша қосымша сұрақтар қояды . Әрбір сұрақтың дұрыс жауабына бір ұпайдан беріледі.

Оқушылар оқулықпен танысып, топта талдайды, сосын бір оқушы шығып топтың жұмысын қорғайды.

Оқушылар жеке дәптерде орындайды .





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет